Президент • Бүгін, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
Бейбітшілік және келісім сарайында өткен іс-шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Бүгін, 18:54
+40°С. Мамыр айында ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК 2024 жылдың мамыр айына арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 18:00
Тасқыннан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидаларын қайта қарау ұсынылды
Тасқын судан зардап шеккендерден біржолғы көмек бойынша құжаттар қарқынды түрде қабылданып жатыр. Алайда баспанасынан айырылған тұрғындар мемлекет тарапынан қажетті материалдық қолдау болмай қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Бұл мәселені сенатор Әсем Рахметова көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Шаған су қоймасының қақпасына темір қорғандар қойыла бастады
Жайық өзеніндегі су деңгейі 779 см-ге жетті, ал қауіпті деңгей - 850 см. Енді өңірдегі Шаған су қоймасының қақпаларына темір қорғандар орнатыла бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 17:34
Атырауда 89 жастағы кейуана суицид жасады
Атырауда 89 жастағы қарт әжей дәрі-дәрмек жұтып, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • Бүгін, 17:17
Ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек - Мәулен Әшімбаев
Бүгін Сенатта ғылым және білім беруді жетілдіруге арналған заң қаралғаны мәлім. Отырыс барысында Scopus базасына енетін халықаралық ғылыми журналдарға мақала жариялау туралы талап докторлық диссертация қорғауға кедергі келтіретіні жөнінде отандық ғалымдардың пікірі назарға алынды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки сол тұрғыда жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Осыған байланысты Палата Төрағасы отандық ғалымдар үшін шетелдік басылымдарға материал жариялау оңай емес екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол жалпы ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Бүгін, 16:53
Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 16:49
Ақтөбеде спорт мектебінің екі тәрбиеленушісі қамауға алынды
11 сәуірде Есет батыр атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған, кейінірек ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 16:28
Есігі жоқ көлік айдаған Зайсан тұрғыны жауапқа тартылды
Зайсан қаласының тұрғындары көшеде алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлікті айдағаны үшін жазаланды. Олар көшедегі бөтен кісінің видеосына кездейсоқ түсіп қалып, әлеуметтік желіде шу көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 16:15
Air Astana су басқан аймақтарға 75 тонна гуманитарлық жүк тасымалдаған
Елімізде су тасқыны басталғалы бері Air Astana мен FlyArystan зілзала аймағына 75 тонна гуманитарлық жүкті тегін тасымалдады. Мұндай салмақты тасымалдау құны 34 миллион теңгеге пара-пар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 15:45
«Полиция қызметкері» хабарласқанда не айтуға болмайды?
Полиция қызметкерлері Қазақстан азаматтарына өздерін тәртіп сақшысымын деп таныстырған адамдармен сөйлескенде «иә» немесе «жоқ» деген сөздерді қолданбауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 15:30
Дін басқармасы Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға шара қолданды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ.Бишімбаев пен С.Нүкенованың 2022 жылдың 17 қазанында мешітте қиған некесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 15:18
Апатты өңірлердің оқушылары ҰБТ-ға дайындала алмай отыр - сенатор
Тасқын су салдарынан бірқатар өңірдің мектептері оқушыларды қашықтан оқытуға көшкені мәлім. Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында тасқын судан зардап шеккен өңір түлектерінің ҰБТ-ға дайындық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • Бүгін, 15:00
ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр
«Киелі мекен» апталығы аясында ШҚО-дағы мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар мен тұрғындар тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруда, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • Бүгін, 14:42
Париж олимпиадасына аттанатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен отырыста Туризм және спорт министрлігінің өкілі ел спортшыларының Париж олимпиадасына киетін киім үлгісін таныстырды, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • Бүгін, 14:22
БҚО-да тасқыннан зардап шеккендер жәрдемақы алып жатыр
Батыс Қазақстан облысы көктемгі су тасқынына байланысты күрделі де қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында қауіпті деңгейге жақындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 14:08
Президент Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха (Якутия) Республикасының сан қырлы байланыстары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • Бүгін, 13:35
Кәсіпкер әйелдерге арналған жаңа бағдарламаға 10 млрд теңге бөлінеді
Қазақстанда өз кәсібін дөңгелетіп отырған әйелдер қауымы артып келеді. Олар отбасы мен бизнесті қатар алып жүруге шамалары жететінін қоғам алдында дәлелдеп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • Бүгін, 13:13
Сенаторлар ғылым және білім беру туралы заңды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қаралып, мақұлданды. Жаңа нормалар ғалымдардың әлеуметтік кепілдіктерін жақсартуға және ғылымда қаржы ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • Бүгін, 12:52
Су тасқыны келтірген шығынды оңай есептейтін сервис әзірленді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov mobile мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды оңай есептейтін жаңа сервис әзірледі. Өтемақы бойынша өтініштерді қабылдауға арналған сервис 17 сәуір күні іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 12:46
Биыл 8 мамыр демалыс күні болып белгіленді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 17 сәуірдегі «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Жануарлар • Бүгін, 12:17
Төртаяқты көмекші Жайықта бөгет салу жұмыстарына қатысып жүр
Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға белсенді жәрдемдесіп жүрген ит әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 12:06
Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамыр айындағы мереке күндері бойынша демалыс күнін ауыстыру жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 11:58
Адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
10 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Астанада ұсталды. Ол адам саудасымен айналысқаны үшін айыпталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:44
Су тасқыны салдарынан көз жұмғандар саны нақтыланды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ел өңірлерінде болып жатқан су тасқыны салдарынан қаза тапқан адамдардың санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Қызыл сумен күрес: қазіргі ахуал қандай?
Төтенше жағдайлар министрлігі әр сағаттың басында су тасқынына байланысты жағдайды баяндау үрдісін жалғастырып жатыр. ОКҚ алаңында өткен брифингте ведомствоға қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш қазіргі жағдай туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • Бүгін, 11:05
Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері ауысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілерін тағайындады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • Бүгін, 11:00
«Ақтау-Құрық» тас жолында жол апаты болды
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі кеше, 17 сәуірде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • Бүгін, 10:57
Бастауыш сынып мұғалімі балаларды ине мен шеге сұғып тәрбиелеген
Ташкентте мектеп мұғалімі бірінші сынып оқушыларының қолдарын инемен шаншыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 10:44
30 млн теңге. Бала еміне жиналған ақшаны қалтасына басқан қор анықталды
Ақтөбе облысының полицейлері бала еміне қаржы жинап, оны қалтасына басты деген күдікке ілінген «More life» қорының басшыларын ұстады, деп жазады Egemen.kz.