Бокс • 16 Сәуір, 2024

Қазақ боксшылары Өзбекстан, Куба чемпиондарымен жаттығып жатыр

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы төрт жылдықтың дүбірлі додасына дайындықты бастап кетті. Париж Олимпиадасына жолдама алған қазақ боксшылары Түркістан облысында өзбек оғландары, Куба қырандарымен бірлескен жаттығу өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақ боксшылары Өзбекстан, Куба чемпиондарымен жаттығып жатыр

Фото: olympic.kz

«Алма тау» базасында өтіп жатқан бірлескен оқу-жаттығу жиынына Қазақстан сапынан Париж Олимпиадасына жолдама алған 6 боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа аттанатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қатысып жатыр. 

Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшысын алып келген. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалолов бар. 

Куба құрамасы Алехандро Кларо Фис, Сейдел Норта, Арлен Лопез бен Хулио Сезар Ла Крузды алып келген. 

Ұлттық олимпиадалық комитет бірлескен жаттығу жиыны 21 сәуірге дейін жалғасатынын хабарлады.