Футбол • 20 Тамыз, 2017

Астанада шағын футболдан Бердіқұлов турнирі өтіп жатыр

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр.

Астанада шағын футболдан Бердіқұлов турнирі өтіп жатыр

Сурет Берік Уәлидің Фэйсбуктағы парақшасынан алынды

БАҚ өкілдері арасында жыл сайын өткізілетін бұл додаға биыл 22 команда қатысуда. Солардың қатарында жүлделі орындарға үміт артып отырған ұжымдардың бірі – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің командасы.

Сейдахмет Бердіқұлов 1933 жылдың 9 мамырында Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Қарақастек қыстағында туған. Қазақстандағы спорт жұлдыздарының жетістіктерін насихаттауға еңбек сіңірген.

1956 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. 1965-1970 жылдары «Қазақстан пионері» басылымының редакторы. 1970-1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986-1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болған.

Айта кетейік, қазақ спорт журналистикасының көрнекті өкілі Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футбол турнирі биыл осымен 20-шы рет ұйымдастырылып отыр.