11 Желтоқсан, 2017

Путин Сириядан Ресей әскерін шығармақ

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Президенті Владимир Путин Сириядағы Ресей әскері орналасқан Хмеймим әуе базасында болып, өз елінің әскерін Шам елінен шығару жөнінде бұйрық шығарды. 

«Қорғаныc министріне, Бас штабтың бастығына: Сириядан ресейлік әскери топты шығаруға кірісуді бұйырамын,» - деп мәлімдеді Ресей басшысы.

Путин бұл елге Сирия шиеленісі басталғалы алғаш рет келіп отыр. Әуе базада Сирия президенті Башар Асадпен, елінің қорғаныс министрі Сергей Шойгумен және ресейлік әскери топтың қолбасшысымен кездесті.

«Сіздер отанға, жақындарыңызға, ата-аналарыңызға, жұбайларыңызға, бала-шағаларыңызға, достарыңызға жеңіспен оралмақсыздар,» деді Путин.

 

Ресей президенті нақтылағандай, әскери контингент түгелдей шығарылмайды, елге әскери топтың негізгі бөлігі оралады. Хмеймимдегі әуе база және Тартустағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету порты жұмысын жалғастырмақ.