Қазақ поэзиясының ұлттық мақтанышы

«Абайдан кейін тіл өне­гесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ...
Абай ақылдың ақыны болса, Мағжан – сезімнің ақыны». Бұл сөздерді өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Мағ­жанды ұлтшыл ақын ре­тінде қудалау барынша күшейіп тұрған кезде Сәбит Мұқановтың өзі жазған екен. Демек, ресми билік Мағжанды сая­си тұрғыдан қаншама қаралап баққанымен де оның ақындық қуаты қарсыластарын да мойын­дауға мәжбүр еткенін кө­реміз.

Егемен Қазақстан
05.04.2018 2132
2

Жиырмасыншы ғасырдың жиыр­масыншы жылдарының орта шенінде басталған Мағ­жанды идеологиялық жағынан талқандау науқаны ол өле-өл­генше бір сәтке де тоқтаған жоқ.­ Өйткені Мағжанның тағ­ды­ры бүкіл ұлттық әдебиеттің де тағдыры болатын. Бір жағы ақын­­ның тілім-ділім, елім-жерім, ана­шым-алашым деп, аңыраған аза­маттық бағыты кеудесінде ұлттық намысы бар азаматтарды азаттыққа үндегені, екінші жа­ғынан, қазақ әдебиетінің, отарлық езгідегі қазақ жұртының болашақ тағдыры қыл үстінде тұрғаны қа­­зақ зиялыларының көпшілігін ой­лантып, алашшыл бағытқа іш бұрды. Бірақ та биліктің аты – билік. Билік бар мүмкіндігін пайдаланып, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық идеяларды күшпен тал­қандауға бет бұрды. Кеңес өкі­меті қанша қудалағанымен де Мағ­­жан ақынның жүрегінен өлең болып құйылған ұлт-азат­тық идея­ларды өшіре алмады.­ Керісінше, М. Жұмабаевты қуда­лаған сайын оның ақындық, аза­маттық болмысы биіктей түсті.

Мағжанның өзі де, өлеңдері де қудаланып, тағдыры талқыла­нып, қыл үстінде тұрған кездің өзін­де де ақынның ұлылығын ашық айтқан пікірлер тоқтамады. Солар­дың бірі алашшыл Жүсіп­бек Аймауытов ақын өлеңдерін ал­ғаш рет жан-жақты талдап, оның өлеңдерінде өмірдің ащы шындығы қазақтың қасиетті қа­­­­ра сөзінің құдіретімен өнер бо­­лып өріліп, отаршылдықтың сал­­д­арынан өмірі өксіген қалың оқыр­манның жүрегінен орын алып жатқан себептерін ашып бер­ді. Мағжан поэзиясы несімен мықты, бізге несімен қымбат деген сауалдар төңірегінде ой өрбітті.

«Мағжан – алдымен, сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұм­сақ, жүрекке жылы» тиетін үл­біреген нәзік әуез қазақтың бұ­рынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас­пен қаны аралас шыққан тәтті сөз­дері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады».

Ж.Аймауытов Мағжан поэ­­зия­сының қазақтың шынайы өмі­рінің өзінен өрілген нағыз ха­лықтық өнер туындысы екен­дігін дөп басып айта білген. Қазақстанның саяси өмірінде тап­­тық күрестің барынша күшейе бас­­таған 1927 жылы жазылған Жүсіпбектің бұл «Мағжанның ақындығы» атты көлемді сын мақаласы ақын поэзиясының ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерін, нәзік қырларын ақындық-сыншылық көзбен көре біліп, қалың қазаққа алғаш рет жан-жақты жарқырата та­ныстырған тарихи еңбек болды.

Мағжан поэзиясы бізге не­сі­мен танымал деген мәселеге сол кезде өзі де қуғын көріп жүр­гендігіне қарамастан қазақтың тағы бір алашшыл ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов те қалам тербетті.

«Әдебиет әдебиет үшін деген таңба айқын болмай, нәр­лі әдебиет болуға жол жоқ. Сон­дықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келе­шекке бой ұрып, артқы күн­ге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқа­лардың бәріміздікі күмәнді, өте се­німсіз деп білемін».

М.Жұмабаевтың өлеңдері ал­ғаш рет кітап болып 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» деген атпен басылып шықты. Қа­з­ақстанда тұңғыш рет 1922 жылы Қызылордада жарық көр­ді. Сол кездегі Түркістан өл­кесі басшыларының бірі бол­ған Сұлтанбек Қожанов осы басылымның таралымы аз болғандығын ескере отырып, 1923 жылы Ташкент қаласында қай­та бастырды. Сұлтанбектің кітапқа жазған алғысөзінде мы­на­дай жолдар бар:

«М.Жұмабайұлының өлең­де­рі қазақ әдебиетінде үлкен орын алған деп санап, басып отыр­мыз.

