Құқықтық сауаттылық құндылығы

Талай мәрте айтылған істің нәти­жесі шықпайтындығына налы­ған­дар «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» деген тіркесті тілге тиек етіп, анда-санда бір күрсініп  қоятыны рас.
Егемен Қазақстан
24.08.2017 485
2

Әрине, бұл тұрғыдан қарағанда, қай салада болсын, қолға алынған игі істің орындалғаны жақ­сы ғой. Дегенмен,  кез келген істің өз қи­сыны болмай қоймайтындығы сөз­сіз. Ал әр істің қисынын келтіріп, заң­дылығын таппай әрекет ету орынсыз жерге пышақ ұрғандай бо­лып, ақыры «суға кеткен тал қармайдының» кері келмек.

Бұлай деп сөз саптауымыздың өз жөні бар. Мәселен, осы мемлекеттік ті­­лі­­міздің төрге оза алмай тұрғаны жөнінде талай айтылып келеді. Бірақ, байқасаңыз, сол айтылғандардан гөрі бұл салада нақты атқарылған істің сал­мағы жеңіл секілді. Себебі, тек айтыла береді. Ал нәтижесі көп адамның кө­ңілін көншітпейді. Неге? Себебі та­ғы белгілі. Елбасы «Қазақ қазақпен қазақ­ша сөйлессін» деп бекер айтқан жоқ қой. Конституциямызда тайға таңба бас­қандай Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі екендігі жа­зылып тұр. Өзіміз, Елбасының айт­қанындай, басымыз қосыла қалғанда, үй­де, түзде, жиналыста, т.б. жерлерде қа­зақ тілінде сөйлессек, өзгелер бұған мән беретіні сөзсіз. Бәрінен бұрын заң бар ғой, ал заң талабы бәрімізге тең, бірдей.

Алайда, бұл істе де әркім өз оң­ды іс-­әрекетін көрсете білуі керек сияқ­­­ты. Құрғақ сөзден гөрі заңға сай іс-­әрекет әлдеқайда тиімді әрі өтімді болмақ. Соның бір көрінісі ретінде қазақ тілі деп түн ұйқысын төрт бөліп жүрген Жасұлан Қыздарбекұлы деген азаматтың оңды ісін айтуға болады. Ол Президент айтқан «Нағыз патриот – өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар» деген сөзді іс жүзіне айналдыра білді. Қалай дейсіз бе? Ж.Иса өзі тұратын үй кешені тұрғындарына қызмет көрсететін «Bikom Realty» ЖШС-нің кемшіліктерін көздеріне нұқып тұрып көрсетті. 
Ол қандай кемшіліктер еді? Онда анау-мынау емес, Тіл туралы Заңымыздың талаптары мүлде ескерілмейді екен. Жасұлан Қыздарбекұлы аталған серік­тестікпен 2013 жылы келісімшартқа отыруды көздейді. Ондағы заңгерден келісімшартты қазақ тілінде толтыруды сұраса, қазақ тілінде шарт жоқ дейді. Содан ол «Жайна» тұрғын үй кешеніндегі пәтеріне 2015 жылы қоныстанған соң бұл мәселе тағы алдынан шығады. Қазақ тілі мұнда мүлде ескерусіз қалған. Барлық құжаттар тек өзге тілде. Ал негізінде екі тілде жазылуы керек қой. 

Бұл арада мемлекеттік тілде сөй­леймін, қазақша үйренемін деген аза­маттардың заңды құқы бұзылып отыр. Біле білсеңіз, тіл туралы заңнама мем­лекеттік тілді дамыту және енгізу жө­ніндегі барлық мемлекеттік билік ор­гандарының міндеттерін белгіледі. Онда барлық органдар, қоғамдық ұйымдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары өзінің қызметін мемлекеттік тілде жүзеге асыруға, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу үшін тиісті жағдайлар жасауға, қолдау көрсе­туге тиісті. Ал заң орындалмаса, осы заңсыздықтарды қадағалайтын, тез­ді жөнге салатын елімізде арнайы құзыр­лы органдар бар. Соған сай Ж.Иса атал­ған кемшіліктерді көрсетіп, тікелей тиіс­ті органдарға шығады.

Мемлекеттік тіл – елдің бар аума­ғындағы қоғамдық қатынастар саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс- қағаздарын жүргізу тілі дейміз. Бұл орайда Үкімет, өз­ге де мемлекеттік, жер­гілікті өкілді жә­не ат­қарушы органдар мемлекеттік тіл­ді барынша дамытуға міндетті. Мұны жергілікті қызмет көрсету орындары білмеуі мүмкін емес. Өйткені, мем­лекеттік тілде сөйлеймін, оқимын, қа­жетті ақпарат аламын деп талпынған адам­дар амалсыздан құқықтарын бұзып, өз­ге тілге көшуге мәжбүр болады. 

Тіл – адам өміріне қажетті дүниенің бастауы. Сондықтан, Президентіміздің «Кеше болмағанның бүгін болуы мүм­кін, бүгін болмағанның ертең бо­луы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бер­меушіліктің, оны құрметтемеудің салдары орны толмас олқылықтарға соқ­тыратыны сөзсіз» дегеніндей, заңды бұзбаған дұрыс», дейді Ж.Иса. 

Міне, осы жағдайларды Жасұлан Қыздарбекұлы құзырлы органның алдына қояды. Олар тексеріп жібе­ріп, заңға қайшы келетін, яғни тек ресми тілге ғана басымдық бере­тін кемшіліктердің бар екенін ай­ғақ­тайды. Артынша, көп ұзамай, жоға­рыдағы орын алған кемшіліктер бір­тіндеп мәдениетті түрде түзетілді. Осылайша, орынсыз байбаламнан гөрі, нақты оң іс-әрекеттің арқасында заңдылық үстемдік құрады. Демек, біздің елімізде тіл мәселесінің өрке­ниетті түрде шешілуіне толық жағдай бар. Тек сөзден іске көшетін уақыттың келгенін ескеру қажет.

Александр ТАСБОЛАТ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу