Аймақтар • 17 Қараша, 2017

Әшекейлі тәтінің әдемі өрнегі

2578 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жетісу жерін мекендеген ежелгі тайпалардың зергерлік бұйымдарының сымбатты көшірмесіндей  болып көз алдыңыздан шығатын Қарғалыдан табылған әшекейлі тәтінің ақзері көз алдыңызда тұрады. Ортасында мәңгілік елдің символындай аспанға қол созған еменнің иір бұтағы жалғасқан ғұмырдан сыр айтқандай болады да тұрады. 

 

Әшекейлі тәтінің әдемі өрнегі

Мұның бәрі 1936 жылы Қар­­ғалы сайының бойындағы Мың­ошақтыда жер қазу кезінде табыл­ған әдемі әшекей көз жауын алар ерекше бұйымдар екен­дігін­де сөз жоқ еді. Архео­лог­тар­дың зерделеуінен кейін бұл бұйым­дардың ерекше жаңалық белгісі екені анықталды. Жал­пы ұзындығы 35, ал ені 4,7 санти­метр­лік екі алтын пластина түрін­де жасалғандығы белгілі бол­ды. Онда бұғының, ұшқан құстын, бұқ­пантайлап бара жатқан қанат­ты жол­барыстың таңғажайып сурет­тері көрініс тапқан. Аталмыш дүние­лердің материалы алтын екенін білгенде еріксіз таңғала­сыз. Барлық мүсіндердің сонша­лық­ты шеберлікпен жасалғаны тағы таңдай қақтырады. Бірақ айтары­мыз бұл ғана емес еді. Әше­кейлі тәтіде қанатты ат пен адамды отырғызып алып жүгіріп бара жатқан алып аждаһа айшықталған. Олардың төбесінен айнала алты қаз (біз соған ұқсаттық) сұңқыл­дап ұшып бара жатқандай көрі­неді. Бұлардан басқа таутеке, аю, арқарға мініп қолына гүл ал­ған адам бейнелері бар. Осылай бір-бі­ріне ұласып кете барады. Осының бәрі әсем өрнекпен жасалған. 

Қызығы сол, аңдардың көзі­не, тұяғына қондырылған асыл тас­тарға бейжай қарау мүм­кін емес. Ғаламат та ғажайып ше­бер­лікпен салынған бұл өр­нек­­тер­ден сол замандағы өнер­дің же­тіс­тігін танытып қа­на қой­май, сонымен қатар тәтіні қалдырған шеберлердің пәлсапалық талғамын да танытады. Бұл ескерткіштер – б.з. д. ІІ ға­сыр мен б.з ІІ ғасыры аралы­ғын­да қазақ жерін мекендеген тай­па­лардың үздік өнерінің тама­ша үлгісі болып табылады. Бұл әр Қазақстанның Орталық мем­лекет­тік музейінде сақтаулы тұр. Таңыр­қаған күйі таңданып қара­са­ңыз, құдды бір Қарғалының тәті­сі дерсіз.

Айнымаған сол... ақ­зер тәті... «Көктем Grand» қонақ үйі­нің алдында тұр. Сенбесеңіз көрі­ңіз, әл-Фараби мен Достық даң­ғы­лы­ның қиылысында көзі­ңізге оттай басылады.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ, 
«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ

Суретті түсірген автор