16 Қараша, 2017

Тиімділік қағидалары

1360 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында атқарушы билік жүйесін жаңарту жөнінде нақты міндеттерді айқындап берді. Мұндағы негізгі мақсаты – мемлекеттік аппараттың тиімділігін, ашықтығын және есеп беруін арттыру. 

Тиімділік қағидалары

Бағалау жүйесі

Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау тәуелсіздік алған жылдары басталған. Сол тұстарда басты міндет командалық-әкімшілік басқару тәсілін өзгертіп, нарыққа бейімделу болатын. Бұл негізінен толассыз және кезең-кезеңімен жүргізілетін үдеріс. 

Кейінірек әкімшілік реформа жа­ңаша үлгіде қалыптасып, елдегі бас­қару жүйесінде өзекті нормативті-құ­қық­тық және институттық база қалыптасты. Тиімді және өнімділік негіз­де­рі, заманауи мемлекеттік менеджмент енгізілді. Атап айтқанда, Елбасының 2010 жылғы Жарлығымен сапаны арт­ты­рудағы маңызды құралдардың бірі ретінде мемлекеттік мекемелер қыз­ме­тінің тиімділігін бағалайтын жүйе қол­данысқа енді. Бұл құрал АҚШ, Канада, Ұлыбритания секілді бірқатар дамыған елдердің тәжірибесіне негізделе отырып жасалды. 

Бұл отандық жүйе алғашқы ке­зең-дер­де жеке әкімшіліктік қайта құ­ры­лу­дың деңгейін көрсетіп, орын­дау­шы­лық тәртіп, электрондық құжат айна­лым енгізілуі, мемлекеттік қыз­мет көр­сету сапасы, стратегиялық нәти­же­лер­ге қол жеткізу, нормативтік қыз­мет пен бюджет қаржысын басқару тиім­ді­­лігі се­кілді бағыттар есепке алын­ды. Алай­­­да кейінгі жылдары жүйе мем­­ле­кет­тік мекемелер жұмысының са­па­­лы нә­ти­жесін сараптауға қайта бағ­дар­лан­ды. Қа­­зіргі таңда салалық көр­сет­­кіш­те­р­дің жақ­са­руы, халық пен биз­­­нестің мем­ле­кеттік қызметке көңілі то­­луы негізге алынуда.

Осылайша, мемлекеттік мекемелерді ба­ғалау әкімшілік реформаларды тиімді түрде алға жылжыту құралына айналып, аталған саладағы оң өзгеріске әкелді. 

Тиімді қызмет

Жалпы кейінгі жылдары мемлекеттік қызмет саласында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Бұл арада ең бастысы – реформа мемлекеттік қызметтің халық пен бизнеске қолжетімділігі мен сапасын арт­тыру секілді маңызды бағыттарға ар­нал­ды. Осы орайда көптеген шаралар атқарылып, қажетті құқықтық алаң құ­­рылып, ұйымдастырушылық негіз жа­­салды. Қызмет көрсетудің ауқымы едәуір кеңейіп, олардың әрқайсысының нақты мерзімі бекітіліп, талап етілетін құжаттар нақтыланды. 

Бұл оң өзгерістерді қазақ­стан­дық­тардың байқағаны анық. Кейінгі 7 жыл көлемінде мемлекеттік қызмет көр­сету мерзімі барысында бұзушылық 46 есеге азайса (494,6 мыңнан 10,7 мың­ға), халық сенімінің деңгейі 25 пай­ыздан 73 пайызға дейін көтерілді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің 414 түрі автоматтандырылып, олар электронды түрде ұсынылады. Әр төрт қыз­меттің үшеуі Халыққа қызмет көр­се­ту орталықтары (ХҚО) арқылы қолжетімді. Бұл – тәртіп факторы болып саналады. 

Кейінгі 10 жылда азаматтармен өзара қарым-қатынастың тиімділігін көтеру, ха­лықты ақпараттандыру, көрсетілген қыз­­меттің сапасын арттырудың арқа­сында мемлекеттік мекемелерге түскен арыз-шағымдар мен өтініштердің кө­лемі 18 есе азайып, 23 миллионнан 1,3 миллионға төмендеді. Әкімшілік ре­фор­ма­ның қай деңгейде жүргізілгенін анық­тау­да халықаралық рейтингтердің өзін­дік орны бар. Мәселен, Әлемдік банктің Doing Business деректеріне сүйенсек, Қазақстан 2006 жылдан бері өз позициясын 50 сатыға жақсартып, 2017 жылы 86-орыннан 36-орынға көтерілді.

Кері байланыс
Елбасының тапсырмасы бойынша 2016 жылы мемлекеттік қызмет тетігін жетілдіру үшін оны толық электрон­ды түрге ауыстыру мақсатында «Азамат­тарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­по­рациясы құрылып, оның қызметіне халықпен өзара тығыз қарым-қатынас жасайтын бірқатар құрылымдар енді (ЗТМО, жер кадастры ҒӨО, ХҚО, Жыл­жымайтын мүлік орталығы).

Мемлекеттік корпорация 2017 жыл­дың соңына дейін бүкіл қызметтің 85 пайызын көрсетуді жоспарлап отыр. Ке­лешекте «Азаматтарға ар­нал­ған үкі­мет» мемлекеттік қызмет көр­сетудің бі­­регей провайдері болуы ти­іс. Ка­на­дадағы Canada Service пен Аус­тралия­дағы Centrelink-ке негізделіп жасалған жүйе «бір терезе» және «бір өтініш» қағидаттары негізінде қызметтің бүкіл түрін алуға мүмкіндік береді. Бұл орайда мемлекеттік мекемелер мен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынасты барынша азайтып, аталған үдерісті халыққа қолайлы етіп, талап етілетін құжаттар көлемі мен қызмет көрсету мерзімін қысқарту қажет. Бұл не береді? Біріншіден, сыбайлас жемқорлық қаупін төмендетеді. Екіншіден, мемлекеттік мекемелер мен корпорацияларға түсетін жүк­ті жеңілдетеді. Үшіншіден, азамат­тар­дың сенім деңгейін көтереді. 

Қызметтерді цифрландыру аясында атқарылған шаралар мемлекеттік ме­ке­мелердің тиімділігін арттыруды қам­тамасыз етеді. Ақпараттық-ко­м­му­никациялық технологияларды қа­­былдау кеңейіп, тереңдей түседі. Ве­дом­­стволық деректер қоры бірыңғай ақ­параттық жүйеге біріктіріледі. Бұл ара­да да айтарлықтай табыстарға қол жет­кізілді. Мемлекеттердің ақпараттық-ком­муникациялық технологияларды қолдану мүмкіндігі мен әзірлігін анық­тайтын БҰҰ электронды үкіметтің да­му индексінде және азаматтарға мем­лекеттік қызмет көрсету бойынша Қазақстан 33-орында тұр. 

«Ашық үкімет» – есепті мемлекет

Негізгі міндеттердің бірі – мемле­кет­тік мекемелердің ашықтығын қамта­ма­сыз ету. Бұл қадам мемлекеттік менеджмент жүйесін модернизациялауға ерек­ше әсер етеді. Ашықтық реформасы Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында «Ақпаратқа қолжетімділік» заңының қабылдануымен бірге басталды. Осыған сәйкес, Қазақстанда мемлекеттік мекемелер қызметінің ашықтығын көтеру және шешім қабылдау үдерісіне аза­мат­тардың үлес қосуын арттыру мақ­сатында бірқатар тетіктер құрылды. Олар: «ашық деректер», «ашық диалог», «ашық бюджет» және «ашық ҮЕҰ».

Ашық деректер деген не? Бұл – мемлекеттік мекемелердің бүкіл формат­та орналастырған ақпараттарын кез кел­ген пайдаланушы танысу мақсатында ти­імді мобильді бағдарламалар мен қыз­меттер жасау үшін пайдалана алады деген сөз. Мұндай тәжірибе әлемде кең тараған. Ол білім, денсаулық сақ­тау және транспорт секілді салаларда маңызға ие. Кейбір зерттеулердің қо­ры­тындысына сәйкес, ашық деректер күнделікті 3-5 миллиард доллар көлеміндегі экономикалық құндылық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай үдеріс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Мәселен, 2016 жылы жарияланған 1280 деректі пайдаланған 20-ға жуық мобильді бағдарлама мен қызмет іске қосылды («Қауіпсіз мектеп», «Денсаулық+», Almaty tours, Smart Astana және т.б). 

Халықпен кері байланыс та аса ма­ңызға ие. Әкімшіліктер алғаш­қы­лар­дың бірі болып әлеуметтік желіні пайда­лана бастады. Астана мен Алматы қалаларының әкімдері әлеу­мет­тік же­ліні жүй­елі түрде және жай ғана ақпарат бе­ру үшін емес, аза­мат­тар­дың нақты мә­се­лелері мен сұ­рақ­та­рын шешу мақсатында қо­л­да­на­ды. Мысалы, Алматы әкімшілігінің ба­с­ты жұмыстарының бірі ретінде Open Almaty арнайы орталығын ашуды айтуға болады. Онда қаладағы әлеуметтік және басқа да қызмет көрсету түрлерін бір арнаға жинаған. Ықпалды қоғамдық ке­ңес­­тер де әкімшіліктің құрамына енеді. 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң арқылы «видеоөтініш», «видеоконференция» құралдарының енгізілуі халық пен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара қарым-қатынас мүмкіндіктерін кеңейтті. Бұл халықтың мемлекеттік мекемелерге үйден шықпай өтініш беруге және оның барысын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Бұл арада көрсетілетін мұндай қызметтерді пайдалану үшін электронды-цифрлы қолтаңба, интернетке қосылған компьютер немесе смартфон қажет екенін айта кетейік. 

