ОҚО-да «Ескі қалашық» пен «Арбат» жобасы жүзеге асады

Шымкент қаласында алдағы жылы жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» жобасы мен ескі қалашық кешені жүзеге асырылатын болады. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов мәлім етті. 

Егемен Қазақстан
17.10.2017 1351

Бұдан бөлек, облыс әкімінің бастамасымен «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешені маңында үш бидің ескерткіші орнатылып, «Қазығұрт» тарихи-этнографиялық кешені бой көтермек.

Басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылдың 9 айында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы 393 млн. 978,3 мың теңгені игерген. Бұл қаржыға биыл Арыс қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, Шымкент қаласының бас жоспарын өзектендіру (актуализация) жобасы даярланған. Сондай-ақ, «Қарашаш ана», «Ибраһим ата», «Қызыр Пайғамбар», «Әбдел Әзиз баба», «Мірәлі баба» кесенелері мен «Көне Отырар» сәулеттік жобасын абаттандыру, жаңғырту мақсатында жобалар даярланған.

«Бүгінде Шымкент-Қасқасу және Шымкент-Сайрам-Төлеби аудандарына шығатын баламалы жолдың жобасы әзірленді. Шымкент қаласы аумағындағы 6 шатқалға эскиздік жобалары жасалып, инвесторлардың есебінен іске асырылуда. Сонымен қатар, қолданыстағы әуежайдың Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде болуына байланысты жаңа әуежайдың 3 нұсқасы дайындалып отыр», - деді Еркін Наурызбайұлы.    

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыс аумағында қайта жаңғыртуды талап ететін 500 ескерткіш анықталыпты. Олардың қатарында Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық», «Қазығұрт» тарихи-этнографиялық кешені, «Қарауыл төбе», «Керуен сарай», «Қошқар ата», «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешендері де бар. Бұдан бөлек, «Арыстанбаб» мавзолейінің кіре беріс бөлігі мен жолдарын абаттандыру көзделіп отыр.  Сондай ақ, басқарма Шымкент қала ішілік жолдарындағы 12 жолайырығының эскиздік жобасын әзірлепті. Оның ішінде 5 жолайырықтың құрылысын 2018 жылы іске асыру жоспарланған.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

17.11.2017

Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы елшісі болып жарияланады

17.11.2017

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

17.11.2017

ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді

17.11.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

17.11.2017

Астанада шала туған балалар күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті

17.11.2017

"Барыс" булиттен жеңілді

17.11.2017

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

17.11.2017

Бақытжан Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді

17.11.2017

ОҚО-да Орта Азиядағы тұңғыш «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды

17.11.2017

«Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланды

17.11.2017

Атыраулықтар несиені көп алады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу