Білім • 09 Қазан, 2017

Алғашқы қоғамдық кітап шкафтарының желісі іске қосылды

288 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада «Болашақ» қауымдастығының бастамасымен «Bolashak books» жобасының тұсаукесері өтті.  

Алғашқы қоғамдық кітап шкафтарының желісі іске қосылды

Бұл жоба еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып, кітап оқу мәдениетін дамытуды көздеп отыр. Демек әрбір адам өз кітабымен бөлісіп, сөреден өзіне ұнаған кітабын ала алады. 

«Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласына сай жастарды кітап оқуға баулитын жобаны ұйымдастырып отырмыз. Кітап арқылы дәстүрі­мізді, тарихымызды, дүниені тануға болады. Сондықтан бұл әлеуметтік маңызы жоғары жоба деп білеміз. Кітап сөрелерін орна­ластыруды Астана қаласынан бастадық. Өзім осы кітап сөре­сіне Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабын алып келдім. Қазақ тілін тез меңгергісі кел­ген адам «Абай жолы» кітабын оқы­ған жөн деген ойдамын», деді «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы міндетін ат­қарушы, Мәжіліс депутаты Бақ­тияр Мәкен. 

«Болашақ» қауымдастығының мүшесі Ермек Мақашевтың ай­туын­ша, үш апта ішінде Алма­ты, Петропавл және Орал қала­лары­нан 800-ден астам кітап жиналған. 

«Мен қоғамға маңызы зор жо­баға өзімнің сүйікті кітап­тарым­­­ның бірін табыстағым келіп отыр. Ол Александр Дюма­ның «Үш ноян» кітабы. Өміріңде жақ­сы кі­тап­­қа тап болған кезде, оны­мен бөліс­кің келіп тұрады екен. Әдет­те дос­тарыма оқысын, біл­сін де­ген ниет­пен беретінмін. Ал ен­­ді бір ғана кітап данасының қа­­лың жұртшылыққа тарап, пай­да ти­гізе алатындай мүмкіндік ту­­ды. Сон­дық­тан баршамызды ат­са­­­лы­­суға ша­қы­рамын», деді Олим­­пиа­да чемпионы, Парла­мент Мәжілісі­нің депутаты Серік Сәпиев.

Сонымен қатар шараға «Ас­тана» халық­аралық қаржы орта­­­­лы­­­ғының басқарушы дирек­торы, «Болашақ» қауым­дасты­ғы­ның мү­шесі Саясат Нұрбек қаты­сып, кі­тап оқу қажеттілігінің 5 себебін бөліп айтып берді.

«Кітапта адамның өткен өмі­рін­де жинаған тәжірибесі, жаса­ған қателері баяндалады. Яғни кітаптан тәжірибе алуы­ңыз­ға болады. Екіншіден, кітап абст­ра­к­тілі түрде ойлай білу қабілетіңізді дамытады. Үшін­шіден, ол сіздің сөздік қоры­ңызды байытады. Біздің ой­лай білу қабілетіміз сөз бай­лығы­мызға байланысты, ал сөздік қорды дамытудың жақсы жолы ‒ кітап оқу. Төртінші себеп, кітап ‒ адамды рухани дамытады. Кітаптан біз әлеуметтік модель­дерді, әлеуметтік рөлдерді көре­міз. Бесінші себеп – кітапты оқи отырып, әлем кеңістігі­нің қан­ша­лықты кең екенін түсінесіз».

Ал бизнесмен, меценат Қайрат Құдайберген Алматыда өз компа­ниясының қаржысына 10 бірдей кітап сөресін орнатуға уәде берді. 

«Маған қазақ әдебиеті клас­сик­терінің туындылары өте ұнай­ды. Сонымен қатар бизнес тура­лы жазылған кітаптарды оқу­ға тырысамын. Адамның білі­мі неғұр­лым терең болса, ол с­о­ғұр­лым табысқа жете алады деп ой­лай­мын», деді Қайрат Құдайберген.

Жоба идеясының авторы – «Бола­­шақ» бағдарламасының түлегі Лаура Демесінова есімді бойжет­кен. Ол кітап сөрелерін ашу тура­лы идея Гер­манияның Ганно­вер қаласында жүрген кезінде келгенін айтты.

Шара соңында қонақтар қанат­қақты жобада оқыған кітап­­тарымен бөл­ісіп, жастарды бел­сен­ді болуға шақырды.

Айгүл ШЕРНИЯЗ,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген 
Ерлан ОМАР,
«Егемен Қазақстан»