Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2017

ШҚО-да «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты акция өтті

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық спорт бөлімі мен  ШҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы ұйымдастырған жарысқа 16 команда қатысты. 

ШҚО-да «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты акция өтті

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген ШҚО дене мәдениеті және спорт басқармасының жетекшісі Асқар Можанов өңірдегі спорттың дамуына тоқталды.  
– Күн сайын облыста кәсіпқой және бұқаралық спортты түрлері дамып келеді. Барлығы біздің жастарымыздың қолында, – деді ол.

Қатысушылар түрлі спорттық ойындарға ғана қатысып қоймай, өзге де шараларға белсене араласты. ШҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері нашақорлық иммунитетті қалыптастыру мақсатында ШҚО халқының арасында алдын алу және ақпараттық-насихат жұмыстарын белсендіруге бағытталған шаралар кешенін жоспралы түрде жүзеге асыруда.