Үкімет • 23 Тамыз, 2017

Қазақстан – бірлікті нығайтуда көшбасшы ел

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы Төр­ағасының орынбасары – Хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельммен кездесті.

Қазақстан – бірлікті нығайтуда көшбасшы ел

Кездесу барысында Д.Мыңбай Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының құрылу тарихымен, конституция­лық мәртебесімен, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы мақсатымен таныстырды. Со­нымен қатар, Германия мен Қазақстан арасында қалыптасқан сенімді әрі ашық қарым-қатынасты, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев пен Федералды канцлер А.Меркельмен үздіксіз тікелей байланыста екендігін атап өтті. 

«Германия – Қазақстанның маңызды әрі негіз­гі әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің мемле­кет­теріміздің арасындағы диалог сенімділікпен және ашықтықпен ерекшеленеді. 25 жыл ішінде екі ел ара­сындағы дипломатиялық қарым-қатынасты орнату барысында, біз сенімді және белсенді диалог алаңын құра алдық. Конрад Аденауэр атындағы қормен қа­рым-қатынасымыз осы серпінді өз деңгейінде ұстауға себеп бола алады», – деді Д.Мыңбай.

Қордың өкілдері Қазақстан тәжірибесінің тиім­ді екендігін және Ассамблеяның ұлтаралық тұрақ­тылықты және қоғамдық келісімді күшейтуде, рес­пуб­ликада тұратын барлық этностардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаратынын ескеріп өтті. Сон­дай-ақ, Томас Хельм Қазақстанның этносаралық қатынасты гармонияда, ұлтаралық диалог пен бір­лікті нығайтуда сөзсіз көшбасшы екендігін де назардан тыс қалдырмады.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»