Үкімет • 13 Қаңтар, 2017

Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысты

5309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин видеоконференция режимінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Отырыстың күн тәртібінде 19 мәселе қарастырылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысты

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушы елдер Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) кедендік-тарифтік реттеу, өнеркәсіп және АӨК, энергетика, зияткерлік меншік және ақпараттандыру саласындағы бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.

Комиссия Кеңесінің отырысы барысында ЕуразЭҚ-қа мүше мемлекеттердегі ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар өндірісін және экспортын дамыту мәселелеріне баса көңіл бөлінді. Аталған мәселелерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының қарауына енгізу жоспарланған.

Бұдан өзге, Еуразиялық даму банкінің интеграциялық әлеуетке ие кооперациялық жобаларды дамытуды қаржыландыруы мәселелері талқыланды. Кеңес мүшелері сәйкес кооперациялық жобаларды қарау мен іріктеу үшін жұмыс тобын құру туралы өкім қабылдады. Аталған шешімдерді іске асыру ЕуразЭҚ-қа мүше мемлекеттердің барлығының жалпы өнеркәсіптік дамуына септігін тигізеді. Барлық қарастырылған мәселелер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі дамуына бағытталған өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді.