Отбасындағы ошақ жылуын сақтау парыз

Отанымызда тыныштық пен береке, ырыс пен мереке болуы үшін де ең алдымен әрбір отбасында жылылық орнағаны абзал. Алайда отбасыны шағын мемлекет деп қарастырсақ, оның тату тірлігі мен бірлігін шайқаған отағасылар да баршылық. Мәселен, бір Ақмола облысында ғана мыңнан аса әйелдің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ішкі істер органдарына шағымдануы ойлантпай қоймайды. Егер еліміз бойынша қарастырар болсақ, шынымен де мәселе өткір күйінде қалып келеді.

Егемен Қазақстан
10.11.2017 7447
2

Әйел – ең алдымен отбасының тірегі, ерінің жүрегі. Қазақта «Әйеліңмен дос бол – үйіңе береке кіреді...» деген аталы сөз бар. Өкінішке қарай, оны еске­­ріп жатқан ерлер қайсы?! Кей­де шаңырақтың берекесін сал­дыр-салақтығымен, былапыт сөздерімен және керітартпа істе­рімен нәзік жандылардың өздері де кетіріп жатады. Әрине ол бас­қа тақырып және кезі кел­генде оған да тоқтала жатармыз. Біздің қа­зіргі көтеріп отыр­ған проблемамыз – ер-аза­маттардың әйелдеріне қол­ жұм­сап, боқтық сөздермен бала-ша­ғасының алдында өрескел қатыгездікке баруы. Отағасының жан шошытарлық іс-әрекеттері бала-шаға есінде ұзақ сақталып қалады және ұшқан ұядан көргенін қайталауға итермелеуі де ғажап емес. Әйелдің сағын сындырып, баланың бағын тайдыратын мұндай өрескелдіктер бүтіндей бір отбасының тағ­дырын тәлкекке салып, тіпті қаты­гездікке де итермелеп жатады. 

Жалпы, еліміз бойынша жыл сайын ішкі істер органдарына 30 мыңға жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендігін айтып шағымданады екен. Ақмола облысы да мұндай келеңсіздіктен кенде емес. Тұр­мыста өрескел әрекеттерге бар­ған 720 адам әкімшілік жауап­кершілікке тартылғандығы бұған мысал бола алады. Кейбірі қанына сіңіп кеткен әдеттен айы­ға алмай немесе ішімдікке тойып алып қылмысқа барады. Соның салдарынан облыста үстіміздегі жылдың 6 айында әйелдерге қатысты 453 қылмыс орын алыпты. Соның    399-ы әкімшілік құқық бұзушылық бол­са, 3 жағдай адам өлімімен аяқ­талған. Ал әйелдер тарапынан өз-өзіне қол салудың 103 оқи­ғасы тіркелсе, соның 23-і адам өліміне алып келген. Сондай-ақ тұрмыстағы зорлық-зомбылық балаларға да қатысты жасалып жатады. Мысалы, балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармаған ата-аналардың үсті­нен 34 қылмыстық іс қозғалса, соның 10-ы балаларына қатысты қатыгездік танытумен байланыс­ты.

Сондықтан да 89 ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылып, 2150-і кәмелет жасына толмаған балаларға қарсы түрлі құқық бұзушылықтар жа­са­­ғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Оның 200-і балаларын тәрбиелеу міндеттерін дұрыс атқармағандар болып отыр. Лев Толстой былай дейді: «Бақытты отбасылардың барлығы бір-біріне ұқсас та, ал бақытсыз отбасылар әрқайсысы өзінше бақытсыз». Бұдан шығатын қорытынды, әрбір бақытты отбасы имандылық құн­дылықтарымен сусындаса, ал бақытсыздар қате­ліктерге бой ал­дырып, әр алуан жағдайға ұшы­райды екен. Біреуі тағдыр тау­қыметіне шыдай алмай ащы суға әуес болып кетсе, екіншісі жауапкершіліктен қашып, бала-шағасын тастап, бой тасалауға көшеді. Кейбірі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол береді. Әрине  қай жағдайда да жапа шегетін отбасы.

Міне, осындай жайттарды болдырмау мақсатында 2015 жылы Әкім­шілік құқық бұзушылық ту­ралы кодекстің тұрмыстық зор­лық-зомбылыққа қатысты заң талаптары айтарлықтай қа­таңдатылған болатын. Әйелдер құ­қына қол сұғудың алдын алу үшін 2 мыңға тарта қорғау нұс­қау­лығы тағайындалған. Бұл рет­те 150 адамға қатысты өзін тұр­­мыста салиқалы ұстауы тиіс­­тігі туралы сот шешімі де шы­ғарылды. Статистикаға сүйенсек, елімізде әйелдердің 70 пайызы өмірінде бір рет болса да тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Қазақта отба­сы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды деген де сөз бар. Шынымен де, отбасы бол­ған соң барлығы ойдағыдай қа­лыптасады деу әбестік шығар. Бі­рақ дағдарыс орталықтарының жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, ең ауыр жағдайдың өзінде жапа шеккен әйелдердің 10 пайызы ғана полицияға хабарласады екен.

Полиция тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себеп-сал­дарын анықтау барысында оның ішімдік, мүлікті бөлісе алмау, қызғаныш және өзге де себептерге байланысты өрбитіндігі байқалған. Әсіресе әйел мен ері­нің арасындағы жанжалға үшін­ші жақтың май құйып отыруынан­ жағдай ушыға түсетіндігі ащы­ да болса шындық. Нәти­жесінде тұрмыстық зорлық-зом­былықтан ең алдымен зардап ше­гетін нә­зік жандылар екен. БҰҰ-ның Әйел­дерге қатысты тең­сіздіктің барлық түрін жою туралы конвенциясына Қазақ­стан 1998 жылы қосылса, аталған халықаралық ұйым елімізде жыл сайын 500 әйел соққы мен зорлық-зомбылықтан ажал құша­тынын анықтаған еді. Зерттеу барысы көрсеткендей, ең ауыр деген қылмыстардың 30-40 пайызы отбасыларда орын алады. Отбасындағы ауыр моралдық-пси­хологиялық, физикалық, эко­номикалық және сексуалдық жағ­­­дайлар зұлымдыққа алып ба­­ратын басты себеп болып та­былатындығы дәлелденген.

Мәселені шешу мақсатында биыл Бас прокуратура мен Іш­кі істер министрлігі бірлесе әзір­леген «Отбасындағы зорлық-зом­былықсыз Қазақстан» жол картасы шеңберінде өңірлерде түрлі ак­циялар ұйымдастырылып келеді. Сондай іс-шаралар легі Ақмола обл­ысында да жүргізілгендігін атай кеткен жөн. Бірақ әлі күн­ге әйелдерге қатысты құқық бұ­зу­шылық әрекеттер тыйылмай тұр. Жыл басынан бері ақ­молалық полиция тұрмыстық зор­лық-зомбылық бағытында әйел­дерге қатысты жасалған заң бұзушылық үшін 1695 қорғау шешімін шығарыпты. Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі тарапынан 73- бап бойынша тұрмыстық зор­лық-зомбылық бағытындағы заң­сыздық әрекеттері үшін 693 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жергілікті полиция қызметі әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғаудың ең тиімді тетігі қорғау шешімі деп санайды. Зорлық көрсетуші бұл шешімді орындамаған жағ­дайда оған қатысты әкімшілік жауап­кершілік қолданылады. Бұл орайда «Ерекше талаптар» да жәбірлеушіні қатаң жазаға тар­туға мүмкіндік береді. Осын­дай ерекше талап 120 адамға шығарылып та қойылған. Алай­да нәтижесіз. Ері әйеліне қол жұм­сады деп оны қамап, бас­панасы болмаса шығарып та жібере алмайсың. Яғни мәсе­лені шектеудің күшімен ше­шу мүмкін емес. Қазіргі қо­ғам­да қалыптасқан жағдай мен жаһандану заманындағы сырт­қы ықпалды қаперге алсақ, адам бойындағы психикалық ауыт­қудан айықтыратын психо­логтардың жетіспеушілігі жә­не сабырға шақыратын діни құн­­­дылықтарымыз әлі де әрбір шаңы­раққа жете алмай жатыр.

Азаматтық қоғамның белсенді мүшелері болып табылатын үкі­меттік емес ұйымдардың жұ­мы­сын да белсенді әрекетке көшті деп айта алмаймыз.

Қорыта айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тек жәбірлеушіні қудалаумен шектелмесе керек. Егер отбасында береке бұзылса оған екі жақтың да кінәсі болуы мүмкін. Шаңырағы шайқала бастаған отбасындағы жағдайдың себеп-салдарын анықтап барып, шешім шығарған орынды. Сонда ғана ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс қадам жасауға болады.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Атырау жылу электр орталығында апатты жағдай болды

20.01.2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

20.01.2019

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана салынады

20.01.2019

Қазақстандық балалар фильмі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу