Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2017

"Рух жаңғырығы" айтысының бас жүлдесі Жандарбек Бұлғақовта

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай ұйымдастырылған «Рух жаңғырығы» атты халықаралық ақындар айтысы өтіп жатқаны туралы жазған едік.

"Рух жаңғырығы" айтысының бас жүлдесі Жандарбек Бұлғақовта

Алты сағатқа созылған аламан жыр додасында Жандарбек Бұлғақов бас жүлдеге тіліген шетелдік автокөлікті тізгіндесе, Сырым Əуезхан бірінші орынды ( 1 000 000 теңге) иеледі. Жүлделі екінші орын Əсет Дүйсебайға (700 000 теңге) тиесілі болды. Ал, үшінші орынға қазылар Айнұр Тұрсынбаеваны (500 мың теңге) лайық деп тапты.

Сонымен қатар Арзыгүл Қайымбекқызы, Мұхамеджан Мансұров, Фархат Маратұлы, Талғат Мықилар ынталандыру сыйлығына (200 мың теңгеден) ие болды. Бұлардан бөлек осы айтыстың бас демеушісі «Жас-Ай» медициналық орталығының Бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Жасан Зекейұлы өз атынан тағайындаған «Академик Жасан Зекейұлы атындағы арнайы жүлде» Əсет Дүйсебайға (500 000 теңге ) бұйырды. Ал қатысқандарға 100 000 теңгеден берілді.

Айтыс – сөз барымтасы. Басты сөз де айтыс жайлы болуы тиіс. Баяғыда айтыс көріп келген кісіден айналасы алдымен «кім мен кім айытысты?», «кім жеңді?», «не деп жеңді?» деп сұрап жатушы еді ғой, ол әңгімені алдағы уақытта кеңінен айта жатармыз. Әзірге рухани жаңғыру тақырыбында өткен айтыс туралы аз-кем ақпарат осы.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»