# Жастар

Жастар • 12 Сәуір, 2024

Жүйелілікті талап ететін саясат

Астанада «Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасы талқыланды. «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының бұл жобасында демография, денсаулық, білім, қоғамдық-саяси ахуал және әлеуметтік-экономикалық ортаның маңызды мәселелері көтерілген. Жиында «Адал азамат» тұжырымындағы жастардың құндылығы да сөз болды.

Жастар • 05 Сәуір, 2024

Еңбекшіл елден бақ кетпейді

Ұлттық бюро дерегінше, елімізде санда бар, бірақ сапасы беймәлім NEET санатындағы жастардың саны 375 мыңнан асып жығылады. Дабыл қағып, қанша байбалам салсақ та, қайратты азаматтардың бас көтеріп жатқаны шамалы.

Еңбек • 02 Сәуір, 2024

Еңбек және ел тұтастығы

Жақында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында адал еңбек жөнінде маңызды дүниелер айтылды. Байқасақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адал еңбек, адал азамат идеясын алдыңғы құрылтайда, Жолдауда бірнеше рет қаузады. Кешегі Әділетті Қазақстан идеясынан да заң, тәртіп үстемдік құрған әділетті қоғам қалыптастыру ұстанымын байқаймыз. Осының ізімен барлық салада әділ бәсекелестік орнаса, нағыз білікті, тәжірибесі толысқан мамандар төрге шықса, еншісі келер ұрпаққа тиеді.

Жастар • 27 Наурыз, 2024

Тазалық – әр мекеннің өлшемі

Наурызнаманың Жаңару күнінде елордалық жас­тар шаһардағы аулаларды қардан тазартты. «Астана жастары» жастар ресурстық орта­лығының волонтерлері бастамасымен ұйым­дас­тырылған науқанға өзге де ұйымдар қосылды.

Бизнес • 14 Наурыз, 2024

Жастардың алты мыңға жуық бизнес жобасына жеңілдетілген микрокредит берілді

2023 жылы бөлінген қаражат есебінен жастарға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 5 658 микрокредит берілді. «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ға қазақстандықтардан жеңілдетілген микрокредиттер алуға барлығы 7,7 мың өтінім түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жастар • 08 Наурыз, 2024

Сочидегі жастар фестивалі

Қазақ жастары дүниежүзілік фестивальге қатысты. Ресейдің Сириус федералды аумағындағы ауқымды іс-шараға елімізден 300-ге тарта азамат барды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған белсенділер бір аптаға жуық уақытта ғылым саласындағы мамандар, саясаткерлер, кино және театр жұлдыздарымен кездесті.

Сұхбат • 08 Наурыз, 2024

«Мақсатым – ұшу шеберлігін шыңдау»

Өжеттігі, алғырлығымен аса жауапты әрі қиын істерді меңгерген қайсар қыздардың бірі – көк жүзінде ұшақты шебер қалқытып, штурвалда еркін оты­ра­тын Аяжан Байдүйсенова. Ол – Азаматтық авиация саласындағы санаулы жас ұшқыштардың бірі. Бүгінде 22 жастағы бойжеткен отандық әуе компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Мерекеге орай қанатты арумен арнайы жүздесіп, сұхбат құрған едік.

Жастар • 08 Наурыз, 2024

«Бата алсам, бақытқа бөленемін»

Жиырма екі жастағы бойжеткен Вера Плетнева мақал-мәтелдеп сөйлегенде сөздің майын тамызады. Еңбекшіқазақ ауданының Ақжал ауылында дүниеге келген орыс қызы Құрөзек орталау мектебіне 1-сыныпқа барып, алғашқы әліппені қазақ тілінде таниды. Алғыр қыз алдына айқын мақсат қойып, мектептен соң Қонаев қаласындағы Қапшағай көпсалалық колледжінің «модельер дизайнер» мамандығына оқуға түседі.

Жастар • 05 Наурыз, 2024

Жастардың қаржылық сауаты қай деңгейде?

Қарызды несиемен жабу, азық-түлікті пайызсыз бөліп төлеумен сатып алу қалыпты жағдайға айналғалы қашан. Мұны қымбат­шы­лық қысқан замандағы күнкөріс қамы деп ақтауға болатын шығар. Бірақ жұртқа еріп, кредитке кіріп, соңғы үлгідегі смартфон мен киім-кешекке дейін несие ресімдейтін жастар туралы не айтуға болады? Науқандық «жеңілдікке», әсіресе қалтасында көк тиыны болмаса да, көрпеге қарап көсілуді білмейтін жас­тар үйір. Салдарымен емес, себеппен күресу үшін жастардың бойында қаржылық сауатты қайтсек қалыптастыра аламыз?

Соңғы жаңалықтар
Фото