Медицина • 13 Қазан, 2017

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Мәскеуде кездесу өткізді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Жастар саясатын жүзеге асырумен айналысатын ведомство басшыларының халықаралық министрлік кездесуіне қатысты. Мәскеу қаласында өткен кездесуде әлемнің 70-тен аса елінің өкілдері бас қосты.

 

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Мәскеуде кездесу өткізді

Аталған кездесу жас­тар­ алдында тұрған қазір­гі за­манғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру бойынша ведом­ство­лардың бірлескен іс-әрекетін үйлестіруді мақсат етті.

Н.Ермекбаев «Халық­ара­лық қауіпсіздік» тақы­ры­бындағы панельдік дискуссияда сөз сөйлеп, министрлік тарапынан мемлекеттің зайыр­лылық қағидаларын нығайту және радикализмнің алдын-алудағы заңнаманы жетілдіру бойынша атқа­рылып отырған жұмысты баяндады.

Министр жастар арасын­дағы алдын алу жұ­мыстарын жүргізуге баса назар аударды. «Жастарға бұқаралық мә­дениет және интернет күшті ықпал етеді. Бүгінгі күні түр­лі радикалды ұйымдардың 80%-ын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Осыған орай, елімізде және жалпы­ халықаралық жастар ынты­мақ­тастық жүйесінде жас­тар­ды бағыттауға және ын­та­ландыруға арнал­ған құн­дылықтарды қалыптас­ты­ру­дың тиімді жүйесі бол­ғаны маңызды», деді Нұрлан Ермекбаев. 

Министр отбасылық тәр­­бие жүйесін нығайту бойынша әлеуметтік жобаларды дамыту мүмкіндігіне де тоқтала кетті. 

Бұдан өзге Нұрлан Ермек­баев іс-шараға әлі қатыс­пайтын елдер министр­лері­нің арасында бар­лық­ атал­ған алаңдардың жұ­мыс жос­парларын тарату­ды ұсын­ды. Осылайша, алын­ған ұсы­ныстар халық­аралық қауіп­сіздік мәсе­ле­лерін тиімді шешуге көмектесетініне сенім біл­дір­ді. Сонымен қатар  министр түрлі өзекті сұрақтар бойынша тұрақты онлайн-ке­ңестер ұйымдастыру арқылы бірлескен жұмыстың форматын жетілдіруді ұсынды. 

Еске сала кетейік, Халық­аралық министрлік кездесу 15 қазан күні Сочи қаласында басталатын XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттердің фестивалі қарсаңында өтіп отыр.

«Егемен-ақпарат»