Қоғам • 25 Сәуір, 2024

Оғыз-қыпшақтың ортақ мұрасы

101 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық музейде «Қазақ даласындағы оғыз тарихи мұрасы» атты фотокөрменің тұсаукесері өтті. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігі, Бозоқ мем­ле­кеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Қызылорда облысы әкімдігі мен тарихи-өлкетану музейі және Астанадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының басшысы Алмагүл Исина ыжда­ғатымен ұйымдастырылды.

Оғыз-қыпшақтың ортақ мұрасы

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Мәдени мәжілістің алғашқы құт­тықтау сөзін Ұлттық музей директорының ғылыми жұ­мыс­тар жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева жеткізді. Соны­мен қатар аталып отырған іс-шараның саяси және мәдени маңыз­дылығына тоқталып, түркі құнды­лықтарының атамекенде, яғни қазақ даласында тоғысып, түген­делуі тарихи әділеттілік екенін атап өтті.

Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұс­тафа Капуджу тарихы ортақ екі халықтың келешегі де бір бола­рына сенімін білдірді. «Түркі халық­тары алып бәйтеректің бұтақ­тары іспетті. Бәріміз бір тамыр­дан нәр алып жатырмыз. Сол себепті қос мемлекеттің рухани байланысына үнемі күш са­лып, ортақ құндылықтарды зерт­­теп, зерделеу – біз үшін үл­кен қуаныш. Осы орайда түрік кө­семі Мұстафа Ататүріктің мына на­қылы ойға оралады: «түрік баласы өзінің ата-бабасын танып-бі­л­ген сайын, жаңа істерді қолға алуға күш қуат, құдірет табады». Сон­дықтан өткенге өкше тіреп, бола­шаққа бағдар жасау бауырлас мемлекеттердің бас­ты парызы деп есептейміз», деді М.Капуджу.

жж

Парламент Сенатының депу­таты Руслан Рүстемов Оғыз мем­­­­­­­­ле­­­кетінің тарихи ескерт­кіш­те­­­ріне тоқталып, қазақ-түрік ха­лық­­та­ры­ның ортақ мұралары мен құн­ды жәдігерлерін сақтау ма­­ңыз­­дылығы турасында сөз сөй­­ле­ді.

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұ­ры­мова қос ел арасындағы Қор­қыт атадан Мағжанға дейінгі әде­би-мәдени байланыс бүгінгі күннің биігінен одан сайын бекіп жатқаны көңілге зор қуаныш сыйлайтынын жеткізді.

Әрі қарай орта ғасырдағы оғыз­­дар тарихын зерттеушісі, Докуз Эйлүл университетінің жал­­пы тарих кафедрасының про­фессоры Еркан Гөксу сөз алды. «Қазақ даласында сақтар мен ғұн­дардан бастап, шығыстан батыс­қа қоныс аударған барлық ру-тайпа мекендеген. Олар­дың ішінде түрік дәулетінің ірге­сін қалаушы оғыз халқы бар. IX-X ғасырдағы араб географ­та­ры бүгінгі Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарын, Үс­тірт және солтүстік Арал ау­мақ­тарын – оғыз түріктерінің Ота­ны­ деп жазып қалдырған. Ел астанасы Жанкент қаласынан аттанған оғыз халқы ғасырлар сынынан аман өтіп, қазір тәуелсіз Түр­кия Республикасы болып өз өмір­шеңдігін сақтап келеді. Арада қанша оқиғалар өтсе де, түрік елі атажұрты мен бауырларын ешқашан ұмытпайды», деді ол.

э

Орайлы тұста көрмеге қа­ты­сушы Қызылорда облысы тарихи-өлкетану музейінің ғылы­ми хатшысы Асхат Сайлаудан Сыр өңіріндегі қазба орындары қаншалықты қорғауда екенін сұрап білдік. Оның айтуынша, оғыз қалаларының көбісі шикі кесектен салынғаннан кейін, оны қалпында сақтау қиынға соғады. Сол себепті археолог мамандар көне шаһарларға кешенді реставрация жасауды жоспарлап отыр. Бұған қоса таяу арада ашық аспан астындағы музей де ашылатынын жеткізді.

Іс-шара әрі қарай «Қазақ­стан­ның­­ түрік-оғыз мұрасы: мәде­ни құн­­­дылықтар және уақыт к­е­­р­уе­ні»­ атты халықаралық ғы­лы­ми се­­ми­­нарымен жалғасын тапты.