Қазақтың тойы немесе Абайдың көмегі

Құдайдың қазынасына баланатын қазақ­тың тойы дүрілдеп-ақ тұр. Бизнестің басы десе боларлық. Тойхана ғимаратын салу бә­секеге айналды. Алтынмен аптап, кү­міспен күптеген сарайлар бірінен-бірі асып түседі. Ондай жерде той жасаудың өзі де мақтаныш. Мақтанышпен жасаған ке­ремет тойлардағы марапат сөздер – қы­зыл тілде буын жоқ деген осы екен ғой дегізбей қоймайды. Тойға келген 20-30 үл­кен-кішіні тізіп қойып сөйлеткен кездегі сөздер – ағыл-тегіл, бәсекенің бәсін қыздырады. 

Егемен Қазақстан
07.08.2018 237
2

Қолынан келгендер Қазақ елінен асып, шетте той өткізіп, шақырылған игі жақсылар шабылып барып, ағылып келіп жатады. Он­дай­ды естігенде екі ауылдың арасына жете алмай жүрген елдегі жұрт еске түсіп, өзгеге қал­дырған қыруар қаржы, әттең-ай, соларға бұйырса, қиналған жаны сыйланар еді дейсің кейде.

Әрине қаржысы бар қайдан құлақ шы­ғар­са да ерік өзінде. Дегенмен сол қаржы бабалардан қалған атамекеннің асты-үстін­дегі қазынаның қайырымы екені анық. «Қа­зақ­стан – қазыналы ел, жер астындағы бай­лық – бір біздің ғана емес, бүкіл келер ұрпақтардың несібесі» деп Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев айтқандай, тәңірім ұлтымыздың ниетіне, алалығы жоқ адал тілеуі­не қарай қазынаны да үйіп-төгіп берген. Тек бағасын біліп, ұлттың бағын ашсақ, ұрпақты бардан тарықтырмай, алаңсыз күн кешуіне мүмкіндік берсек болғаны.

Әңгіменің өзегі қазақтың тойы туралы еді. Иә, атам қазақ тойдың үлкенін сүндет той деген. Бұл ата-ана үшін қасиетті міндет, қастерлі ұғым, мұсылмандықтың белгісі. Бұрынғылар бұдан кейінгі үлкен той деп – ұл­дың үйлену тойын атаған. Қонағым деп төрге отырғызған қыз ұзату тойын да ерекше бағалаған. Бұдан өзге ұлан-асыр болмаса­ да ағайын-туыс, құда-жегжат атап өтетін қуаныштар да болған.

Қазір той түрленді. Нәресте өмірге кел­геннен бастап, той басталады. Әрине жағ­дайы келіп жатса, жар салып той жасай бергенге не жетсін. Туған күн дейсіз бе – көп қой. Бұрын 50-60 – осындай белесті жылдар ата­латын болса, бұл күндері 1 жастан бастап, 20-30-40 – бәрін атап өту үрдіске айналып барады. Бұл кейде бардың малын шашса, одан қалмаймын деп тыраштанған кедейді қарызға кіргізіп кетіп жатады. Дара көрінем, өзгеден асып түсем деп жалған бәсекеге бой алдырып, дарақылыққа ұрынып, бастауы әдемі болғанмен соңы бас шайқаумен бітетін тойлар да аз емес.

Бір ойымыз айтады, ондай астамшылық бардың қадірін білмеу, не бас ауырып, балтыр сыздап, маңдай терді тамшылатпай оңай жолмен кенеле салған қаржының буы емес пе екен?

 Бүгінгі той мен тойхана дәуірі қаншаға баратынын қайдам, қалтасы қалыңға салмақ сала қоймағанмен, сүйенері банк, соған ғана тәуелді қалтасы жұқаны қарызға батырып, әлсірете беруі мүмкін.

Бір тойда «тойып алған» той иесі «Бүгінгі қызық қызық-ау, ертеңгі банк қысқандағы шыжғырылған шыжық тірліктен қалай құтылам!» дегені естен кетпейді.

Бір азаматтың айтқан әңгімесі осы арада тағы ойға орала береді. Ұл мен қызының жақсылығын банкінің несиесімен өткеріп, шырқы кірмей шыр-пыр болып жүргенде кенже ұлы қыңқылдапты. «Біткен жерім осы болар» деп төбе шашы тік тұрыпты. Елдің «маторы» ұстап қалады, менің «маторым» неткен мықты еді» депті.

Артынан өзге балалардан бұл кем бе, қай банкінің пайызы төмен екен деп жүр­ген­де ұлы: «Той жасамаймыз. Бір күнгі жақ­сылыққа сізді өмір бойы құтылмайтын мойны­ңызға қарыз қамытын кигізбеймін» дейді.

Әкесі намысқа қамшы басып несие алатынын, құданың алдында төменшіктеп отырмайтынын айтыпты. Бала райынан қайтпайды. Құдаға барса, той жасау керек­тігін айтады. Бірақ ұл мен қыз той жасамайтын болып бекіп алған. Әкесі ұятты алға тартқанда, елге де, желге де шашпай, банкке телмірмей, барымен базар жасайтындарын айтады.

«Бұл шешімді қайдан таптың?» деген әкесіне баласы «Абай көмектесті» дейді. «Абай көмектессе неге ел көргендей етіп той жасамаймыз», деп әкесі Абай деген дәулетті танысын ойға алады.

Баласы: «Сіздің Абай емес, қазақтың ақын Абайы» дейді. «Қалай көмектеседі?».

Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін­де­гі сабақ болар тағылымдарды тарата айтып «Жиырма үшінші сөзіндегі»: «Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар... жұбанышы: жалғыз біз бе, елдің бәрі де сөйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той,­ көппен бірге болсақ болады-дағы деген сөз­ді жұбаныш қылады. Оған құдай тағала ай­­тып па, көптен қалмасаң болады деп» деген тәм­сілін алға тартып, «Мен осыған ден қой­дым. Қатарға қосылсам көппен жүре­тін күн алда, әке, бұрынғы қарыздан құтылайық» депті.

Әлгі азамат «Бұл қиял емес, ақиқат, балаға басқа емес, бас берсе тұйықтан шыға­ды екенсің. Өз басым Абайды оқымай азып жүрген секілдімін» деп еді.

Қазақтың тойы тарқамасын дейік. Бірақ тойдың да тойы бар, әлді мен әлсіз бәсе­келесемін деп таңы айрылмау үшін, жаңа заман жастары ұлттың озық салтын ғана ту етіп көтерсе екен. Сонда жарысқа түскен көптеген жұрт тойы – саналылар бас болған салиқалы ұлт тойына айналары хақ.

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.12.2018

Маңғыстау облысының әкімдігі Халықаралық жасыл технологиялар орталығымен меморандумға қол қойды

11.12.2018

Алматы облысында «Маревен Фуд» зауыты іске қосылды

11.12.2018

Жерлесіміз УЕФА Атқару комитеті мүшелігіне ұсынылды

11.12.2018

Ақтөбе облысының жастары сарапшылармен бірге Президент мақаласын талқылады

11.12.2018

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі 100  жылдығын атап өтті

11.12.2018

Қазақстандық автоөнеркәсіп саласына ірі инвестор келді

11.12.2018

Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.12.2018

Қ.Тоқаев Чехия және Жапония елшілеріне алғыс білдірді

11.12.2018

Қазақстанда ойнайтын үш футболшы Арменияның үздігі атануға үмітті

11.12.2018

Аян Бейсенбаев «Жыл спортшысы» атанды

11.12.2018

Теміртас Жүсіпов: Жылдың үздік боксшысы атағын аламын деп ойламадым

11.12.2018

Елбасы қазақстандық өнім шығаратын үш кәсіпорынды іске қосты

11.12.2018

Ж.Қасымбек әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады

11.12.2018

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 2,9%-ға артты - А.Евниев

11.12.2018

Биылғы мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды

11.12.2018

Үкіметте жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау барысы қаралды

11.12.2018

Н.Нығматулин Чехияның Қазақстандағы Елшісі Э.Жигованы қабылдады

11.12.2018

ЖІӨ тұрақты өсімі үш ай бойы 4,1% деңгейінде сақталып отыр - ҰЭМ

11.12.2018

Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

11.12.2018

Таразда сатушысы жоқ дүкен ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Аxмет (09.08.2018 13:16:49)

Назарбайды қоспаса іші кебеді осылардың

Пікір қосу