Аймақтар • 17 Қараша, 2017

ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақтан облысында 2017 жылғы 1 қазан айындағы көрсеткіш бойынша облыс халқының саны 2 914 054 адамды құрады. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,2 пайызға артқан. Нәтижесінде республика бойынша біздің облыс бала туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1-орында. 

ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді

Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің бастығы Айдар Әбілдабеков мәлім етті.

Оның айтуынша, облыста 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларын есепке алғанда халықтың табиғи өсімі 47 917 адамды құраған. Бұл өткен жылға қарағанда 10,3 пайызға көбейіп отыр. 

«Ағымдағы жылдың тоғыз айында облыс көлемінде бала туу көрсеткіші 59 061-ді құрап республика көлемінде алғашқы орынды еншіледі.  Ал құрылған отбасыларға келсек, биыл қыркүйек айына дейін 15 мыңнан астам жұп некеге тұрған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4 пайызға кеміп отыр», - деді Айдар Ахметбекұлы

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша көші-қонмен облысқа келген халықтың саны 19 800 адамды құраған. Сонымен қатар, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өңірге Қазақстанның басқа облыстарынан келгендердің саны 2 есеге көбейсе, ТМД елдерінен келгендердің саны 21,9 пайызға өсіп отыр. Ал облыс ішіндегі көші-қон 78 514 адамды құрады. Сондай-ақ, облыстан қоныс аударғандардың саны 32 мыңнан асқан.