Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2017

«Менің Қазақстаным» ән байқауы мәреге жетті

766 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы Созақ ауданындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында өтті. 

«Менің Қазақстаным» ән байқауы мәреге жетті

Облыста 90-нан астам үміткерлер арасынан дараланған 25 әншілер лауреаттарды анықтау үшін бәйгеге түсті.

1992 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фестиваль бүгіндері аудан, қалаларда кезегімен жалғасып жатыр.

Байқау шарты бойынша бірінші кезекте Шәмші әнін орындаған үміткер екінші кезеңде патриоттық бағыттағы ән айтады.

Бас бәйгеге қазылар тарапынан ең көп ұпай жинаған шымкенттік «Сарын» тобы ие болды. Ал, бірінші орын Созақ ауданының үкілеген үміті Ақерке Жұмашеваға бұйырды. Осындайша олар Астанадағы өтетін республикалық ән байқауында Оңтүстіктің намысын қорғайтын болады.

Шолаққорғандағы «Достық» стадионында облыстық ән байқауының марапаттау рәсімі гала-концертке ұласты. Есті әнге халық шөліркеген екен. Стадионға көрермендер лық толды.

Облыстық байқау келесі жылы Төле би ауданында жалғасады.    

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

 Оңтүстік Қазақстан облысы.