Аймақтар • 25 Сәуір, 2024

Атырау облысында өртенген пәтерден екі баланың мәйіті табылды

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Индербор кентінде тұрғын үйдің пәтері өртеніп, екі бала мерт болды.

Атырау облысында өртенген пәтерден екі баланың мәйіті табылды

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы растаған ақпаратқа сүйенсек, өрт туралы 25 сәуірде таңғы сағат 05:37-де хабарланған.

«Өрт 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде тұтанған. Шақырту орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде пәтердің толықтай жанғаны анықталды. Пәтердің жатын бөлмесінен 2014 және 2017 жылғы балалардың өлі денесі табылды. Балалардың анасы –1995 жылғы әйел мен оның азаматтық некедегі күйеуі ес-түссіз күйде табылды. Олар жедел жәрдем бригадасының көлігімен аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қазір жалынның тұтану себебін анықтау мақсатында өрт-зерттеу зертханасы жұмыс жүргізіп жатыр.

Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толық сөндірілді.