Жақсылық Үшкемпіров: 15 жыл күрестім, 20 жыл кәсіпкермін

15 жыл күрестім, 20 жыл кәсіпкермін – 35 жыл тек сабыр мен шыдамды серік еттім – дейді Олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ

Егемен Қазақстан
12.12.2017 11707
2 Суретті түсірген: Нұрманбет ҚИЗАТҰЛЫ

– Жаздың күні маған бір бақ­уат қытай азаматы келді. Үш­қо­ңырдағы жайлауда үш мың бұ­қам жайылып жүрген. Елден «Кіл қоңды бұқасы бар» деп ес­тіген екен, әлгі кісінің басы айналып кетіпті, бірден: «Бәрін сат, Қы­тай­ға қазір алып кетемін», деп қол­қа­лады. Тірідей салмағы бойын­ша килограмына 3 мың теңгеден төле­мек. Ал керек болса, әжептәуір ақ­­ша! Мен бірден былай дедім: «Көп қиыншылық көрдім, осы үш мың бұқа үшін мен қаншама тер төктім, ең болмаса қызығын кө­ре­йін. Алдымен елімді етпен қам­тамасыз етейін. Сондықтан да сата алмаймын. Бұл ет әрі өте таза. Қазір бұдан басқа 5000 сиыр Бақанастың құмында жайылып жүр». Одан да деп алдым да, оған ұсыныс жасадым, екеуміз кәсіби тұрғыда одақтасайық, мендегі қа­зіргі мал басын 20-30 мыңға дейін жеткізейік. Өз тарапымнан Үкі­меттен тағы да 30 мың гектар жер сұрайын, 50 мың гектарға екеу­міз болашақта санын еселеп кө­бейткен әлгі 20 мың сиыр­ды бірігіп асырайық. Содан соң ғана сіздерге асықпай ет жібере бастаймыз дедім.

– Шетелдік әріптесіңіз бұған иланды ма?

– Ол: «Жоқ, ірі қара малының еті маған қазір керек еді», дей­ді. Тіпті асығыс. Мен: «Жоқ, са­­­та алмаймын», дедім. Менің қа­зір­гі мақсатым, малдың басын кө­бейту екенін түсіндірдім. Ол да,­ мен де бір-бірімізді ұғындық. Әң­гімеміз осы жерден үзілді. Жылы қоштасып, шығарып салдым. Де­­генмен, ойланып қалдым. Әр­ сиырдың тірідей салмағын есеп­­тегенде бір қилограмына 3500 теңгеге дейін беремін дейді, көр­діңіз бе?! Біздегі базар бағасы 1500 теңге, енді осыған қарап саралай беріңіз...

– Осы орайда бір сауал туын­дайды: қазір бізге инеден бас­тап, ине тәрізді тіс шұқитын шыбыққа дейін көр­шілерден әкеліп жатырмыз. Сөре толды. Темір-терсектен жа­салған бұйым-жабдықтарды айт­пай-ақ қояйық, қыбырлаған сан түрлі техникаға дейін қат емес. Бұған қарағанда сіздің 3000 ірі­ қараңыз бұйым ба, көршілер бір мезетте бәрін сыпырған күйі са­тып алып кетсе қайтесіз?

– Экспорт деген бар емес пе, ол қанатын жайса, біздің еліміздің өскендігі, елдің қорына қаражат құйылады. Бірақ, ол үшін біз алдын ала мал басын мейлінше көбей­тіп алуымыз керек қой. Сонда ға­на бәсекелеспен иық тіресіп сөй­ле­се­міз.

– Ендеше бұл арада шошитын жайымыз жоқ қой?

– Біздің Алматы облысында мен сияқты 3000-нан әрі қарай ірі қа­ра мал басын ұстап отырған бес-алты фермер бар. Олар бар малын бір күнде сата салмайды. Ал әр ауылдың әр үйі бір сиыр, көп болса екі сиыр, бұзау ұстайды. Шетелдік әріптесім ерінбей ауыл араласа­ барлығы жиналғанда қолдағы мың­ қаралы сиырды мүйізінен сүй­реп алып кете ме деп қорқамын. Кило­грамына 3,5-5 мың теңге беремін десе, кім шыдап тұрар дейсіз?! Ба­зар бағасын жоғарыда айттым. Мұн­дай жағдайда ауыл адамы кел­ген қалталы қонаққа сиырын ноқтасымен жетектетіп жібереді ғой. Міне, мен содан, халықта – ауыл­да мал қалмай қала ма деп, со­дан қауіптенемін. Бірақ, кейде сол ауылдың өзінен жай күні барып мал сатып ала алмайсың, қазір жұрт­тың бәрі мал басын көбейтуге кіріскен, соның қамын жасап жатыр, ертеңгі күнін ойлайды.

– Жасыратын несі бар, қа­зір биологиялық препараттар­ ар­қылы мал қоңын лезде көте­ретін тәсіл дейміз бе, айла-әрекет дей­міз бе шықты. Мәселен, ше­тел­дік бизнесмен сізге келісімге отыр­ған соң сондай препараттарды кеңінен пайдаланып, мүйіз­ді ірі қараны демнің арасында етті қылып, былайша айт­қан­да, тұқымын бұзып жібереді деп ойламайсыз ба?

– Жоқ. Біз де адам баласы­мыз­ ғой. Мен ондайға жол бер­мей­мін. Өйткені менің ең бірін­ші жүрек қалауымен алған маман­дығымның өзі зоотехник. Малды күтіп-баптаудың жайын білеміз, қыры мен сырына бала кезден­ қа­нықпыз, ауылда өскеннің артық­шылығы сол. Мемлекет сіз айт­қан ол мәселені қалт жібермей ба­қылауда ұстап отыр, менің өзім Премьер-Министрдің, оның орын­­басарының аграрлық сала бойынша кеңесшісі қызметін атқардым, демек, маған ондай қат­қыл қадағалау жақсы таныс.

– Сіз қолдағы ұстап семірткен малыңызды қайда өткізесіз?

– Алматының «Алтын Орда» сау­да кешеніне алып келеміз. Ер­те бастан мәмілеге келген өз­ара келісімшартымыз бар. Сау­да­да асыл тұқымды мал еті тұр­ғандықтан да олар оны заң жүзінде қадағалап, міндетті тексеруден өткізіп алады. Өйткені менің өткізіп отырған малымның асыл тұқымды деген атауы бар, оған қойылатын мемлекеттік талаптар бар.

– Бүгінгі таңда сіздің иелігіңіз­де қанша мал басы бар?

– Қазір менің қарамағымда бес мың аналық ірі қара, үш мың бұқа, үш мыңдай жылқы тіркелген. Бәрі асыл тұқымды болғандықтан, сатып алушы оны құжаттарымен қоса қабылдайды.

– Пайдаланатын жер аумағы­ңыз қанша, егер құпия болмаса?

– Оның несі құпия, 20 мың гектар жерді пайдаланамын.

– Қанша адамға жұмыс тауып беріп отырсыз?

– Жұмысшы-қызметкерлердің жалпы саны 100-ден асады.

– Шетелдіктермен тәжірибе алмасу жайы қалай?

– Шетелге жиі шығамын. Мәсе­лен, Франция сапарын­ алайық­шы, біздің Шығыс Қазақстанның же­ріне ұқсастық байқадым. Бізде суық, ал оларда таулы жер, жылы. Сиырларын көрдім, біз секілді көп ұстамайды, ең көбі жүз бас қана. Үйренетін әдістері көп, ын­тымақтаса жұмыс істеп жатырмыз...

– Өзімізде бола тұра шетелден қоралап мал тасуға қалай қа­рай­сыз?

– Жо-ооқ, мен бұл іс-әрекетті он­ша жақтырмаймын. О бастан оған қарсы азаматтың бірімін. Мал тұқымын асылдандырудың толып жатқан басқа да жолдары бар. Маман ретінде айтайын, өзіміздің кәдімгі Алатаудың ақ бас сиыры, Әулиекөл сиыры, «Сантагер» тұқымы, т.б. жеткілікті емес пе?! Бұлар ыстық-суыққа да, тіпті ең ақыры шаңға да төзімді ірі қара саналады. Еті жағынан да, төзімділігі жағынан да шетелдік ірі қараның қай-қайсысын да он орап алмаса қолыңды әкел! Бірақ, тәжірибе алмасудың еш зияны жоқ.

– Алматыға Үндістан мен жер­дің арғы бетіндегі Уругвай­дан ет әкеледі, мұны қалай түсі­не­міз? Бізде шынымен де ет тап­шылығы болғаны ма?

