Дала демократиясын жоғалтпайық

Төткүл дүниенің төрт бұрышын тү­гел түгендеп, адамзат ақыл-ойы жеткен демократия тәжірибелеріне тәнті болып біттік. Бүгінде жеті жұрттың тілін меңгеріп, білім мен ғылым теңізінде ба­­лықтай жүзген «таза қазақтар» да, ғайыптан келген байлықтан бас­та­ры айналып, оффшорлардағы шот­та­рының есебінен жаңылып жүрген «жа­ңа қазақтар» да базбір елдің озық демократиясын тілге тиек етіп сөйлемесе, әңгімесінің тұздығын келістіре алмайтын күйге көшті. 

Егемен Қазақстан
01.11.2017 155
2

Ақиқатын айтсам, дәл бүгін маған бабалардан мирас қалған дала демократиясынан артық «қара қылды қақ жарған» әділдік жоқ сияқты болады да тұрады. Әйтпесе, жер қайысқан жоңғарды жаусатып, құмырсқадай қаптаған қытайды қалтыратып, ормандай қалың орысқа қылыш көтерген қаһарлы Абылайға астында жалғыз аты бар, тоқсан үште жасы бар қарт жырау: «Абылай-ау, Абылай, Момынға келіп бек болдың, Атаңды білмес құл едің, Атаңның тегін сұрасаң, Арқар ұранды жат едің, Қай жеріңде төре едің?» деп қаймықпай қарсы келіп, шындықты бетке айта алар ма еді?

«Өкпеңменен қабынба, Өтіңменен жарылма, Орыспенен соғысып, Басына мұнша көтерген, Жұртыңа жаулық сағынба», – деп ұлан-ғайыр даланың билігін бір уысына сыйғызған өр Абылайды райынан қайтара алар ма еді?!.

Қандай заман болса да «қара қылды қақ жарған» ақиқаттан айнымаған Ақтам­бер­ділер мен Үмбетейлердің ұлаға­тын де­мократия шыңы емес деп кім айтты?! Халқының қамын ойламаған хан Жәңгірді «Хан емессің ылаңсың, қара шұбар жылансың» деп жерге қаратқан Махамбет ерлігінің күні өтті ме?! Дала­ның шын­жыр балақ, шұбар төс би-шон­жар­ла­ры Құнанбай мен Алшынбайдың жем­қор­лығын «Кем-кетік жиналыпты таз бен соқыр, Әрқайсысы өз құлқынын көздеп отыр...», деп беттеріне басып, бір ауыз өлеңмен тұралатып кеткен Шөже ақынның шындықты шыңғыртып айтар алғырлығы бүгінге де ауадай қажет-ау!

Алайда, дәл бүгін көңіл күпті, күдік көп. Айналамызда болып жатқан келең­сіз­діктерді көрсек те көрмегендей болып, көз жұмып, ащы шындықты білсек те біл­ме­гендей болып, ауыз ашпай отырған сы­ңайымыз бар. Қандастарымыздың бі­разы болжаусыз заманның бұлыңғыр бол­мысына бой алдырып, еңбектен де, үлес­тен де құр қалып, сенделген сеңдей сал­ғырттық синдромына ұрынды. Ал енді бір бөлігі «аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» дегендей, қалталылардың қабағын бағып, жаппай жағымпаздыққа бой алдырды.

«Жағымпаздық» атты жұқпалы кеселдің қоғамымызды жаппай жайлағаны соншалық, ұлт мүддесін ұлық­тайды-ау деген зиялылар да, ертеңгі өр­кениетіміздің үкілеген үмітіндей жас­та­рымыз да билік басындағылар мен қал­талыларды мадақтаудың жарысына түсті. Жалғандық пен жантықтық мансап қуғандардың құралы болып алды. Ақиқатында әліптің артын баққан жал­тақ­тық пен билік басындағыларға бас шұл­ғи-
тын жағымпаздық қоғамымыздың бо­лашағына қауіп төндірген қатерге айнал­ды.

Ал асқақ арманымыз – тәуелсіздік те­ңізінде тәй-тәй басқан мына ортақ ша­ңы­рағымызда айтылмай жатқан ащы шын­дық аз емес. Ең алдымен билік ба­сын­дағылардың халық алдындағы, мемле­кет алдындағы жауапкершілігінің жібі босаңсып, тазалықтарына көлеңке түсті. Ендеше ашына айтар ақиқат біреу – ең алдымен ел абыройын ойламай, ешкім де ұшпаққа шыға алмайды. Ендігі таңда егемен еліміздің ен байлығын иеленген билік салаларын басқаратын жоғары лауазымды қандастарымыздың барлығына қойылатын бірінші талап – туған халқы мен туған жеріне адалдық болуға тиіс. Тек енді аумалы-төкпелі мына заманда ен байлыққа ие болып, мемлекеттік мүліктен мол үлес алған қандастарымыз «Рухани жаңғыру» аясында туған жерге ту тігіп, елінің ертеңін, халқының мүддесін, ұлтының болашағын ойлайтын патриоттыққа бет бұруы ел үшін ауадай қажет. Қазіргі миллиондарды сапырып жүрген қалталы қазақтар көктен түскен жоқ.

Бүгінгі корпора­циялар мен акционерлік қоғамдардың қо­жа­ларын да, ірі банкирлерді де айналасы жи­ырма жылдың ішінде қоярда қоймай қолдан жасадық. Сондықтан олар мына шыдамы шексіз халқының алдындағы, тал­қысы қатал тарих алдындағы жауап­кер­ші­ліктерін жете сезіне білуі парыз. Қолдарына шоғырланған мол қаржыны еліміздің тұралаған экономикасын көтеріп, өндірісін ұлғайтуға, халықтың жұтаған рухани, мәдени игіліктерін жандандырып, қоғамның қа­зір­­гі тығырыққа тірелген әлеуметтік жағ­дай­ын шұғыл сауықтыруға жұмсауы керек.

Қазаққа ащы шындықты қазақтан басқа ешкім айтпайды. Ендеше барымызды бар, жоғымызды жоқ деп айтар кез келді. «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» атты бабалар ұлағат еткен ұлы үрдісті, «дұшпан күлдіріп, дос жылатып айтар» атты қағидаға негізделген дала демократиясын жоғалтып алмайық...

 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Бақытбай Сеитов (05.03.2018 09:26:32)

Уа достым!...АЛЛА - Тәңіріне табынған, Аруақ Әміріне бағынған, Тілін Құранға байлаған, Ниетін сеніміне сайлаған,Тегі қыпшақ,Төрі моңғол, Керегесі ағаш, Көсегесі алаш, Кием жерім, Қадірім елім, Қаным қазақ Малым жаныма, Жаным Арыма садаға, деген ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ КЕМЕЛІНЕ КЕЛМЕЙ , АЛЛАНЫҢ ЕЛШІСІНЕ ЕРМЕЙ, құрғақ сөзден "су сорпа " сапырып, сілекейді сораптаудан не пайда?....

Пікір қосу