Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2017

Сирия жанжалын реттеудегі Елбасының рөлі туралы кітап ағылшын тілінде шықты

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және технологиялар жөніндегі Ислам ынтымақтастық ұйымының Бірінші саммиті қарсаңында Қазақстан Президентінің көмекшісі Нұрлан Оңжановтың «Бітімгер. Сириялық түйін» кітабы ағылшын тілінде шығарылды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Сирия жанжалын реттеудегі Елбасының рөлі туралы кітап ағылшын тілінде шықты

Кітап сириялық жанжалына қатысты күрделі мәселелерді реттеуіндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесіне арналған. Атап айтқанда, кітапта ресей-түркия қатынастарын қалпына келтіру үдерісі туралы, сирияаралық байланыстарынқалыптастыру, сондай-ақ Сирия бойынша Астаналық үдерісінің басталуы туралы баяндалған. Кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасын британдық«HerdfordshirePress» баспа үйі жарыққа шығарды.

Сонымен қатар, ИЫҰ Астаналық саммитінің барысында әйгілі ресейлік жазушы Сергей Плехановтың араб тіліне аударылған «Жібектей есілмеген жол» («Не шелковый путь») атты фундаменталды еңбегі саммит қатысушыларына ұсынылатын болады («Dar Soual» баспа үйі, Бейрут, Ливан). Кітап Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің тарихы, оның әлемдегі ең ірі саясаткерлерінің бірі ретінде қалыптасуы туралы баяндайды. С.Плехановтың еңбегінде қазақстандық көшбасшының жаңа тәуелсіз, өркендеуші мемлекет салуына, халықаралық қауіпсіздіктің нығаюына қосқан жеке зор үлесі туралы және заманауи әлемдік тәртібіне тигізген жағымды ықпалы жайындаайтылады.

ИЫҰ Ғылым және технологиялар саммиті Астанада 10-11 қыркүйек аралығында өтіп, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің жабылуына орайластырылатын болады. Форумға 80-ге жуық ИЫҰ мүше-мемлекеттері, бақылаушы елдері, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар делегацияларының қатысуы күтілуде.