Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі қалай шешілуде?

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында парламенттік тыңдау өтті.

Егемен Қазақстан
27.11.2017 1814
2

Нақты жоспар, тиянақты іс керек

Шараға Мәжіліс Төрағасы Нұр­лан Нығматулин мен Пре­мьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы ми­нис­трі Асқар Мырзахметов, Инвес­тициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Қаржы ми­нистрі Бақыт Сұлтанов қатысты. Жиын­да сумен жабдықтау және су тарту жүйесіне байланысты та­қырыптық баяндамалар тың­далды.

Алқалы жиынды ашқан Мә­жі­ліс Төрағасы Н.Нығматулин Ел­басы саясатының және стра­тегиялық мақсаттарының арқа­сында Қазақстанның жоғары табыстарға жеткенін, барлық салада көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылғанын атап өтті. «Осы салада «Таза ауыз су», «Ақ бұлақ» сияқты бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар қазіргі уақытта «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жалғасын табуда. Оны заңдық тұрғыдан қолдау үшін Мәжілісте көптеген шаралар атқарылып келеді. Депутаттар тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жасап, бюджеттен қосымша қаражат бөлуге де ерекше ықпал етуде. Нәтижесінде, ауыз су мәселесін шешуге мем­лекет­тен жыл сайын қажетті қар­жы бөлініп отыр. Ендігі мәсе­ле оны тиімді пайдалану. Ал ол үшін барлық жұмыстарды дұ­рыс ұйымдастырып, суды пайда­ланудың жаңа технологияларын енгізу қажет. Осыған орай, жер асты суларын пайдалануға қатысты нақты жоспар жасап, ауылдарда жаңа су құрылыстарын қолға алу керек. Осының барлығы ауыз су мәселесін толықтай шешуге мүмкіндік береді», деді Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен қатар Н.Нығ­ма­ту­лин елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде орын алып отырған олқылықтарға да тоқ­талды. Әсіресе, су құрылғылары ны­сандарын орнатуда біріз­ділік пен елді мекендерде су инфрақұрылымдарын тартуда бірыңғай оператордың жоқ­тығына баса назар аударды.

«Біріншіден, бүгінгі күні сумен жабдықтау нысанын салу және пайдалануға беру бары­сында жүйелі әдістер жоқ. Қазіргі уақытта топтық су құ­быры салынғаннан кейін ауылі­шілік желілердің дайын бол­мауынан елді мекенге су беруге мүм­кін­шілік болмайтын жағдайларды көріп отырмыз. Мұның барлығы бюд­жет қаражатын тиімсіз пайда­лануға, сонымен бірге елді ме­кенді сапалы ауыз сумен қам­тамасыз ете алмауға әкеледі. Оған елді мекенді сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын салу және пайдалануға беру бо­йынша бірыңғай оператордың жоқтығы себеп болуда», деген Мәжіліс Төрағасы нысандардың құрылысы аяқталғаннан кейін олардың пайдалану мәселесі де өзекті болып отырғанын жеткізді. «Бүгінде сумен жабдықтау жүйесінде материалдық құрал-жабдықпен және кадрлық әлеуетпен қамтамасыз етілген қызмет көрсетуші кәсіпорындар аудан орталықтарында ғана бар. Ауылдар мен елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйесі ауыл әкімдерінің қарамағына берілген. Ал олар қажетті құрал-жабдықпен де, мамандармен де қамтамасыз ете алмай отыр. Соның салдарынан сумен жабдықтау жүйелерінде апат жиі орын алып, желілер мен құрал-жабдықтардың істен шығуы, су берудің тоқтатылуы әркез қайталанып жатады», деді Н.Нығматулин.

Қалай болғанда да халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттігін алға тартқан Мәжіліс Төрағасы су тарифіне қатысты мәселеге де назар аударды. «Тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейі маңызды талаптардың бірі. Әрине, бұл ретте біздің су ресурс­тарымызды тиімді пайдалануда да үлкен мәселелер бар. Еліміздің өңірлерінде тарифтеу және өзге құралдар арқылы қол жеткізудің айқын мысалдары бар. Мынадай ұстаным енгізілуі тиіс: тұтынушы алған қызметіне әділ баға төлеген кезде ол сәйкесінше лайықты қызмет алуы қажет», деген Нұрлан Зайроллаұлы мұндай талаптардың барлығын жүзеге асыру тиісті деңгейде қоғамдық мониторинг болғанда ғана жүзеге асырылатындығын айтты.

Шешімін табу ұсынылды

Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы минис­трі Асқар Мырзахметов елді ауыз сумен қамтудың түйін­дерін тар­қатудың тетіктеріне тоқтал­ды. Оның айтуынша, ха­лық­тың 87 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілгенімен, 2 мил­лионнан астам адам үшін таза су қолжетімсіз күйде қалған. «Мәселен бүгінгі күні респуб­ли­кадағы 6 601 елді мекеннің 4 034-і орталық­тан­дырылған су жүйесімен қамтамасыз етілмеген. Оларда 2,7 млн адам тұрып жатыр. Оның 1 462-сі жаңа құрылысты, 1 104-і жаңғыртуды талап етеді. Аталған 1 104 елді мекенде су тәулігіне 12 сағаттан аз беріледі. Жалпы осы 2,7 млн адамды толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету үшін осы күнгі қаржыландыру көлемін сақтап қалғанның өзінде проблеманы шешу 2027 жылы ғана мүмкін болмақ. Ал жылдық қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін жеткізгенде 2025 жылға қарай шешуге болар еді. Өйткені оның жиындық сомасы 717 млрд теңгені құрайды», деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар Ауыл шаруа­шы­лығы министрі елді мекен­дер­дегі барлық су құбырлары желісін салу және жаңғырту барысында су таратумен айналысатын барлық мекемелерді бірыңғай оператор ретінде айқындау қажеттігін де айтты. Бұл ең біріншіден, жұмыстардың жалпы құнын 717 млрд теңгеден 536 млрд теңгеге азайтуға, екіншіден, жобаның жүзеге асырылу мерзімін жыл сайын жоспарланып отырған қар­жыландыру көлемі сақталған жағ­дайда 2022 жылдың соңына дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Тыңдау барысында Инвес­ти­циялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қоғамның суға деген көзқарасын өзгерту қажет деп санайтындығын білдірді. Оның пікірінше, суға деген әлеуметтік қатынас тұтынушылық пен ауыз судың экономикалық құны арасындағы сәйкессіздікке әкелген. «Бұл қоғамдық санада су құнының түсіп кетуіне себеп болды», деді ол.

Органдар арасында өзара үйлесім жоқ

Сонымен қатар министрлік тарапынан мамандар мәселесі маңызды аспектілердің бірі екендігі айтылды. Оның айтуынша, бүгінде коммуналдық шаруашылық саласында ресурс­ты және энергияны үнемдейтін заманауи технологияларды қолданып, жұмыс істей алатын білікті мамандар жетіспейді екен. «Мысалы 2016-2017 оқу жылында «Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін тазарту» мамандығы бойынша 75 грант бөлінсе, «Сумен жабдықтау және су тарту» мамандығы бойынша грант бөлінбеген. Біз жаңарту мен жаңа инфрақұрылым салуды инвестициялаудан бөлек, су арнасы мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламаларын жүзеге асыру қажет деп есептейміз», деді Ж.Қасымбек.

Су мәселесін сөз еткен парламенттік тыңдау барысында депутаттар тарапынан Үкімет мүшелерінің атына бірқатар мәселелер қойылды. Мәжіліс депутаты Сәкен Өтебаев ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы қызметтердің шашыраңқылығы проблемаға айналып отырғанын айтты. «Соның салдарынан жобаларды жүзеге асыру барысында өкілетті органдардың арасында үйлесімділік жоқ. Айталық, жер үсті су көздері мен топтың су таратқыштарға Ауыл шаруашылығы министрлігі, ал жер асты су көздері мен елді мекен­дерді сумен жабдықтау жүйе­сін дамытуға Инвестициялар және даму министрлігі жауап бе­реді. Бұған қоса, жоспарлау, салу және одан пайдалану жергі­лікті атқарушы органдардың құзы­ре­тінде қалып отыр», деді депутат.

Осылайша, парламенттік тыңдау барысында депутаттар халықты сапалы ауыз сумен одан әрі қамтамасыз етудің проб­лемалары мен оны шешудің жолдарын сөз етті. Тақырыптық талқылау барысында В.Божко, Н.Сабильянов, С.Ахметов, Қ.Қаре­кен, О.Өксікбаев, Ж.Ах­мет­беков, А.Құрманова сынды ха­лық қалаулылары өңірлер­дегі өзекті мәселелерді сөз етіп, тіршілік көзіне қатысты түйін­нің тарқатылу тетіктерін көтер­ді. Ал айтылған ұсыныс, пікір­лер­дің барлығы да тиісті мүдделі мекемелердің жобалық құжат­тарында көрініс табатын болады.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.11.2018

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

12.11.2018

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау өтеді

12.11.2018

Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылады

12.11.2018

«Түркілердің атасына» көрсетілген құрмет

12.11.2018

Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі

12.11.2018

Румынияда қазақ киносының фестивалі өтті

12.11.2018

Атырау облысында 1720 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтереді

12.11.2018

Атырауда «1st Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы өтті

12.11.2018

Парижде үш жылға созылған төрелік дау Қазақстанның пайдасына шешілді

12.11.2018

Ақтөбелік қыз Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне қатысады

12.11.2018

Ыстамбұлда Д.Кәлетаев шетелдік қазақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді

12.11.2018

Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді

12.11.2018

Алматы әкімі қаланың қыс маусымына дайындығын тексерді

12.11.2018

Парижде Трамп, Путин, Макрон және Меркель бірқатар мәселелерді талқылады

12.11.2018

Қазақстан Ауғанстан жөніндегі отырысқа қатысты

12.11.2018

Америкалықтар Қостанай облысына инвестиция салғысы келеді

12.11.2018

Қазақстандық ару Miss Asia Global титулын жеңіп алды

12.11.2018

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы бүгіннен бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді

12.11.2018

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогінде үздік төрттікке енді

12.11.2018

Калифорниядағы орман өрті: Парадайс қаласы жанып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы

Halyqaralyq bedel jáne syrtqy saıasat

Álemdik úrdister jyldamdap, halyqaralyq qatynastar shıeleniske túsken zamanda tıimdi syrtqy saıasatty iske asyra alǵan memleketter tabysty damıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу