Қазақстан • 14 Ақпан, 2018

«Егемендіктер» марапатталды

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газетінде ұзақ жылдар жемісті қызмет етіп, бас басылымның дамуына еселі үлес қосқан ардагер қызметкерлердің еңбегі халықаралық ұйымның, сондай-ақ Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің марапаттарымен атап өтілді. 

«Егемендіктер» марапатталды

Суреттерді түсірген Ерлан Омар, "Егемен Қазақстан"

Редакцияда өткен салтанатты жиында газет басшысы Дархан Қыдырәлі «Егеменнің» жауапты хатшысы Самат Мұсаға ТМД елдері Парламентаралық ассамблеясының «Баспасөз  және ақпарат саласын дамытуға қосқан еңбегі үшін» төсбелгісін, бас редактордың орынбасары Сейфолла Шайынғазыға Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін, ал аға корректор Нұршакүл Әшімбаеваға министрліктің «Құрмет» грамотасын табыс етті. Зейнет жасына жеткен С.Шайынғазыға, құрметті демалысқа шыққан Н.Әшімбаеваға ұжымның және кәсіподақтың атынан тарту-таралғы жасалып, әріптестері ақ тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ осы күні «Егемен» ұжымы Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келген Ержан Байтілеске тілектестігін білдіріп, редакцияның «Құрмет» грамотасымен марапаттады.