Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2017

ОҚО-да студенттер жаз айларында киелі жерлерге саяхат жасайды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан медицина коллед­жі­нің студенттері жаз айларында Оң­түстік өңірінің киелі жерлеріне саяхат жасауды дәстүрге айналды­рыпты. 

ОҚО-да студенттер жаз айларында киелі жерлерге саяхат жасайды

Осылайша олар «Қазақстан­ның қа­сиетті рухани құндылық­тары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің гео­гра­фиясы» жобасына өз үлесін қосып, саяхаттаушылар қатарын кө­бей­те отырып замандастарын Ұлы Дала тари­хының мол мұраларымен таныс­тыруды мақ­сат етіп отыр. Бұл орайда колледж басшылығы саяхат маршрутын кеңейтіп, сту­дент­тердің Ұлы­тау төріндегі жәді­гер­лер кешенін, Тараз­дың ежелгі ес­керт­кіштерін, тағы басқа жерлерді тамашалауына мүмкіндік жасамақ.

– Елбасы Н.Назарбаев «Бола­шақ­­қа бағдар: рухани жаңғыру» ма­қа­­­ласында  «Туған жер» бағдар­ла­ма­сын қолға алуды ұсынған бола­тын. Елба­сы бұл ойын туған жер­ге, оның мәде­ние­ті мен  салт-дәс­түр­леріне айрық­ша ің­кәр­­лікпен атса­лысу – шына­йы патрио­тизм­нің ма­ңыз­ды көрініс­терінің бірі ретін­де қарас­тырады. Бұл ауқымды шара көп­ші­ліктің көңілінен шығып, ма­ңы­зы зор ұсынысқа барынша қол­дау жа­са­лынуда. Шындығында да ата-баба­­ларымыз білектің күшімен, най­за­­ның ұшымен қорғап, келешек ұр­пақ­­қа мирас етіп қалдырған ама­на­ты­на ие болу бүгінгі ұрпақтың пары­­­зы. Мемлекет басшысының игі бас­­­т­а­­­ма­ларын қолдау арқылы біз ке­­лер ұр­пақтың жүретін жолын, ба­­ғыт-бағ­дарын айқындаймыз, сол ар­қы­лы ата-бабалар мұрасын аманат етіп қал­­дыруға өз үлесімізді қосамыз деп са­­най­мын, – дейді Түр­кі­с­тан меди­ци­на коллед­жінің дирек­торы Ғалымжан Бимурзаев. 
Сондай-ақ колледж ұстаздары қасиетті жерлердің топырағын басып, көне жәдігерлер тарихымен жақын танысып, бабалар рухынан тәлім алған жастардың Отанға деген махаббаты шексіз болады деп есептейді. Көне жәдігерлерді көзбен көру жастардың рухын көтеретініне сенімді. 


Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»