# Әдебиет
Әдебиет • 03 Мамыр, 2024
Отардың жабағы жүнін қырықтырып, креолин ерітіндісіне тоғыттырып болған соң-ақ жайлауға бет алғанбыз. Қозылы қойды алысқа айдамас үшін Ажыхан бұлағына келіп ерулегенбіз.
Әдебиет • 30 Сәуір, 2024
Анкарада Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы атап өтілді
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі Анкара қаласында көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы шымылдық ашқаны туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 29 Сәуір, 2024
Әуезов кеңінен тоқталып жазуды армандап кеткен, ақын деп айқайлатып тақырып қоюға лайықты шайырдың бірі – Хамит Ерғалиев екені анық. Мұны ақын туралы мақаласында Ұлықбек Есдәулет жазыпты: «Ұлы Мұхтар Әуезов өмірден өтерінің аз-ақ алдында «Құрманғазы» поэмасының жалғасын оқып шығып: «Баяғы пікірім арықтаған жоқ, семірді. Алдымда шетелдерге сапарларым тұр. Содан оралысымен сенің осы дастаның туралы кеңінен толғап жазбақ ойым бар. Дастаныңдай өмір кеш!» деп құшақтаған екен», дейді Ұ.Есдәулет. Бүгінде есімі көп атала бермесе де, қазақ өлеңін бір биікке көтеріп, арнасынан асып-төгілген алапат ой мен сезімнің дүбірін Ерғалиев жырларынан табасыз. Сондықтан әңгіменің әлһамын осылайша Әуезовтің сөзімен бастап жатсақ, жастанып оқуға әбден лайықты шедевр шумақтар тақияңызға тар келмейді деп біліңіз.
Әдебиет • 29 Сәуір, 2024
Оқырман үшін сүйікті жазушысының өміріндегі барлық дерек қызық. Автордың шығармашылығынан бөлек тағдыры, жеке өмірі, күн режімі, қызығушылығы, мінезі, әдеті, киім киісі – бәрі-бәрі. Сөз өнерінде жүрген қауымның ләззаты да, азабы да жазу дейміз. Сол жақсы жазу талант пен шеберлікке ғана байланысты екені шындық. Дегенмен ақын-жазушылардың күнделікті қоңыр тіршілігі, болмысы мен өмір сүру тәртібі қаламына әсер етпей қоймайтыны тағы анық.
Әдебиет • 15 Сәуір, 2024
Шынайы қазақ қаламгерінің жаны бірде «Қосбасарға», бірде «Сарыарқа», бірде «Сарыжайлауға» ұқсас. Бір қызығы, ұлттың қоңыр жаны кескекті ердің сойындай бұрқанып, мұхиттай кемерінен тасыса да қанға сіңген ар қағидатынан, ұят шекарасынан тысқары шықпайды. Жат жұрт мінезінен жұққан дарақылық, даңғой дүмбілездік оған жат.
Әдебиет • 10 Сәуір, 2024
Кезінде «Жалынның» жабық бәйгесі қазақ әдебиетіне талай мықтыны әкеліпті, байқасақ. Тынымбай Нұрмағанбетов, Оралхан Бөкей, Несіпбек Дәутайұлы, Жұмабай Шаштайұлы... бәрінің шығармасын сүйсіне оқыдық, бәрінің есімі бүгінде классиктердің қатарында.
Әдебиет • 10 Сәуір, 2024
«...Шоқыға шықсаңдаршы хан көтеріп, Тартысып бір-біріңді табаламай», депті Несіпбек Айтұлы «Ағалар-ай» өлеңінде. Бұл өлеңнің тууына не әсер еткенін білмейміз, бірақ ел сенген үлкендердің майда-шүйдеге «ілінген» майшабақтығына налығаннан туғаны байқалады. Қазақ даласында шоқыға шығу, төбеге жиналудың мәні зор. Елдік істер атқарылатын жер. Оның үстіне хан көтеру болса. «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген атақты сөз де бұдан алыс кетпейді.
Әдебиет • 08 Сәуір, 2024
Сіз толық талантыңызбен қанша тырыссаңыз да жас толқын жағаға шығарып тастауы мүмкін. Сондықтан үнемі үдеріс үстінде жүрген абзал. Орыс эстрадасының примадоннасы Алла Пугачева халықаралық байқаудың бірінде оңбай ұтылады. Десе де үкілеп қосқан жұлдызы он жетінші орыннан көрінгенімен, жерлестері жағасынан алмайды. Қайта «жасы келді, жасыды, жастарға орын бергені жөн» деп пәтуа шығарады. Мұны түйсінген әнші бұдан соң додаға аяқ баспайды.
Әдебиет • 08 Сәуір, 2024
Мұхтар Шаханов «Жалын» журналын Жазушылар Одағы қарамағына өткізді
Бұл туралы жазушы, журналист Құдияр Біләл хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Сондай-ақ Құдияр Біләл аталмыш журналдың Бас редакторы қызметіне тағайындалғанын да атап өтті. Автор сүйінші жаңалықты фейсбуктегі парақшасында бөліскен.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Жүктелген міндеттерді шешу маңызды
Президент • Бүгін, 00:35
Жел, жаңбыр, бұршақ: 9 мамыр күні ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 00:28
Алматы маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Ұлттық спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Ұлттық спорт • Кеше
Алматы маңында жол апаты болып, үш адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Атырауда әскери бөлімнен қару алып шыққан сарбаз қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында жаппай төбелес болды
Аймақтар • Кеше
Басты міндет - «Көрінбей көру, өлмей келу»
Әскер • Кеше
Бұқпа өзенінің арнасы тазаланды
Аймақтар • Кеше
Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Президент • Кеше
Юлия Путинцева Римдегі турнирдің екінші айналымына өтті
Теннис • Кеше
Елдің бірқатар аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Ауа райы • Кеше