Футбол • 26 Қазан, 2018

Ұлттық құрама ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол қауымдас­тықтары федерациясы (ФИФА) қа­зан айындағы ұлттық құрама­лардың рейтингін жаңартты. Жариялаған рейтингіне сәйкес Қазақстан ұлт­тық құрамасы өткен аймен салыс­тырғанда бір сатыға көтерілді.     

Ұлттық құрама ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады

Қазан айының қорытындысы бойын­ша Қазақстан құрамасы 117 орынға жайғасты. Ұлттық құрама қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізді. Сырт алаңда Латвия құрамасымен 1:1 есебімен тең түссе, елордада өткен кездесуде Ан­дорра футболшыларын 4:0 есебімен жең­ген-ді. 

Станимир Стоилов командасы келесі ойынын 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында Латвиямен өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады. 19 қараша күні біздің футболшылар сырт алаңда Грузиямен ойнайды.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ, 

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45