Қазақстан • 20 Тамыз, 2017

Астанада мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

659 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертеңнен бастап Астана әкімдігінің алаңында мектеп жәрмеңкесі өтуде. Аталмыш шара республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жәрмеңке сағат 17:00-ге дейін өтеді, қала тұрғындары мен қонақтары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті канцеляриялық құрал-жабдықтарды арзан бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкеде отандық тауар өндірушілер жасап шығарған мектеп формасының түр-түрі сатылуда. Баға базардың бағасынан анағұрлым төмен.

Канцеляриялық құрал-жабдықтар 10%-дан 50%-ға дейін, мектеп формасы 10%-дан 20%-ға дейін, аяқ киім 10%-дан 25%-ға дейін жеңілдікпен сатылуда.

Жәрмеңке аясында Астана әкімдігінің ұйымдастыруымен мәдени-сауықтыру бағдарламасы әзірленіп, шығармашылық ұжымдардың концерті мен қуыршақтар театрының қойылымы қойылды.