«Қазақ найзағайы» қашан жарқылдайды?

Жеңіл атлетиканың спорт жарыс­тары ішінде «Спорт падишасы» де­ген бейресми атағы бар. Ал осы спорт тү­ріндегі 100 метрлік бәйгенің мәртебесі – өзгелерінен әлдеқайда жоғары.
Егемен Қазақстан
25.08.2017 5099
2

Олимпия ойындары мен әлем чемпионат­тарындағы ең қысқа қашықтықта топ жар­ған дүлдүлдер әлемге тез танылады. Ал егер олар осы 100 метрлік қа­шықтықты 10 се­кунд­­қа жет­кізбей жүйткіп өтсе, онда спорт­­тың дәл осы түрінде олардан артық жұл­дыз болмайды.

Жер шарында 100 метрлік қашық­тықты 10 секундқа жеткіз­бей жүгіріп өткен желаяқ­тар саны аса көп емес. Қазіргі әлем рекорды – 9,58 (негізі – 9,578) секунд. Оны 2009 жылы 16 тамызда, Берлинде Ямайка дүлдүлі Усейн Болт орнатқан. Жүз метрді бір деммен ағып өтетін жылдамдығына тәнті болғандар оны «Найзағай» (Lightning) деп те атайды.

Адамдарды түр-түсіне қа­рап бөлгендік емес, бірақ осы 100 метрлік қашықтықта қара нәсілді желаяқтар үстемдік құ­рып жүр. Осы қашықтықты 10 секундқа жеткізбей жүгіріп өткендердің дені де солар. Бір қызығы, неміс желаяғы Армин Хари 1960 жылғы Олимпия ойындарында әлем рекордын жа­ңартып, тұңғыш рет 100 метр­ді тұп-тура 10 секундта (10,0) жүгіріп өткен...

Содан кейін қайтадан қара нәсілділер «үстемдік» құрды. Тек 2011 жылы француз Крис­тоф Леметр 100 метрді 10 се­кундқа жеткізбей еңсеріп, «Ақ най­зағай» атанды. Оның жеке рекорды – 9,92 секунд.

Ал «Азияның ақ найзағайы» – Қытай желаяғы Су Бинтянь. Ол 2015 жылы 100 метрлік қашық­тық­ты 9,99 секундта жүгіріп өтіп, Азия және Қытай рекордын жаңартты. Ал «қазақтың най­зағайы»...

Сонау 60-жылдары қазақтың қос қыраны, аузымен құс тіс­теген саңлақтары – марқұм Ғұс­ман Қосанов пен биыл қыста 80 жасқа толған Әмин Тұяқов 100 метрді 10,2 секунд ішінде жүгіріп өткен.

Өздеріңіз білесіздер, Ғұсман Қосанов 1960 жылы Римде өткен ХVІІ Олимпия ойындарының 4х100 эстафетасында КСРО құра­масының намысын қорғап, күміс медаль жеңіп алған. Тұң­ғыш рет Олимпиададан жүлде алған қазақ та, тіпті қазақ­стан­дық спортшы да – осы Ғұсман ағамыз.

Ресми түрде тіркелген көр­сет­кіштеріне тоқталар бол­сақ, 100 метрді 10,2 секунд­та Ғұсман Қосанов 1962 жылы 22 қыркүйекте, ал Әмин Тұя­қов 1965 жылы 17 қазанда жүйт­кіп өткен. Екеуінің де бұл көр­сеткіштері Алматыда тіркелді.

Бірақ, ол кез бен қазіргі уақытты салыс­тыруға бола ма? Шіркін, Ғұсман аға мен Әмин ағаны қазіргі жағдайда жү­гіртіп көрер ме еді?! Қазір­гідей спортшының жылдам­дығына серпін қосып тұратын аяқ-киімдер мен қазіргі өте қолайлы жүгіру жолақтарын 60-жылдардағы жағдаймен са­лыстыруға келмейді де ғой.

Әрі, қазір спортшылардың уақыттары бұрынғыдай қол хронометрімен емес, электронды хронометрмен есептеледі. Бүтін саннан кейінгі көрсеткіштері жүздікке дейін дөңгелетіледі (бұрын ондыққа дейін ғана).

Таратып айтар болсақ, жо­ғарыда Ғұсман Қосанов пен Әмин Тұяқов 100 метрді 10,2 секунд ішінде жүгіріп өткен дедік қой. Егер қазір­гідей электронды секунд өлшеуішпен есеп­телсе, онда олар­дың уақыттары екі түр­лі болуы мүмкін еді. Мәселен, 10, 16 және 10,17...

Ендеше, қазақтың да баласы 100 метрді 10 секундтың ішінде жүгіріп өте алады. Тек талантты бала кезінен жазбай танып, тәрбие­­леу керек. Егер Ғұсман және Әмин ағаларымыз қазір жүгіріп жүрсе, онда Усейн Болт­пен де тайталасар ма еді?! Көрсеткіш­тері­не қарасақ, қазіргі әлем жұлдыздарымен иық қа­ғыс­тырып жүрулері әбден мүмкін сияқты.

Бұл, әрине екі дәуірді са­лыс­тыра отырып, көз алды­мызға елестету ғана. Ал нақ­ты айт­пағымыз, қазақта да «Най­зағайлар» болған, тіпті болады да. Осы спорттың түріне де ерекше көңіл бөліп, қолға алсақ, әлі талай желаяқтар шығары анық.

Айтпақшы, 10 метрлік қа­шықтықтағы Қазақстан рекорды – 10,08 секунд (1,3 м/с жел бағытымен). Оны 1992 жылы 13 тамызда, Аустрияның Линц қаласында 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының чемпионы Виталий Савин орнатқан.

Нұрғазы САСАЕВ,
журналист

АСТАНА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу