Әкім Тарази. Мен кейіпкеріме айналамын

Бір шығарманы жазып біткеннен кейін «енді жазбаймын» деп жүремін. Өмір болғаннан кейін әртүрлі нәрсені көресің, біреумен дидарласып, біреуге ренжисің. Өзің үшін жаңалық ашып қуанасың. 

Егемен Қазақстан
17.11.2017 3818
2

Осының бәрі жиналып жүріп, тағы бір дүние жазуға мәжбүрлейді. Шығарманы бастағанда бірден қалай болып шығатынын білмейсің. Маған тақырыптан бұрын, сюжет келеді. Көбіне өзіңнің, жақыныңның, досыңның басынан кешкен жағдай. Жазбауға болмайтын халге душар болғанда, қолыма қалам аламын. Мақсатым жазып жария ету емес, маза бермей жүрген дүниеден «құтылу».  

Жеті том проза, бір том пьеса жаздым. Сонда маған қиын соққаны – пьеса жазу. Көңілімді толқытқан, жүрегіме әсер еткен жағдайларды үнемі күнделігіме жазып жүремін. Соның бәрі болмаса да, көбі жазғанда көмек болады. Жұмыс бастағанда өзім­ді өзім қолға аламын. Тәуекел етпес­ең, жазылмай қалады. Үй­дің бар шаруасын жарыма тапсы­рып, ойға алған дүниемді аяқ­тағанша қозғалмаймын. Әдемі сөз іздеп, тіркес қуып, ұзақ сөй­лем жазғанды ұнатпаймын. Оқи­ғаны көріп отырып, соны суреттеп, толғаныстарымды жазамын. Ке­йіп­керлеріме айналып, жақсы бол­са жақсысының, жаман болса жа­ман­ының жан дүниесіне кіремін. 

Прототипі Талғат Бигелдинов болған шығармамды жазғанда қатты қиналдым. Өйткені Кеңес Одағының Батыры, көзі тірі қаһарман туралы жазу оңай емес еді. Өзім соғысты көрген жоқ­пын. Бір уақыттарда ол Жазу­­шылар одағының шығар­ма­шылық үйіне директор болып келді. Сонда жатыр едім, Талғат Бигелдинов келіп өзімен бірге алып кетті. Нарынқол жақта, таудың етегінде бал арасын ұс­тайды екен. Сонда үш күн жат­­тық. Ұзақ әңгімелесеміз. Кеш­­ке келгенде Талғат ағаның айт­қан­дарын күнделігіме жазып қоя­мын. Кейін Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасындағы тағы бір демалыс орнында бір апта бірге болдық. Онда да Тал­ғат аға – айтушы, мен – тың­­даушы. Әдеттегідей кешке күн­делігіме жабыса кетемін. 

Бес-алты айдан кейін осыны неге жазбасқа деген ой келді. Талғат Бигелдиновке айт­сам: «Сен осыны жазу үшін айттым ғой», деді күліп. Сонда маған әсер еткен бір сюжет болды. Фашистер бір орыс әйелін ара­мен кесіп, қинап өлтіріпті. Батыр ағамыз соны көргенде немістерге өшігіп, көктен оқ жау­дырған. Және тез өліп қал­ма­сын деп, қиналатындай еткен. Адам қатты кектенсе жаман ғой. Осы оқиғаны естігеннен соң бес-алты күн ұйықтай а­л­май, қо­лы­ма қалам алдым. Кей­де осын­дай оқиғалар да жазуға итермелейді. 

Жазуда уақыт таңдамаймын. Дайын болсам күндіз де, түнде де жазамын. Бірақ ешқашан дайындықсыз жұмысқа кіріскен емеспін. Әбден қиналып барып жазуға отырамын.

Кейде Қалихан Ысқақ, Са­йын Мұратбеков, Рамазан Тоқ­таров, Амантай Сатаев сияқ­ты достарымның әңгімесін тың­даймын. Олар жаңа жазған шығармаларын оқуға береді. Талқылаймыз, айтысамыз, тартысамыз. Қызылкеңірдек болып жатамыз. Бірақ көңілімізде дұшпандық болмайтын. Есесіне сол айтысымыздың көмегі тиеді. Жазушы адамға сондай «тал­қылаулар» да әсер етеді. 

Мәскеуде оқығанымда Тәкен Әлімқұловпен көрші тұрдым. Ылғи мені ертіп әкететін. Шы­ғар­ма жазарда қатты күйі­нетін. (Соқ­пақбаев болса, жазып жүргенде ешкіммен хабарлас­пайтын ғой).

Тәкен ат бәйгесін жақсы көретін, ипподромға алып баратын. Көңіл күйі жақсы бол­са, менің қасында екенімді ұмытып, ән айтатын. Кейде ер­тіп алып, қайтарда «соңымда қал» деп, өзі жалғыз ыңылдап кетіп бара жатар еді. Мен оған өкпелемеймін. Сырын білемін. Бірдеңе жазарда, толқуы солай. «Маған үш күн жолама, жазып біткен соң өзім тауып аламын» дейтін. Бір күні ысқырып тұрады, қайта бәйге көруге барамыз. Ақша тігіп, қай аттың бұрын, қайсының кейін келеріне бәстесіп жататын. Кейде ұтып, кейде ұтылатын еді. Соның бәрі жазушы үшін материал деп түсінемін.

Жас кезімнен тәртіптің адамы болғандықтан, жазушы болуға бел буғанда да қалып­тасқан дағ­дымнан айны­ған жоқ­пын. Жазу­шы болуға ниет ет­кен жас оқуда да, жазуда да ең­бек пен тәртіпті бір жүйе­ге кел­тіргені дұрыс. 

Әкім Тарази,

Жазушы-драматург,

ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу