Хоккей • 02 Қараша, 2017

Алматы хоккейшілері «Горняк» командасының ойыншыларын ойсырата ұтты

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «HALYK ARENA» мұз айдынында өтіп жатқан хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында «Алматы» хоккейшілері «Горняк» клубын қабылдады. Ел біріншілігі аясындағы матчтардың алғашқы күні алматылықтар үшін сәтті өтті.

Алматы хоккейшілері «Горняк» командасының ойыншыларын ойсырата ұтты

Алаң қожайындары кездесуді сенімді бастап, қарсыластарға шайба соғуға бірде-бір мүмкіндік берген жоқ. Алматылық ұжым «Горняк» командасының қақпасына төрт бірдей шайба соқты.  Қонақтар өз кезегінде ойынның соңына дейін есепті теңестіруге тырысқанымен, нәтиже шықпады. Кездесу 4:0 есебімен алматылықтардың жеңісімен аяқталды.

– Менің ойымша, екі ойын да сәтті өтті. Біз қарсыластарымызды үлкен ұпай айырмасымен жеңгенімізге қуаныштымыз. Әрине, өз алаңыңда ойнау жеңілірек. Ойын барысында жанкүйерлеріміздің қолдауын сездік, олар бізге жігер береді. Біздің ойындарымызды тамашалауға келетін  жанкүйерлерге  алғысымызды білдіреміз, - дейді"Алматы" ХК ойыншысы Максим Рыбалко.

Екінші кездесудің алғашқы сәттерінен алаң қожайындары басымдық танытып, алға озды. Кейінгі кезеңдер тепе-тең өткенімен, үшінші кезеңде алматылықтар бір ұпай айырмасымен жеңіске жетті, есеп 4:3. Осылайша, «Алматы» командасы екі кездесуде де басымдық танытып, «Горняк» хоккейшілерін екі мәрте тізе бүктірді.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы