Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Универсиада-2017: Тағы бір зілтеміршіміз чемпион атанды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Тайбэйінде өтіп жатқан жазғы Универсиада-2017 ойындарында тағы бір отандасымыз чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Универсиада-2017: Тағы бір зілтеміршіміз чемпион атанды

77 келі салмақта сынға түскен ауыр атлетіміз Айдар Қазов қарсыластарының барлығын қапы қалдырып, чемпион атанды. Ол жұлқа көтеру сайысын 145 келімен үшінші орынмен аяқтағанымен, серпе көтеруде көш бастап, 186 келіні еңсеріп чемпион атанды.

Бұл ауыр атлеттеріміздің осы сындағы үшінші жүлдесі. Осыған дейін ауыр атлетикадан сынға түскен Альберт Линдер бірінші алтынды қоржынға салса, Арли Чонтей қола жүлде сыйлаған еді. Ал Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен суға жүзуден екінші қола медальды еншілеген еді. Осылайша Қазақстан қоржынында әзірге 4 медаль бар.