Аймақтар • 14 Қазан, 2017

Атырауда ретро-саябақтың ашылуына 3 мыңнан астам адам жиналды

730 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының күніне арналған жаңа мəдени нысанның ашылу салтанатында "Дос Мұқасан" ансамблінің ескерткіші таныстырылды,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникация қызметі.

Атырауда ретро-саябақтың ашылуына 3 мыңнан астам адам жиналды

Ретро-саябақ өткен ғасырдың 50-жылдарындағы  неоклассикалық стильде жасалған. Негізгі аумағы Жайық өзенінің жағалауы мен аллеялармен емін еркін, жаяу демалуға арналған.
 
- Атырау тұрғындарынан қосымша демалыс орындарын салу жөнінде ұсыныстар түседі. Жаңа рекреациялық аумақтар жасау жұмыстары жалғасады. "Жеңіс саябағын" үлкейту, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы Жайық өзенінің жағасынан саябақ жасау жоспарда бар. Басқа да жобалар жүзеге асады, біз сіздердің қолдауларыңызға сенеміз, деді жиналған қала тұрғындарына облыс əкімі Нұрлан Ноғаев.

Ретро-саябақ құрылысы 2015 жылдың ақпанында басталған. "Теңізшевройл" ЖШС  "Игілік" əлеуметтік-инфрақұрылым бағдарламасы аясында салған саябақ Жайық өзенінің жағасында Тұрғындар қалашығы ықшам ауданында орналасқан. Жаңа демалыс орыны классикалық стильде жабдықталған: амфитеатр, кафе, көрме павильоны, музыкалық субұрқақ, жасанды тоған бар. Бейнебақылау жүйесі мен радиоторап орнатылған.

Саябақта "Дос-Мұқасан" музыкалық ансамбліне ескерткіш қойылды, оның ашылуына ансамбль мүшелері арнайы келіп қатысты. 
Жоба бойынша алаңдағы 3,5 га жерге 750 ағаш отырғызылды.
"Игілік" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 250 млн АҚШ доллары игеріліп, 130 жоба жүзеге асты. Соның нəтижесінде дəрігер, мұғалім жəне техникалық қызметкерлерге 1000 - нан астам жұмыс орыны құрылды.

- Ретро-саябақ Атырау қаласының тұрғындары үшін ғажайып демалыс орыны боларына сенеміз, дейді ТШО компаниясының бас директоры Тэд Эдчисон.