Талғат  БАТЫРХАН
Талғат БАТЫРХАН«Egemen Qazaqstan»
7 материал табылды

Әдебиет • 14 Мамыр, 2024

Шәміл, Расул һәм Шәпи

Дағыстанның даңқты ұлдарын дәріптеген аңыз-әпсаналар көп. Соларды естігенде еріксіз сүйсініп, өзіңді Қап тауының қырандарындай сезінетінің қалай екен? Қиялың қияларға самғап, рухың көтеріледі. Кеудеңді керемет намыс кернейді.

Руханият • 06 Мамыр, 2024

Дүбірі бөлек дүлдүл

Ұшы-қиыры ұшқан құстың қана­тын талдыратын ұлан-ғайыр даламызда аламанның алдын бермес арғы­мақтар көп болған. Бірақ солардың ішінен суырылып шығып, атадан мирас ауыз әдебиетіміздегі Ер Төстіктің Шалқұйрығы, Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы сияқты аңызға айналғаны – Құлагер.

Руханият • 14 Наурыз, 2024

Ол Олжас қой...

Адам айтса нанғысыз нәрселер болады. Біздің үйге бірінші болып Олжастың кітабы кірді. Оның Алаштан ат оздырған заңғар замандастары Мұқағали, Төлеген, Қадыр, Тұманбайлардың жазғандарын оң-солымды айырған тұста оқыдым. Қалың құмның арасындағы қазақ ауылында өскен бұл пақырыңыз онда орысшаңызды мүлдем білмейтін. Қазір де қатырғанымыз шамалы.

Пікір • 13 Наурыз, 2024

Жылыжайдың жемістері

Баяғыда ауыл баласы үшін Алматының алмасынан ар­тық базарлық болмайтын. Ал­қызыл түсі көз арбап, аң­қы­­ған исі айналаны алып кете­тін. Ал тісің тигеннен тіл үйірер тәтті дәмін айтып жет­кізе алмайсың.

Руханият • 26 Маусым, 2023

Азаттық ақыны

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада мажардың аса көрнекті ақыны Шандор Петөфидің қазақ тіліне Қадыр Мырза Әли аударған «Махаббат пен бостандық» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Халықаралық түркі академиясы мен Қазақстандағы Мажарстан елшілігі бірлесіп ұйымдастырған ұлағаты мол рухани шара әлемге танымал әйгілі тұлғаның 200 жылдық мерейтойына арналды. Айта кететін бір жайт, бостандық жыршысының өршіл рухты бұл өлеңдері бұрынырақ талантты жазушы Роллан Сейсенбаев басқаратын «Абай» клубының қолдауымен «Азынаған қара айғыр» деген атпен жарық көрген еді.

Қоғам • 11 Шілде, 2019

«Көрермен көзбояушылықты кешірмейді»

Кешегі Астана, бүгінгі Нұр-Сұлтан алыс-жақыннан алқалы жиындарға ағылған мәртебелі меймандардан босамайтын болғалы қашан. Бірде әлемдік саясат серкелері салиқалы мәжіліс құрса, бірде әдебиет, мәдениеттің әйгілі қайраткерлері алқалаған әлеуметпен кездесу кештерін өткізіп жатады. Әйтеуір Есіл жұрттағы елорданың тынымсыз тыныс-тіршілігі толғауы тоқсан оқиғаларға толы.

Руханият • 08 Сәуір, 2019

Жаһанға жайылар жыр жауһар

Ақындық қуаты құзарт Алатаудан арқырай құлайтын Жетісудың асау өзендеріндей арынды Ілияс Жансүгіров – ұлт тарихындағы ұмытылмас тұлға. Халық оған «Қазақ поэзиясының Құлагері» деп әділ бағасын баяғыда-ақ беріп қойған. Осы орайда оның ізбасар інісі Тұрсынзада Есімжановтың мына бір жыр жолдары еріксіз еске түседі: «Қазақтың маңдайына өлең бітсе, Өлеңнің маңдайына бітіп ең сен!». Орынды ода. Ақынның өзі айтқандай: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?».