Аймақтар • 26 Сәуір, 2024

Жайық өзенінің деңгейі 7 метрден асты

1085 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын көтеріліп келеді. Бүгін Махамбет ауданында 7 метр 28 сантиметрге жетті.

Жайық өзенінің деңгейі 7 метрден асты

Фото: aikyn.kz

Атырау облысының жедел штабы «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының гидрологиялық мониторинг  дерегін жария етті. Сол дерекке сүйенсек, өзен деңгейі Батыс Қазақстан облысының аумағынан келетін су есебінен өзгереді. 

Мәселен, бүгін, 26 сәуірде сағат 08:00-де Индербор кентіндегі гидробекетте Жайық өзеніндегі су деңгейі +9 сантиметрге көтеріліп, 613 см құраған. Индер ауданында су тасқыны басталғалы бері өзен деңгейі 390 сантиметрге көтерілгені анықталған.

Ал Махамбет ауылындағы бекетте су деңгейі 728 сантиметрге жетіп отыр. Мұнда су бір тәулікте +7 см көтерілген. Жалпы көтерілу деңгейі – 411 сантиметр. 

Жайық өзенінің деңгейінің көтерілгені Атырау қаласындағы гидробекетте де байқалады. Бұл бекетте су айдыны +3 сантиметрге көтеріліп, 428 сантиметрді құрады. Шаһар аумағында су тасқыны басталған кезден бергі көтерілу көрсеткіші 237 сантиметрге жеткен. 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024