Құқықтық статистика комитетінің бірқатар мемлекеттік қызметтері мен Бас прокуратураның арнайы тіркеуін жеңілдету мақсатында құқық қорғау мекемелеріне ЭЦҚ-сыз өтініш беруге мүмкіндік беретін qamqor.gov.kz сайты құрылды. Бұл қызмет азаматтардың полицияға шағым түсіріп, оның орындалу барысын бақылауға, бизнесті тексерудің негізі мен бағытын, мерзімін білуге, салынған айыппұл жөнінде ақпарат алуға және басқа да қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. 

Келесі қадам мұндай құралдардың мүм­кіншілігі мен артықшылығын, халық пен мемлекеттің диалогын, олар­дың институттық және техно­ло­гиялық қордың жетілдірілгенін, аза­мат­тардың мемлекеттік мекемелер жа­рия­лаған ақпаратқа қызығушылығын арт­тырудың маңызын кең көлемде тү­сін­діру жұмыстары болмақ. Ол үшін ұсы­нылатын қызметтерді заманауи та­лаптарға сай және халықтың күт­ке­ніндей оңай әрі тиімді етіп бейімдеу керек. 
Мемлекет басшысының тапсырмасы­мен жыл сайын өткізіліп келе жатқан мем­лекеттік мекемелердің тиімділігін бағалау олардың заманауи трендтерге сай келетін мүмкіншілігін пайдалануға бағытталған. 

Кәсіби мемлекеттік аппарат

Кез келген тиімді ұйымды (мемле­кет­тік мекеме) құруда қаржылық және тех­нологиялық ресурстармен бірге адами капитал да басты факторлардың бірі болып саналады. 

Қазақстанда мемлекеттік аппараттың кәсібилігін артырып, мемлекеттік қыз­меткерлердің құзыретін кеңейтіп, ма­шықтарын дамыту, мемлекеттік қыз­меттің кадрлық әлеуетін арттыру мақ­са­тында бірқатар реформалар жүзеге асы­рылды. Қазіргі таңда мемлекеттік аппа­раттың маңызды мақсаты – осы әлеуетті сақ­тап қалып және оны одан әрі дамыту. Бағалау жүйесі өз кезегінде нәтижелерді тіркеп, қызметкерді басқарудың сапасын бақылайды. Бұл мемлекеттік мекеме басшысының қызметін бағалайды. Бұл бағыттағы іс-қимылдарды күшейтудің тағы бір себебі – мемлекеттік қызметтегі мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Өйткені олар жекелеген салалардағы, халықаралық және ква­зимемлекеттік компаниялардағы та­ла­нтты кадрлармен терезе теңестіре алуы тиіс. 

Бұл жұмыс қалай істеледі? Бағалау барысындағы статистика деректері бой­ынша, мемлекеттік қызметке қызы­ғу­­шылық артып келеді. Мәселен, былтыр кадрлардың кетуі екі есеге дейін азай­ғанын байқауға болады. Жасы­рын жүр­гізілген сауалнамаға сәйкес, мем­ле­кеттік қызметкерлердің 71 пайызы бас­қару сапасының сақталуына көңілі тол­са, 80 пайызы байқау ретін­дегі әре­кеттердің ашықтығы мен айқын­ды­ғының деңгейін жоғары бағалаған. Өткен жылы мемлекеттік қызметке алғаш келгендер саны 3 есеге өскен. 

Әкімшілік реформаның келешегі

Қазақстандағы әкімшілік реформа қандай да бір аяқталған жоба немесе бастама емес. Бұл – мемлекеттік аппаратты үдемелі жаңғыртып отыру үдерісі. Оған ішкі жағдаяттар ғана емес, сыртқы факторлар да әсер етеді. Мәселен, ақпараттық технологияның тез дамуы электронды үкіметті жасауға және дамытуға әкелді. Ал байланыс арналары (мессенджерлер, смартфондар, әлеуметтік желілер) мемлекеттік мекемелердің қызметінен көп игілік күтуге итермелейді. Оқиғаларға жедел әрекет етуге тура келеді, әйтпесе оған сағаттар кетеді. 

Технологияны дамыту мен бүкіл цифр­ландыру және мемлекеттік бас­қаруды әртараптандыру үдерісі мем­ле­кеттік аппараттың, оның ішінде әкімшіліктердің алдына қойылған жаңа сы­нақ. Қоғамның жаңа қажеттіліктері мен өтініштері туындайды. Өсіп келе жатқан жаңа буын өкілдері мүлде бөлек адамдар. Олардың басты артықшылықтары мемлекетті, өңірлерді басқаруға қатысты сұрақтарға белсене қатысады. 

Осылайша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын сәтті орындау және Қазақстан­ның халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру әрдай­ым күш салып, үздік басқару тәжіри­бе­лері мен халықаралық үлгілерді қабыл­дап отыруды қажет етеді. Сонда ғана қазақстандық мемлекеттік аппарат Пре­зидент алға қойған дамыған 30 ел­дің қата­рына кіру міндетін орындау ба­рысын­да кездесетін сынақтардан сү­рін­бей өте алады. 

Айдын ҚҰЛСЕЙІТОВ,
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі
Стратегиялық әзірлемелер 
және талдау орталығының меңгерушісі