– Жоқ. Ол жақта ет арзан.­ Мұ­­ның бәрі ылдым-жылдым биз­нес­мендердің тірлігі. Мұз қабыр­шақтарының арасында сақ­талып, әбден мыжғыланып ұрылған бұл ет мейрамханаларға түседі. Кә­дімгі қап-қара стейк, кәдімгі май­сыз езілген ет. Мейрамханаға ден­сау­лығын күтіп барған азаматтар сондай майсыз етті жейді. Таң­сық қой! Менің білуімше, ондай еттер ол жақтан килограмы небәрі 500-600 теңгеден сатып алынады.

– Жақсылық аға, есіктің алдында ентелеп 2018 жыл тұр. Соң­ғы жиырма жыл бойы фермер бола­мын деп малдың соңынан жүгірдіңіз. Айтыңызшы, көңілі­ңіз марқаятындай дәреже биігіне жете алдыңыз ба? Әлде әлі де осы­­лай жүгіре бересіз бе, шарша­май­­сыз ба?

– Әлі де жүгіре беремін. Шар­шамаймын. Айналайын-ау, менің төл мамандығымның өзі зоотехник-инженер емес пе еді?! Бұл да бір спорттың түрі. Динамикалық қозғалыс адамды шаршатпайды.

–Осы жылдар ішінде сіздің Олим­пиада чемпионы, әлем чемпионы деген атақтарыңыздың, беделіңіздің бизнеске қаншама көмегі тиді?

– Бүкіл халық сыйлайды. Рах­­мет. Шүкір. Елбасының өзі тәуел­сіз­діктен кейін туған қанша­ма спорт­шының алдында мені ашық­тан ашық бір бас жоғары қойып келеді. Халық тұңғыш Олим­пиада чемпионымыз деп ер­келе­теді. Осының бәрі қолға алған ісімнің берекет табуына себепші болды.

– Ғылыми атақ алу ойыңызда жоқ па?

– Ғылыми атақтың өзі далада­ғы, қорадағы, жайылымдағы тә­жі­ри­беден туындайтын дүние емес пе? Қазір аса білікті деген бір­неше ғылым докторы менің кеңес­шілерім...

– Халыққа биік мінберден, Пар­­ламент залынан ой тастасам, кеңес берсем деген мансап-ой бол­ған жоқ па?

– Ойбай-ау, менің өзім сол ха­лық­тың арасында жүрген жоқ­пын ба? Күнде біргеміз. Ойы, сө­зі, реніші мен қуанышын бір кісі­дей көріп келемін. Сондықтан да ондай бақыттан қол үзгім жоқ. Ма­ған кезінде ол тұр­ғысында ұсы­ныс түскен, саналы түр­де бас тарттым, себебі шынайы ор­тадан алшақтап қалмасам екен деймін. Екі жақты жұмыс істей алмаймын. Кеше ғана кәсіпкерлер алдында сөз сөйледім, алдыңғы күні Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мың студентпен кездестім, Ұлттық Олимпиада ко­ми­теті еш ұмытпайды, шақыра­ды, жас спортшыларға бата бере­мін, көрдіңіз бе?! Мұның сыртында далада малым тосып тұр... Бәріне уақыт табамын. Астана, Талдықорған, Алматы, Бақанас, міне, менің негізгі мар­шрутым, оның сыртында еліміздің әр бұры­шынан үзбей шақыру аламын...

– Елбасымен де кездесіп қа­лып жататын шығарсыз?

– Әрине, әрине... Сондай бір кезде­су үстінде мен Елбасына өз ұсы­нысымды айттым, елімізде мен сияқты 5 мың жігіт табылса, елі­міздегі шамамен алғанда рес­ми тіркелген 5 мың ауылды бәріміз жабылып көтеріп жіберсек қайтер еді? Сөйттім де, жиған тәжі­рибеммен бөлістім. «Иә, Жақ­сылық оның өте жөн екен... Әттең, ол да бір оңай шаруа болмай тұр ғой», деп Елбасы ойланып қалды. Қазақтың жерінен көктеп-көгеріп, өсіп-өніп, дүниесін шетелге шашып жүрген азаматтар туралы ойлады ма екен, білмеймін!? Расында да менің іс-әрекетім бір ауылдың төңірегінде ғана қанат жайған іс, ал ұлан-ғайыр Қазақстанның әр аумағындағы болып жатқан ұлан-асыр әрекеттерден мен хабарсызбын ғой. Ел басқару оңай дейсіз бе?

Мысалы, мен Алматы об­лы­сы­ның Мыңбаев ауылын өркен­де­темін деп шаруашылықтың бар­ қал­ған дүние-мүлкін қолыма ал­дым. Халқының саны ол кезде 2000-ға жетеғабыл еді. Қазір 5000 тұр­ғыны бар. Ауылға газ тарттым, ел­дің қуанышын көрсеңіз. Әсі­ресе, әйелдер қалай шаттанды десе­ңізші! Өз қаражатыммен спорт кешенін салдым, қазір онда 200 бала спорттың тоғыз түрімен айналысады, оның ішінде күрестің төрт түрі бар. Мұның сыртында фит­нес-клуб аштым, 100 орындық бала­бақша салынды, қолжетімді бағамен пәтер берілді. Жоғарыда айтқан 5 мың ауылды дәл осылай көтерсек деген, соған бастамашы болсам деген ниетім еді ғой.

– Сіздің несиеге деген көзқара­сыңызды білгім келеді. Кәсіпкер үшін мемлекеттен несие алудың қандай қиындықтары бар?

– Несие алудың ең қиын жері – құ­жатта, өз басым өзгедей қиын­дыққа тап келмедім. Ақша алу үшін алдымен бірқатар құжат жи­на­уың қажет, ал ақшаны бергеннен кейін де үкімет артыңнан қал­май тықақтап оның жайын тексеріп отырады. Бәріне құжатпен жа­уап беруге тиістісің. Менің бү­гінгі таңда көзімнің жеткені – біз­дің көпшілігіміз қарапайым ға­на қажетті құжаттарды қара­пайым түрде ғана толтырып тиісті мекеменің қолына тап-тұйнақтай етіп табыстай алмаймыз, ерін­шектігіміз ұстайды, әлі де болса немқұрайдылығымыз басым. Мәселен, мен белгілі бір соманы алу үшін банктің соңынан 2 жыл жүгірдім, қаншама білімімді сарп еттім. Бірақ, бәрібір өзіміздің ор­тадан тыс ешкімге жалынбадым, ешкімнен көмек сұрамадым. Жанымда қаншама білімді азамат жұмыс істейді, солардың бәрі атсалысты, ақыры 2 жылдан кейін несие ақша қолыма тиді. Қазір «Агрокредит» компаниясына рахметтен басқа айтарым жоқ. «Сіздер осы мерзім ішінде мені өте көп жайтқа үйреттіңіздер», деймін оларға шын жүрегіммен ризашылығымды білдіріп.

– Атақты спортшы болсам деген ой қай кезден пайда бола бастады?

– Шынымды айтсам, әуелде ондай ой менде мүлдем болған жоқ. Жай ғана балалық арманның құшағында жүрдік. Кейін Кеңес Одағының чемпиондары Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев сынды баһадүр балуан ағаларымыздың жетістіктерін көрген соң, өзіміз­дің спорт жарыстарындағы жеңіс­терімізді саралай бастаған соң ғана тәтті ой құшағында қалатынбыз...

– Әдемі әңгімеңіз үшін рахмет,­ Жақсылық аға! Жеңісті де же­місті жолдарыңыз лайым жақ­сы­лықпен жалғаса берсін!

Әңгімелескен

Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

24.09.2018

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

24.09.2018

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады

24.09.2018

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

24.09.2018

Солтүстік Қазақстанда Жансүгір батырға еңселі кесене тұрғызылды

24.09.2018

Музей қызметкерлеріне үстемеақы төленгені жөн

24.09.2018

Жергілікті ерекшеліктер ескерілсе игі

24.09.2018

Қайрат «қаһарына» мінді

24.09.2018

Илон Масктың SpaceX компаниясы алғашқы жолаушының есімін жариялады

24.09.2018

Өзен арнасын бекіту – кезек күттірмейтін мәселе

24.09.2018

Медициналық көмек сапасы артады

24.09.2018

Атты әскер дивизиясының тағдыры

24.09.2018

Ұлттық рухтың ұстыны

24.09.2018

ШҚМТУ – ғылыми зерттеулер мен заманауи технологиялар орталығы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Мирас (13.12.2017 12:27:33)

Осындай, қазақтың мәрт азаматтары көп болсын! Алла тағала қолдау беріп, ауылымыз көркейе берсін! Ауыл көркейсе, ел де көркейетіні анық!

Пікір қосу