Қоғам • 05 Мамыр, 2024
Бәріңізге түсінікті болу үшін...
«Бәріңізге түсінікті болу үшін ары қарай баяндаманы орыс тілінде жалғастырайын». Бұл қазақ тілінде акцентпен сөйлейтін шенеуніктердің ана тілінде іле-шала амандасу рәсімінен кейін айтатын аргументі. Әлеуметтік зерттеуге сүйенсек, мемлекеттік құжаттардың 70 пайызы өзге тілде жазылады. Ал Қазақстанда қазақтардың саны 72 пайызға жетті. Бұл парадоксқа не себеп екенін анықтап көрейікші...
Өндіріс • 04 Мамыр, 2024
Аграрлы өңір ауыл шаруашылығы саласындағы өнімдерді көбейтуге бел байлап отыр. Осы бағытта сүт өнімдеріне сұраныс артып келеді. Оған дәлел – Талдықорғандағы «JLC Сүт» зауыты. Кәсіпорын бүгінде 80 тонна сүт өңдеп, 60-қа тарта өнім шығарады.
Шаруашылық • 03 Мамыр, 2024
Жетісулық шаруарлардың былтыр мол өнім алғаны белгілі. Биыл да сол үдеден шығуға бел байлап, егіс көлемін екі есеге ұлғайтып отыр. Мәселен, осы жылы Алакөл ауданында 85 130 гектар жер игеріледі. Бұл бұрынғы межеден әлдеқайда көп. Әсіресе қант қызылшасын егумен айналысатын шаруашылықтар өнімділігі жоғары тұқымға сұранысты молынан бергені байқалады.
Руханият • 25 Сәуір, 2024
Қай елдің идеологиясы жоғары сол елден қорқу қажет. Себебі оны жау ала алмайды. Қоғамды сауатсыздықтан арашалап алуға талпынған сол заманның үгіт-насихат құралдары әлі де санамызда жаңғырып тұр. Қазір еркінбіз деп кеуде кергенімізбен, сол кезеңдегідей кітаптың қадіріне бойлай алмай отырмыз.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2024
Қазір жетісулықтар қала маңын қоқыстан тазартып жатыр. Осы ретте Талдықорғандағы Қызыл тас – Тасбақа тас жерінде «Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы» атты қайырымдылық ЭКО фестивалі өтті.
Денсаулық • 23 Сәуір, 2024
Жатыр мойны обырына қарсы вакцина
Жетісулық дәрігерлер өңірде жатыр мойны обырымен ауыратын қыз-келіншектердің көбейгенін алға тартып отыр. Оған папиллома вирусынан туындаған инфекция әсер етеді. Вирусты жұқтырмаудың және оның дамуын болдырмаудың жалғыз жолы – вакциналау. Сондықтан ақ желеңділер қыркүйек айынан бастап адам папилломавирусына қарсы екпе салмақ.
Шаруашылық • 23 Сәуір, 2024
Қант қызылшасы тұқымынан үміт көп
Шетелден келетін қант қызылшасы сорттарынан отандық тұқымдардың өнімділігі кем емес. Тек оны елімізде молынан шығаратын өндіріс орталықтары аз, тағы бір әттеген-айы фермерлер мұндай тұқымның бар екенін де бейхабар. Олқылықтың орнын толтыру үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жетісулық шаруаларға өзіміздің сортты ұсынды. Осылайша, көксулық шаруа қожалығының алқабына 4 түрлі дақыл егілді.
Тағзым • 22 Сәуір, 2024
Жетісу топырағынан нәр алған ғаламат ақын Ілияс Жансүгіровке ел-жұрты көктем сайын құрмет көрсететін әдеті. Дегенмен биылғы жиынның жөні бөлек болды. Себебі қаламгердің дүниеге келгеніне – 130 жыл. Осы ретте ақын атындағы музей ұжымының мұрындық болуымен «Тау тұлғалы Ілияс» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Медицина • 19 Сәуір, 2024
Қос балдырғанның өмірін сақтап қалған дәрігерлердің біліктілігіне жетісулықтар разы. Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына үш жасар екі бала әртүрлі дене жарақатымен түскен. Бірі төртінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алса, екіншісі септикке түсіп кеткен. Мамандар шұғыл әрекет етіп, дер кезінде бірлесе көмек көрсеткеннің нәтижесінде балаларды аман алып қалды.
Қоғам • 19 Сәуір, 2024
Ал махаббат – таусылмайтын әңгіме
Жастар арасында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні дәстүрлі түрде тойланып келеді. Жырдағы қос ғашықтың кіршіксіз сезімі – отау құрар қыз-жігіттерге үлгі. Жетісуда осы мақсатта 15 жігіт өз сүйіктісіне ұсыныс айтып, отбасын құруға бел байлады.