...Әдебиеті жаңа аяқтанып, әде­биет тілі енді жасалып келе жатқан жұртта Мағжандай ақын­дардың қызметі зор екені анық».

Иә, бұл пікірден ақын поэзиясын тереңірек түсіне алады дейтін ақын-жазушылар ғана емес, сол кез­дегі билік басында жүрген ұлт­жанды кейбір азаматтардың да сөз құдіреті алдында бас иіп,­ мойындағанын көреміз. Мем­­лекеттік билікте жүргеніне қа­рамастан, Сұлтанбек сияқты аб­зал азаматтардың қолынан кел­генінше, мүмкіндігінше ұлтына адал қызмет еткенін көреміз.

Отызыншы жылдары «мен қазақпын» дей алатын ұлттық элита түгелдей дерлік қуғындалып, мұның аяғы отыз жетінің ойранына ұласты; солардың қатарында М.Жұмабаев та 1937 жылы ақ­пан айының 19-ы күні «халық жауы» ретінде атылды.

Бірақ ақын өлгенімен де оның өршіл рухы, өміршең өлеңдері өлмеді; басқаша айтқанда, өлтіре ал­мады. Қалың қазақ ұлы ақынын бір сәтке де ұмытқан жоқ.

Мағжанды азамат ретінде де, ақын ретінде де ақтау мақса­ты­мен талай-талай жұмыстар ат­қарылды. Солардың бірі Мағ­жанды кезінде көрген, бірге жүр­ген, оны адам ретінде де, ақын ретінде де жақсы білген туыс­қан татар халқының атақты ақыны Сәйфи Құдаш Мәскеуге ақынды ақтау жөнінде арыз жазды. Кейіннен осы хат қазақ тіліне аударылып, басылды. Қалың оқырман Мағжан туралы толығырақ мағлұматты осы мақаладан оқыды.

1922 жылы Мәскеудің Күн­шығыс еңбекшілерінің ком­мунистік университетіне оқуға түскен Б.Кенжебаев Мағжанның осын­­да бір жыл сабақ беріп, дәріс алғанын жазады. Топтың старос­тасы болған Бейсекең ұстазымен жақынырақ араласқанын ес­ке түсіреді. Мәскеуде әде­биет үйір­месінде ақынның Таш­­кент­те 1923 жылы жарық көр­­ген өлеңдер жинағының қа­лай тал­қыланғанын, Ө. Тұрманжа­новтың баяндама жасап, Н.Төреқұлов, Ғ.Мұратбаев, Ғ.Тоғжанов, С.Са­пар­баев, Ж.Сәрсенбин, т.б. шы­­­­­ғып сөйлеп, соңында «Бур­жуазияшыл-ұлтшыл, бізге мүл­де жат» деген қорытынды шы­ғарғанын жазады. Профессор Б.Кенжебаев ақынды былайша сы­паттайды:

«Мағжан ғалым, тәжірибелі, шебер оқытушы, асқан методист-педагог еді. Педагогика жайында, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту жайында жарияланған кітабы, мақалалары болушы еді. Осыдан болу керек, ол бізге қа­зақ тілі мен қазақ әдебиетін тамаша оқытты; сабақ лекциялық, прак­тикалық әдістерді ретімен қатар қолданар еді».

Қазақтың белгілі ақы­ны Мұ­зафар Әлімбаев М.Жұмабаев­ты «Мағжан өлеңдерін оқи жө­нел­генде, ақын өзіңді қайда ж­е­телерін, қай жағалаудан шы­­­ғарарын күні бұрын сезе ал­майсың, әйтеуір тегеурінді бір ағын­ға түскеніңді білесің, әйтеуір ай­дынды мұхитқа шыққаныңды се­зесің», деп еске алыпты.

