# Спорт

Спорт • Бүгін, 16:35

Тарихи жеңіс: Қазақстан садақшылары алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Тарихи жеңіс туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • Кеше

Париж Олимпиадасы: қоржынға 47-ші жолдама түсті

Қатар елінің астанасы Дохада стенд атудан өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде сынға түскен Мария Дмитриенко дүбірлі доданың жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • Кеше

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының үздік үштігін түйіндеді

Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның қыз-жігіттері Түрікменстанды 4:2 есебімен жеңіп, қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • Кеше

Қазақ боксшысы үш дүркін Азия чемпионын жеңді

Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен бокстан Дүйсенқұл Шопоковты еске алуға арналған халықаралық турнирде Қазақстан спортшысы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • Кеше

Асу Алмабаевтың UFC-дегі кезекті қарсыласы анықталды

Отандасымыз Асу Алмабаевтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі Қазақстан уақытымен 15 маусымнан 16-сына қараған түні өтеді. Бұл туралы Tapology.com сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 22 Сәуір, 2024

Азия чемпионаты аяқталды

Өткен аптада Шымкент қаласында жалауын көтерген жамбы атудан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарысқа сары құрлықтың 14 мемлекетінен келген 60-қа жуық мерген «Мажар», «Азия», «Түрік» стильдері, халқымыз­дың дәстүрлі жауынгерлік өнері жамбы ату бойынша сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады.

Спорт • 22 Сәуір, 2024

Түркиядағы әлем кубогінде Қазақстан командасы чемпион атанды

Қазіргі бессайыстан ел спортшылары Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 21 Сәуір, 2024

Париж Олимпиадасы: жолдама алды

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия лицензиялық турнирінде грек-рим күресінен қазақтың екі балуаны Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Яғни қоржынға 45,46-ыншы жолдамалар түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 21 Сәуір, 2024

Париж Олимпиадасы: 44-інші жолдама балуанға бұйырды

Грек-рим күресінен Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте өтіп жатқан Азия лицензиялық турнирінде Қазақстан қоржынына кезекті лицензия түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар
Фото