Парламент • 06 Қыркүйек, 2017

Н.Нығматулин: Заң жобаларын ашық алаңда талқылау жалағасады

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілістің пленарлық отырысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин үшінші сессияның ашылуында Президенттің депутаттық корпусқа қойған міндеттеріне тоқталды.

Н.Нығматулин: Заң жобаларын ашық алаңда талқылау жалағасады

Н. Нығматулин сессияның ашылуында күн тәртібіндегі мәселелерге кіріспес бұрын депутаттық корпустың назарын Қазақстан Президенті белгілеген тапсырмаларға аударды.

«Айтылған міндеттердің бәрін жүзеге асыру үшін және Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын заңнамалық қолдауды қамтамасыз етуде бізге үкіметтен ұсынылған, сонымен қатар депутаттардың бастамасымен әзірленетін заң жобаларымен жұмысты жүйелі және сапалы түрде жалғастыруымыз керек», – деді Н.Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының сөзіне сүйенсек, Палатаға келіп түскен кедендік реттеу жөніндегі Кодекс жобасы қаралғанда Елбасының тапсырмалары басшылыққа алынуы тиіс. Спикер Үкіметтен түсетін салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша Кодекс жобасымен жұмыс істегенде сондай әдісті басшылыққа алу керек екенін мәлімдеді. Н.Нығматулин депутаттар заң жобаларын талқылағанда әдеттегідей ашық алаң ұйымдастыратынына сенімін білдірді.

Палата Төрағасы Мәжіліске енгізілген бірқатар заңдық құжаттарға тоқталды. Оның ішінде «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 - 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» негізгі қаржы құжаттары, бюджеттік заңнаманы жетілдіруге қатысты, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің жобасы мен ілеспе түзетулері бар.

Абай Асанкелдіұлы,

«Егемен Қазақстан»