«Барыс» үшінші орынға табан тіреді

Елорданың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт алаңда алты кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Соңғы матчта олар Ханты-Мансийскіде жергілікті «Югра» командасымен ойнап, 5:2 есебімен басым түсті. 

Егемен Қазақстан
16.10.2017 7545
2

«Югра» клубымен өткен кез­десуде «Барыс» хоккей­шілері бірінші кезеңде төрт шайба соғып, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Ойын бастала сала шабуылға көшкен Астананың коман­дасы бірінші минутта есеп ашты. Голдың  авторы – Тал­­ғат Жай­лауов. Бұл Жай­лауов­­тың биыл­ғы маусым­дағы төр­тінші голы. Ал 6-ми­­нутта Конс­тан­­тин Пуш­­карев мұзайдын ие­­лері­­нің қақ­пашысын қапы қал­ды­рып, ойындағы екінші, өзі­нің ал­тын­шы шайбасын соқ­ты. Әр ойын сайын бір гол са­­лып жүрген «Барыстың» кана­­да­лық шабуылшысы Мэт­тью Фрэттин бұл жолы да мер­генді­гі­мен көзге түсті. Есеп – 3:0. Бірінші кезеңнің аяқ­­талуы­­на 20 секунд қалған­да Вла­­ди­­мир Маркелов табло­дағы көр­­сет­­кішті 4:0-ге жет­кізіп, ко­ман­­­да­сы­ның жеңісі мен үш ұпа­йын нақтылап қойды. 

Екінші кезеңнің алғашқы 10 минутында екі командада гол соғатын мүмкіндіктер бол­ған еді. Бірақ қақпашылар өз шеберліктерін көрсетіп, қауіпті шабуылдардың бетін қайтара білді. Дегенмен кез­д­есудің 34-минутында Ни­кита Михайлис команда­мыз­дың бесінші голын қақ­паға енгізді. Осы голдан соң «Барыс» хоккейшілері жеңіс­ке жететіндеріне тым қат­ты сенім артып кетті. Мұ­ны сезе қойған «Югра» ко­ман­дасының бас бапкері Ана­толий Емелин тактикалық өзгеріс жасап, мұзайдынға жаңа ойыншыларды шығар­ды. Нәтижесінде айдын иелері екінші кезең аяқталуға үш ми­нут қалғанда екі шайба со­ғып үлгерді. 37-минутта Илья Шипов алғашқы шай­баны салса, 39-минутта Максим Пестушко «Югра­ның» екінші голын соқты.  Үшін­ші кезеңде шай­ба соғылма­ды. Сөйтіп «Ба­рыс» сырт алаң­да 5:2 есе­бі­мен «Юградан» басым түсті. 

Айта кетейік, бұл матчқа «Барыс» клубының негізгі ойын­­шылары Найджел Доус, Кевин Даллмэн және Дар­рен Диц жарақаттарына бай­ла­нысты қатыса алмаған болатын. 

Бұрнағы күні «Барыс Аре­нада» Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасымен күш сы­насқан «Барыс» аса тар­тыс­ты өткен ойында 4:3 есебімен жеңіске жетті. 

Бірінші кезеңнен кейін айдын иелері 2:0 есебімен жеңіп жатты. Бесінші минутта Егор Шалапов пен 20-минутта Линден Вей қарсылас қақпаға шайба салған болатын. Екінші кезеңде қытайлықтар екі гол соғып, есепті теңестіріп кетті. Көп ұзамай олар үшінші шайбаны салып, алға шықты. Тек кездесудің аяқталуына үш минут қалғанда Роман Савченко есепті теңестіре алды. Ал овертаймда астаналық Мэттью Фрэттин соққан гол «Барысқа» жеңіс әкелді.

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу