Ақиқат пен ашықтық керек

Ел болған соң адамдар арасында дау-дамай да орын алып жатады. Мұндай келеңсіз жағдайлардың өршімеуі үшін айыпты дегендерді ұстап, қамау амалдарымен тосқауыл қою жеткіліксіз болатыны белгілі. Оның бәрінің ақ, қарасын анықтап, дұ­рысты – дұрыс, бұрысты – бұ­рыс деуде ақиқат пен ашықтық қа­жет. Сонда ғана қылмыстық істі ізгілендіру қағидаты айқындалады. Бұл Елбасының тапсырмасына сай, қылмыстық процесті жаңғырту болып табылады. 
Егемен Қазақстан
16.08.2017 161
2

Осылай деп сеніммен айтуымызға дәлелді негізге құқық қорғау орган­да­рының қызметін саралау барысында анық көз жеткіздік. Әсіресе, заңдылықты қадағалау саласында өзгелерден озық тұрған құзырлы орган – прокуратураның қазіргі таңда іске асырып жатқан жұмыстары назар аудартады. Өйткені, әр құқық қорғау органының келелі қызметі жалпы қыл­мыстың төмендеуіне, тәртіптің кү­шеюіне жол ашады. 

Әрине, адамзат жаратылғалы бері қылмыстың небір түрі жасалып келе жатқаны рас. Оған қанша жерден шектеу қойылғанымен, біреу біліп істейді, біреу білмей істейді дегендей, қосақ арасында қоса кететіндері де жасырын емес. Сонда байқасаңыз,  мұндай жұмыстарды әділ атқаруда дамыған елдердің прокуратура органдары адам құқығын қорғау үшін жұмыс істейді. Мұндай елдердегі прокуратураның басты міндеті – қылмыстық істер бо-
йынша заңдылықты қамтамасыз ету. Олар сот пен полицияның арасындағы сүзгі қызметін атқарады. Тергеудің кемшіліктерін жояды. Кінәлінің әрекетіне шынайы баға береді. 

Бұл жұмыстарды атқару айтуға ғана оңай. Өйткені, көбіне дәлел жет­кілікті болып тұрса да, тіпті кінәлі адам мойындап тұрса да, қылмыстық іс айлап тергеледі. Соған байланыс­ты жә­бірленушілер, куәлар өз жұмысын ы­сырып қойып, апталап тергеу орын­да­рында жүреді. Енді біздің еліміздегі құ­қық қорғау органдарының қазіргі қа­натқақты жобасына орай дәлелденіп тұрған істер әрі кетсе бір аптада те­р­геліп, тиісті шешімдері шығатын бол­ды. Әрине, бұл арада егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін күрделі істердің орны бөлек. 

Қылмыстық істер қаралғанда тараптар неліктен реніш білдіреді? Олар көбіне заңдылықтың сақ­тал­май­тындығын айтады. Міне, қазіргі күнде осы кемшіліктерді болдырмау үшін Жоғарғы Сот пен Бас проку­ратура бірлесіп, ІТ технологиясы бойынша жасалған заңдылықты қа­дағалау жобасы кеңінен өрістеді. Атал­ған осы «заңдылық» жүйесінде Қыл­мыстық кодекстің барлық нормалары цифрланған. Сонда үкімнен, яки шешімнен кеткен қателіктер болса, оларды компьютер бірден көрсетеді. 

Бұл қандай қателіктер? Жаза тым қатал немесе негізсіз жеңіл емес пе, режім түрі қаншалықты дәл таң­дал­ды, дүние-мүлікті тәркілеу керек пе, қосымша жаза қалып қойған жоқ па, тағы басқа 100-ден астам п­а­раметр бойынша салыстыру жүр­гі­зіледі. Міне, осы база арқылы 2016 жылы 40 мың үкім тексеруден өт­кен. Соның нәтижесінде 559 үкім тү­зе­тілген. Демек, жоғарыда аталған дау-дамайды заңды шешуде бұл жо­ба қажеттілігін көрсетіп-ақ тұр. Сон­дықтан ол келесі жылдың басынан қол­данысқа толықтай енгізілмек. Сон­да сот шешімдеріндегі қателіктер мен кемшіліктер бірден азайған соң біт­пес дау-дамай да күрт азаяды деген үміт бар.

Әкімшілік құқық бұзушылық істердің саны жыл сайын 4 миллионнан асып жығылады екен. Хаттамаларды 64 мемлекеттік орган толтырады. Бұл салаға іс жүзінде бүкіл мемлекеттік аппарат пен әрбір төртінші тұрғын тартылған. Дегенмен, айыппұлдардың төленуі төмен. Істердің 60 пайызы жол ережесіне қатыстылығы жасырын емес. Ал жол полициясы қызметкері толтырған хаттама жоғалып қалуы ықтимал. Соның кесірінен орындалмай тұрған айыппұлдар көп. Адамдар шетелге шыға алмай, құқықтары шектеледі. Жемқорлыққа соқтыруы да мүмкін. Міне, енді жүргізуші жол ережесін бұзса, полиция қағазға емес, планшет арқылы электронды хаттама толтырады. Электронды хаттаманы жоғалту немесе қолдан жасау мүмкін емес. Ол прокуратураның Әкімшілік істердің бірыңғай реестрінен бірден көрінеді. Нәтижесінде рәсімдеу мен айыппұл төлеуге бар-жоғы 3-5 минут қана уақыт кетеді. Демек, Елбасы тапсырмасына сай қылмыстық процесті ізгілендіру барысында дау-дамайды да азайту ісі осылайша жолға қойылары хақ.

Александр ТАСБОЛАТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу