Қазақстан • 26 Сәуір, 2024

Павлодарлық оқушы Халықаралық Менделеев олимпиадасының жеңімпазы атанды

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Менделеев олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

2024 жылғы 21-26 сәуір аралығында Шаньчжэнь қаласында (Қытай) химия бойынша 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті.

Халықаралық сайысқа әлемнің 29 елінен келген оқушылар қатысқан. Қазақстанның олимпиадалық құрамасына 10-12 сыныптардың тоғыз оқушысы – химия пәнінен 2023-2024 оқу жылының республикалық олимпиадасының жеңімпаздары кірді.

147

Павлодар облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі» КММ 11 сынып оқушысы Илюсизов Ринат олимпиада қорытындысы бойынша Алтын медальмен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024