Аймақтар • Кеше
Бұқпа өзенінің арнасы тазаланды
Қарағандылықтар «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясына белсенді қатысып жатыр. Өткен сенбіліктерде 5 мың тоннадан астам қоқыс жиналды. Мереке күні, 7 мамырда 100-ден астам адам Бұқпа өзенінің аумағын тазартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Мамыр, 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы еңбегі үшін еліміздегі этномәдени орталықтар өкілдерін марапаттады. Олардың қатарында «Ассамблея жастары» ұйымының Қарағанды аймағындағы басшысы Александр Урмашов та бар.
Талбесік • 02 Мамыр, 2024
Майқұдықтағы саябаққа 1 100 ағаш егілді. Бұған қоса бұл демалыс орнында алма, шетен, мамыргүл, мойыл, қараған, қарағай, терек, ұсақ жапырақты қарағаш өседі. Аталған аумақты абаттандыруға жергілікті тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер, экоеріктілер, бизнес өкілдері қатысты.
Халық • 30 Сәуір, 2024
Құлсарыға гуманитарлық көмек жөнелтті
Табиғи апатқа тап болған бұқараға қолұшын беріп жатқандар жетіп артылады. Қарағанды облысының да жер-жерінен гуманитарлық көмек жөнелтіліп жатыр. Су құрсауына тап болған Құлсарыдағы халыққа жақында балқаштықтар азық-түлік, қажетті жабдықтар артылған алты жүк көлігін жіберді.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2024
Қарағанды облысында мыңнан аса ағаш егілді
Бүгін Майқұдықтағы саябаққа 1 100 ағаш егілді. Бұдан бөлек бұл демалыс орнында алма, шетен, мамыргүл, мойыл, қараған, қарағай, терек, ұсақ жапырақты қарағаш өседі. Аталған аумақты абаттандыруға жергілікті тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Өндіріс • 27 Сәуір, 2024
Машина жасау зауыты сан түрлі өнім шығарады
Еліміздегі экономиканың ең негізгі тірегі болатын отандық өндіріске көп көңіл бөлініп жүр. Әсіресе мұндай қолдау сезінген машина жасаушылар өз өнімдерін шетелге де экспорттай бастады. Отандық машина жасаушылар ортасынан ойып тұрып орын алған «Қазақмыс» корпорациясы құрамындағы «Maker» ЖШС-KLMZ тауары «Қарағандыда жасалған» деген таңбамен тарап жатыр.
Экология • 26 Сәуір, 2024
Акцияға Ассамблея мүшелері де атсалысты
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы өкілдері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Сәуір, 2024
Жыл бойы жұмыс істейтін жылыжай
Мектептегі білім мен ғылымды жетілдіру мәселесі әлі де күшінде. Әсіресе бұған Мемлекет басшысының өзі ерекше назарын аударып отыр. Осы мақсатта Балқаш қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің ауласында жыл бойы жұмыс істейтін жылыжай ашылды.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Күміс жамбы, күміс кітап, күміс жыр
Арқа аспанынан күмбірлеп күміс өлең төгілді. Сонау Алатау төрінен халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Абзал Бөкен 75 жас мерейтойына орай еліне келіп, еркелеп қайтты. Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері ақынның ел жатқа оқитын «Шыт көйлек» секілді өлеңдерін ерекше әсермен жеткізді. Кеншілер мәдениет сарайында өткен «Күн астынан күміс жамбы жаудырған» атты кештің шымылдығы осылай түрілді.
Байқау • 23 Сәуір, 2024
Ерекше оқырманға – аудиоертегі
Көру қабілеті бұзылған оқушылар әңгіме, ертегілерді енді аудиокітап арқылы тыңдай алады. «Ертегілер әлемі» атты облыстық аудиоертегі байқауы жүлдегерлерінің аудионұсқадағы шығармалары таспаға басылып, тарту-таралғы ретінде кәдеге жарайтын болады. Мұнымен қоса, Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың ресми сайтына, «YouTube» әлеуметтік желісіне жүктеледі.