Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017

Ертең Астананың 40-қа жуық көшесінде жарық сөндіріледі

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 қыркүйек күні Астананың 40-қа жуық көшесінде электр жарығы сөндіріледі, деп хабарлайды әкімдік медиа-орталығы.

«Астана-Өңірлік электр компаниясы» АҚ бұл күні таңертеңгі сағат 9-дан бастап, әртүрлі уақытқа жарықты сөндіріп, діңгектерді ауыстыру, есептеу құралдарын орнату, кабель желілерін қосу және басқа да жұмыстарды жүргізетін болады.