Білім • 22 Қараша, 2017

Кітапханаға жиі келетін оқушы озық болады

5875 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

ХХІ ғасыр – руханият, мә­дениет һәм ақпарат ғасыры.

Кітапханаға жиі келетін оқушы озық болады

Кітапқа әсте қастерлі деп 
қараймын,
Кітап – көзі, ақыл-ойдың, 
арайдың. 
Болмаса егер ішінде бір
кітабы, 
Құны қанша алтындаған 
сарайдың?
Шын мәнінде дүниеде кі­тап пен кітапхана болмаса, адамдар рухани білімін үнемі жетілдіріп отырмаса, мына өмірде тоғышарлық орнап, адам­заттың сауатсыздануы, адами құлдырауы басталған бо­лар еді. Өйткені кітапхана – мәңгілік пара­саттың киелі ғимараты бол­са, кітапханашы сол ғима­раттағы рухани қа­зынаның шы­рақшысы әрі­ ақыл-ой әле­міне жол сілтеу­ші іс­петті. 

ХХІ ғасыр – руханият, мә­дениет һәм ақпарат ғасыры. Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, рухани тынысымыздың өзек­ті мәселелерінің бірі – к­і­тап­хана. Сондықтан біз­­дің­ мақсатымыз оқу­шы­лар­­­дың кітапқа деген тілегі мен­ сұ­ранысын қанағат­тан­­ды­руды күн­нен-күнге жақ­­сарта бе­ру болмақ. Жас ұр­пақты тәр­­биелеуде кітап­хананың орны ерекше. Бүгінгі шәкірт­тер ертеңгі ел тұтқасы. Бола­шақ мамандардың заман та­лабына сай тұлға болып қалыптасуына қажетті ресурсты кітапханадан табасыз. Қазіргі заманауи техноло­гиялардың қарыштап дамы­ған заманында кітапхананың назар­дан тыс қалмай, әр­дайым оқырманға мінсіз қыз­мет етуі, кітапқа, мер­зім­ді басылымдарға қызығу­шы­лығын арттыруы, әлем әде­биеті мен мәдениетін насихаттауы, Отанымыздың тарихын, мәдени мұра­сын, салт-дәстүрін, зия­лы­ларының өмірі мен шығар­машылығымен таныстыруы және білім мен тәрбиенің сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. 

Жасөспірімнің кітап­қа де­­ген құрметі мен сүйіс­пен­­­шілігін қалыптас­ты­ру – кі­тапханашының не­гіз­гі мін­­деті. Мектеп кітапха­на­сында осы бағытта біршама жұмыс атқарылып келеді. Кітаптар, мерзімді баспасөз мақалаларының картотекасы енгізіліп, оқытушылар мен оқушылар картотеканы тиімді пайдалана бастады. «Бір ел – бір кітап» атты акция аясында қазақтың ақиықтары Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаевтарға арналған әдеби-сазды кештер өтті. Ин­тер­активті тақтаны пайдаланып өткізген «Сөз маржаны» сайысы оқушылардың тіл байлығын дамытуға, сөздік қорын пайдалана білуге, өзін көпшілік алдында ұс­тау­ға, сөйлеу мәдениетіне үй­ретеді. Оқушылар түрлі іс-шараларға көмек көрсетіп, кітапханалық бюллетень шы­ғаруға, кітапт­арды өң­деуге қатысады. 

Жал­пы, жас ұрпақтың бойын­да па­триоттық, әділ­дік, ба­уыр­малдық қасиет­тер­ді қалып­тастыруда кітап­хана­ның ма­ңызы өте зор. Оқу­шы­лар­ды тәрбиелеу кі­тап­хана боса­ғасын аттағаннан басталады. Со­нымен қоса кітап­ха­наның ішкі безендірілуі талап пен талғамға сай бол-уын қам­­­тамасыз етіп, оқу­шы кі­­­тапхана бөлмесіне кір­генде мәдени орталық еке­нін сезінуіне баса мән бе­реміз. Кітапханаға жиі келіп тұратын оқушылармен пікірлесе отырып, олардың басқа балаларға қарағанда ерекшелігі бар екенін байқай бастайсыз. Оқушылар түр­­лі шаралар­ға белсене қа­тысып, өздерінің қазақ ті­лі мен әдебиеті, тарих, кітапхана ісі және биб­лио­графиядан білімдерін көр­сетеді. Осы арқылы олар­ды кітапқұмарлыққа, сауат­тылыққа, дүниетанымын кеңейтуге, сөздік қорын мо­лай­туға баулимыз. 

Бүгінгі мақ­сат – дамыған елдермен терезе теңестіру. Бұл төл та­ри­хымыз бен әде­биетіміз арқылы жемісті бола бермек. Сол себепті оқу­­дан қол үзбейтін оқыр­ман­дарды кө­бей­тіп, оқу-тәр­бие жұмысы оң болуы­на үз­діксіз еңбек ете­міз. Жа­ңалыққа жаны құмар жас­өс­пірім бойына ақпарат ай­дынында адастырмайтын ақ­параттық мәдениетті сіңіру үшін айналасына арнайы дағды, машық дәнін себетін ақпараттық ортаны құратын мектеп кітапханасы екенін естен шығармау керек. 

Кітап оқу – өнер, рухани жаңғыру кепілі. Кі­тапсыз ешкімнің де алға баса алмасын көріп отырмыз. Оқырманды зерттеу, оқыр­мандар талабымен санасу – біздің жұмысымыздың не­гізгі бағыттарының бірі. Кітап ел мен елді жақындас­тырар, түсінікке бастар рухани дүниеге негіз қалайды. Ақ­па­рат пен білім кітап әле­міндегі шегі жоқ ұлы көш деуге болады. Ұстаздар мен оқу­шылардың сапалы­ білім алуының кепілі ретін­де білім мен ақпаратты беру және іздестірумен қамтама­сыз ету, рухани байыту – кі­тап­ха­наның төл ісі. Бүгінде мек­­теп кітапханасы білім оша­ғының өркендеуі мен қалыптасуы және балалар мен жасөспірімдерге тәрбие бе­руінде үлкен демеу болып келеді. Кітап сананы нұрға бөлейді. Сондықтан кітапқа қызықтыру – кең дү­ниетанымға қызықтыру. 

Кітапханадағы «Мәдени мұ­ра» бағдарламасы аясын­да­ғы «Жылдың ең үз­дік кіта­бы» сайысы, респуб­ли­калық «Бір ел – бір кітап» ак­ция­сы сияқты көптеген шара­лар оқушылардың оқу, ойлау, сөйлеу мәдениетін қалып­тас­тыруда зор маңызға ие.­ «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­­масы бойынша сынып жетекшілері қалада­ғы бірқатар мәдени орталық­тармен бірлесе жұмыс жүр­гізуде. Қазірдің өзінде оқу­шы­лардың кітапқа деген көзқарасы өзгеріп келеді. 

Рауза БҮЛКЕНОВА, 
Қ.Бекхожин атындағы №12 жалпы білім беретін 
орта мектептің кітапханашысы

ПАВЛОДАР