Ұлы Абай:

«Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек», –

деп жырлайды. Түсінген адамға осында адам өмірінің фи­лософиясы жатыр. Мағжандар отар­шылдық жүйенің заманына үйлесе алмады, сондықтан да билік бұларды қабылдамай, қауіп­теніп, құтылуға асықты. Бас амандығын ойлап, кейбіреулер әрекеттер жасауға дейін барды. Жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы жеке адамға табынушылық барысында «қа­зақ ұлтшылдығына» қар­сы күресте ұлттық зиялы қауым өкіл­дері де бой көрсетті. Солар­дың бірі сол кездегі «комсомол ақыны» Ә.Тәжібаев та Мағ­жан­ды әшкерелеу науқанына қатыс­қан болатын. Заман өзге­ріп, Мағжандар ақталған соң, идеология майданында «саяси қырағылық» танытқандар «азаматтыққа жат» қылықтары үшін халқынан кешірім сұрап, өкінетіндіктерін білдірді. Әбділ­да ақын да кезінде осылай жа­сау­ға мәжбүр болғанын айтып, Мағжан рухы алдында бас иді.­ 1988 жылы М.Жұмабаев ақ­талып, 1989 жылы бір томдық шы­ғармалары шыққанда оған алғы­сөз жазып, қалың оқырманға та­ныстырды:

М.Жұмабаев 1988 жылы Қа­зақ­стан компартиясы Орталық ко­митетінің қаулысымен азамат­ ретінде де, ақын ретінде де ақ­талып, туған халқына қай­та орал­­ды. Нағыз ұлттық поэзияға шөл­­деп қалған қазақ халқы Мағ­жандай ұлы ақынымен қай­та табысты. Ақын өлеңдері қай­та-қайта басылып, қалың оқыр­манның жүрегіне жыр болып, нұр болып тарап жатты.

Әдебиет сыншылары мен зерт­­теушілерінің еңбектерінде Мағ­жан поэзиясының өмір­шең­дік, көркемдік қыр-сыр­ла­рына үңіліп, ақынның азаматтық, шы­ғармашылық болмысы ашыла түсті.

Тәуелсіз Қазақстанда Мағжан туралы зерттеулер әдебиеттану ғылымында тұтас бір салаға айналып, мағжантану ілімі пайда болды. М.Жұмабаев туралы диссертациялар қорғалып, том-том зерттеу еңбектері жазылды.

М.Жұмабаев қазақ поэзиясы­ның ғана емес, түркілік деңгейге көтерілген, одан қалды әлемдік әдебиеттің көгінде жарқыраған жарық жұлдыздардың біріне айналды. Ақынның түркілік бір­лік туралы айтқан пікірлері күні бүгінге дейін өзінің маңы­зын жойған жоқ. Керісінше, жа­һандану дәуірінде түркі әле­мінің болашағына кепілдік бе­ретін бірден-бір жол ретінде күн тәртібіне өткір қойылуда. Осы бір ұлт болашағы үшін аса маңызды мәселені өткен ға­сыр­дың басында-ақ сезініп, түр­кі халықтарын достыққа, ын­тымақтастыққа шақыруы Мағ­жанды ұлы ойшыл, гуманис­тердің қатарына қосады.

Биыл ұлы ақынның туға­нына – 125, қайтыс болғанына 80 жыл толғалы отыр. Осы бір ай­тулы датаға орай, 2018 жыл түр­кі әлемінде Мағжан жылы деп жарияланды. Бұл дегеніміз – М.Жұмабаевты азамат ре­тінде де, ақын ретінде қазақ хал­қы ғана емес, күллі түркі ха­лықтары танып, мақтан тұтып отыр деген сөз. Қазақстанды әлем­ге таныта түсетін осы бір оқи­ғаны халықаралық деңгейде ойдағыдай өткізу елдігімізге сын болайын деп тұр. Бұл салада ең алдымен атқарылар іс елімізде атқарылып жатқан рухани жаңғыру бағдарламасы ая­сында ақынның өміршең шы­ғармаларын, ұлы идеяларын ха­лық арасына кеңінен насихаттай түсу мақсатымен кітаптарын, ол туралы жазылған зерттеулер мен естелік, эссе мақалаларды көп­теп бастырып шығару сон­дай-ақ басқа халықтардың тіл­деріне, оның ішінде туысқан түр­кі халықтарының, сондай-ақ әлем­дік қарым-қатынас тілдеріне ауда­рып шығаруды тездетіп қол­ға алған жөн.

Мағжанға қатысты түрлі шаралар ақынның туған жерінде ғана емес, Қазақстанның бар­лық жерінде ұлттық руханият­ тойы ретінде аталып өтуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, М.Жұ­мабаевтың 125 жылдығы қазақ халқының ғана емес, туысқан халықтардың ортақ тойы ретінде бар салтанатымен жо­­ғары халықаралық деңгейде өтуі керек.

Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ,

филология ғылымдарының докторы, профессор

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу