Айдындағы айғыздар

Соңғы кезде әлдеқашан марқұм болып кеткен майталман тұлғалар, тарихи есімдер туралы әлеуметтік желіде түрлі дақпырт сөздерді желше гулетіп, қадірлі, сыйлы зиялы­лары­мыздың өмір-өзегінен кір-кілти­пан іздеу, сенсация қуу, т.с.с. жат әдет­тердің жапан түзде жалғыз жортқан саршұнақша ара-тұра төбесі қылтиып көрініп қалып жүр. 

Егемен Қазақстан
18.09.2017 220
2

Ондайлардың көксеген мақсаты біреу-ақ. «Жаңа­лықты жұртқа бірінші болып мен жеткізейін, шындықты шімірікпей айтып салатын бұл неткен ғажап батыл жан еді десін мені, ақиқатты ашқанның айыбы жоқ, біз тарихта болған оқиға­ның бәрін бүкпесіз ашық жаза беруіміз керек, өйткені демократиялық қоғамда өмір сүріп жатқан жоқпыз ба?» дейді. 

Баяғыда атам қазақ «Құдайдан қорық­пағаннан қорық» деп өсер ұрпағын әуелі иманға бас июге үйрететін. О дүниелік болған кісінің сыртынан ғайбат сөз айтқызбай, тыйып тастап отыратын. Әруаққа тіл тигізу имансыздықтың белгісі болып саналатын. Ал қазір кей пенде­лерге, тіпті рухани құнарымыз – Абайға ауыз салу, бүлдіріп тұрып бүлк етпеу түк болмай қалды. Белгілі жазушы, драматург Роза Мұқанова «Өзектегі өкініштер» атты еңбегінде: «Әлі есімде, Жазушылар одағында қызмет істейтін кезім болатын. 

– Мен қазіргі Абаймын! – деп даурықты дүр-ақын. 

– Қазаққа бір Абай жетеді, сіз тарихта өзіңіз болып қалмайсыз ба.., – дедік біздер. Қитыққан түрі ме: «Мен Абайың­нан да мықтымын, менің жанымда Абай­ларың жай, әншейін!» – деді ол қолын көкке сілтеп. Сенбесең, мынау Абай­дың өлеңі, тыңда! Ал мынау менің өлеңім! Ол өз өлеңін қоқилана оқыды да, Абай­ға келгенде шабандап, салғырт оқыды.

Алланың құзырына бағынудан бас тартқан Ібілістің өркөкірек, тәкаппар сиқы осындай болған шығар, сірә», деп жазды. Әлі де қазақтың қасиетін, қазынасын көзге ілмейтін дөңайбат ойлар, ісіп-кеуіп ірілік­тен ірігендер аяғыңа шырмауықша ора­тылып, алға бастырмай тұрғаны анық. 
Содан соң, әлеуметтік желідегі ұлардай шулаған тобырға көзің түсіп, «Апыр-ай, ақын Сәкеннің әруағында не ақылары бар екен соншама?» дейсіз. Өткен тағдырын қазбалап, ақынның айнадай таза айдынын батпақ балақпен айғыздағанда, өмірлері содан гүл-гүл жайнап шыға келсе мейлі-ау шіркіндердің. Енді бір жазбаға құлақ ассақ, «Қасым Қайсенов ағамыз әнші Роза Бағланованы сынап тастапты-мыс». Қазақтың аңызға айналған қос тұлғасын, халықтың сүйіспеншілігіне ие жандардың бірін көкке самғатып, екіншісін жермен жексен еткенде, кім қандай абырой табады екен-ай дейсіз ғой баяғы. Мұқым Қазақ елі аялаған есімдерге деген әз құрмет өмірде аттары беймәлім жандардың бірлі-жарым осындай жазбаларымен өзгеріп сала береді дегенге кім сене қояды дейсіз, әрине? Алайда қайсар ағамыз бен әнші апамыздың ерлігі мен өнерінен бейхабар, көрмей өскен кейінгі ұрпақтың көзіне шалынған кез келген мұндай дерек келешекте жас сананы шатастырмай қоймасы тағы анық-ау...

Біз өзімізді ешуақытта өзге өрке­ниет­тердің дәлме-дәл көшірмесі бола алмайтын, салт-дәстүрі сақталған, руха­ни қалыбы бапталған халықпыз деп санай­мыз. Жеке бастың хикаяларын, тағдырын көпшілікпен бөлісу, отбасылық сырды баяндау – қазақтың менталитетінде жоқ, ал батыста ол – қалыпты жағдай. Онда белгілі өнер жұлдызының, тұлғаның баспалдақтан сүрініп кеткеніне дейін тәптіштеп жария ету – бар үрдіс. Мысалы, ағылшындар: «Ұлыбританияның премьер-министрі Уинстон Черчилль есепті мүлде қақпапты, атақты мультимиллионер Ричард Брэнсон сөйлегенде тілі күрмеліп, оқығанын миында сақтап тұра алмайтын нағыз ақпа құлақтың өзі болған деседі», деп, орыстар: «Ғалым, конструктор Сергей Королев мектепті кіл үшке бітір­ген... Антон Чехов гимназияда ор­нын­да екi рет қалып қойған, ақын Алек­сандр Пушкин есепке шорқақ болған, химик Дмитрий Менделеевтің де сабағы аса мәз болмаған, студент кезінде Лев Толстой емтиханнан «бiр» деген баға алған, Владимир Маяковский үлгерімі нашар оқушы болған, бірақ кеңестік идеологияның сойылын соғатын жырлар жазған ақынның бала күнгі мұндай кемшіліктерін Кеңес Одағы жария етуге рұқсат етпеген, Ресейдің бiрiншi президентi Борис Ельцин тәртiбi үшiн мектептен қуылған» деп, ал еуропалықтар: «Исаак Ньютон мектепті өте нашар оқы­ған, физика пәнiнен үлгерімі өте төмен болған, атақты композитор Бетховеннің жазғандарында қате өріп жүреді екен, жай қарапайым сандарды қосу мен көбейтуді білмепті, Альберт Эйнштейн сабақты нашар оқығаны сонша, баласының келешегінен күдер үзген байғұс ата-анасы оның ертеңгі тағдырына алаңдап, қатты қайғырыпты» деп емін-еркін жаза береді. Және бұлар құлаққа соншалық түрпідей тимейді. Тарихи тұлғалар өмірінің қызық беттері ретінде ғана қабылданады. Бір сәт асықпай мән берсек, әлеуметтік желідегі көңіл жабырқатар әлгіндей дүмбілез пайымдар мен дөрекі тұжырымдар бір жағы осыларға еліктеп-солықтаудан туып жүрген жоқ па екен деген ой да жоқ емес... Естелік дегеніміз ең алдымен, естілік емес пе? Олай болмаған күнде жүректер жараланбай ма?! 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу