Тәтті тапсырыс немесе ішкі нарықты қантпен толық қамту мүмкін бе?

Ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырған тұста алдымен ішкі нарықты қамтитын өнімдерді өндіру мен өңдеуге қатысты жұмыстарға ерекше маңыз беруіміз керек. Бұл агросаланың Отан эконо­ми­касындағы драйверге айналуы­на жол ашып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады. 

Егемен Қазақстан
04.01.2018 25887
2

Ал дәл қазіргі жағдайда ішкі нарықтағы сұраныс пен өндірістің үлесі арасындағы алшақтық жер мен көктей. Осы себепті тұтынушының шетел өніміне тәуелділігі күшейіп, да­йын тауарға төленген миллиардтаған қаражат сыртқы экономикаға қызмет етуде. Соның бір мысалын Қазақстан нарығындағы аса қомақты қаржы айналымын құрайтын қант өнімдеріне деген сұраныстан байқауға болады. 

Анығында, адамзаттың тәттіге тәуелділігі қант өндірісінің қарыштап өркендеуіне берілген кепілдік қана емес, табыс қоймасының алтын кілті іспетті. Мұны ертеден сезген алпа­уыт елдер ауыл шаруашылығын дамытудың озық тәсілдеріне жүгінген кезде, алдымен қант қызылшасы мен қамысын өсіруге ерекше маңыз береді екен. Өйткені әлемде таза, ақталған қантқа сұраныс ешқашан кеміген емес, керісінше жыл сайын артып келеді. Шайына шекер салмай ішпейтін адамның санын былай қойғанда, азық-түлік өндірісінде қант пен қант қоспаларынсыз да­йындалатын өнім жоқ десе де болады. Айтпақшы, өтімділігі мен таза пайдасы жөнінен тәтті ұнтақ көлеңкелі экономикада есірткі айналымынан кейінгі орында тұр деген бейресми мәлімет бар.

Мұны неге айтып отырмыз? Айналамыздағы әлем ең алдымен азық-түлік өнімдерімен ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге тырысып, артылғанымен сыртқы нарықты жаулап алуға ұмтылуда. Шаруашылығы мен өндірісі қалыптасқан мемлекеттер үшін бұл қалыпты жағдай, ал Қазақстан сияқты дамушы ел үшін ішкі өндірістің қалыпты жұмыс істеп, тұтыну нарығын толықтай қамтамасыз етуге әрекет жасауы екі есе тәуекел мен қосымша шығын әкелетіні анық. Бірақ қиындықтарға қарамастан өзіміздің шаруашылық пен өндірісті дамытуға міндеттіміз. Бұл – ел экономикасының өзегі. Әрине мұнай сатуға негізделген ұстанымнан әлі де толық арылмай отырған кезеңде шығыны көп, жұмысы да аз емес ішкі өндірістің дамып кетуі туралы айту күлкілі шығар. Тек біз қинала отырып бас тартуға тура келген шикізат сатушы рөлінен дайын тауар иесіне айналу үрдісі тым ұзаққа созылып кетпеуі тиіс. Бұл мемлекеттің даму бағдарын айқындайтын стратегиялық міндет. Осы жайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ха­лық­қа арнаған «Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» Жолдауында «Аг­рар­лық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақ­станның агроөнеркәсіп кеше­нінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өнді­рушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсі­ресе, экологиялық таза тағамдарға қатыс­ты. «Made in Kazakhstan» бренді сон­дай өнімдердің эталоны болуға тиіс. Шикізат өндірісінен сапалы өңдел­­ген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарық­тар­да бәсекеге қабілетті бола аламыз...», деп шегелеп тұрып айтқан болатын.

Қант өндірісіне қатысты басталған сөзді індетейік. Бұл жердегі бізді қызықтыратыны – ішкі мүмкіндік. Жалпы, осы қант өндіру ісіне қатысты дүниежүзі елдерінің ұстанымы екіге жарылады. Яғни адамдар қандай жолмен алын­ған өнімді тұтынуы керек деген талас бар. Бұл даудың тек тұтынушы мүддесін көздеуден туғаны да күмәнді. Өйткені экономикасының бір пұш­пағы тек қант қамысы өндірісіне негіз­делген мемлекеттер ешқа­шан тәтті түбір өсіруші елге есе жібермейтіні анық. Мысалы, осыдан он ғасырдай бұрын қамыстан қант алуды жолға қойған Үндістан қазір Еуропа нарығын толықтай болмаса да, ішінара игеріп қойған. Оның үстіне қант қызылшасын өсі­ріп, баптау мен өңдеуге кете­тін шығын қамыстан қант айы­руға кететін шығынға қа­ра­­ған­да әлдеқайда жоғары. Сол себептен бе, әлемде өнді­ріле­тін қанттың 60 пайызын қамыс ұнтағы құрайды. Қалған 40 пайызы қант қызылшасын өсірушілердің үлесінде. Бірақ соған қарамастан, адамзат­­тың ақ түсті тәтті ұнтаққа, яғни қы­зыл­­шадан алынған өнімге аң­­сары ауып тұрады екен. Ен­дігі жерде біз адамзаттың осы «әлсіздігін» өз пайдамызға жарат­уға тиіспіз. Ауыл шаруа­шы­­лығының, оның ішінде қы­зыл­ша шаруашылығының нағыз күшіне мінетін шағы осы сәт. Тек бұған толық негіз бар деп сеніммен айта аламыз ба?

Иә, осы жерде ауыл шаруа­шы­­лығы саласының тек шикізат көзін дайындау­шы сектор екенін ұмытпауымыз керек. Демек, шаруаның табиғат төсінен теріп алған өнімін өңдеп, дайын тауар түрінде нарыққа ұсыну өндіріс саласының тікелей міндетіне жатады. Өкінішке қарай, бізде бұл жағы кенже дамып келеді. Көп жағдайда өнім бар да, өңдеуші жетіспей жататыны жасырын емес. Қант қызылшасын өсіруге қатысты да осылай деуге болады. Қазір еліміздің екі облысы ғана қызылша өсіруге шындап ден қойды. Соның бірегейі – Алматы облысы. Биыл еліміз бойынша жиып-терілген 508 мың тонна қант қызылшасының үлкен бөлігі осы облыстың шаруа­ларына тиесілі. Ал ай­мақ­та 2 қант зауыты жұмыс істеп тұр. Көксу ауданындағы қант зауытының тұрақты іске қ­осыл­ғанына 3 жылдай уақыт бол­ғанымен, өндіріс толық күші­не еніп үлгермей жатқанға ұқ­сайды. Ал биыл қайта іске қосылған Ақсу қант зауыты туралы әлдене деуге әлі ерте... 

Жақында Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі өсімдік шаруа­шылығы өнімін қайта өңдеу басқармасының басшысы Гүл­нәр Бижігітова диқан­дар үшін жа­ғымды жаңалық айтты. Оның негізгісі қант қызыл­шасын өсіруге қатысты бо­лып отыр. Үкімет 2021 жыл­ға қарай тәтті түбір егілетін алқаптардың аума­ғын ұлғайтып, 32 мың гек­тарға дейін жеткізуді көз­дейді. Үміт дүниесі болған­дықтан, «бұйырсыннан» басқа сөз айту ерте. Бірақ осы болжанған алқаптың әр гектарынан 350-370 центнер аралығында өнім жи­налса, ішкі сұраныстың 30 па­йызын Қазақстанда өнді­рілг­ен қантпен қамтуға мүм­кін­дік туады екен. Қазір бұл көрсет­­кіш 10 пайыз шамасында ғана. Мұнан бөлек, Үкімет қант қызыл­шасын өсірушілерді суб­си­дия­лауға көшті. 2021 жыл­ға қа­рай бұл қолдау сатылай көбе­йіп, жи­налған тәтті түбірдің әр тон­насы үшін төленетін қаржы қомақты бола түседі.

Жалпы, елімізде қант қы­зыл­­­­шасын егу дәстүрі үзіл­ген емес. Бұл – қазақ диқан-шаруа­ларының ерлікке пара-пар еңбе­гінің жемісі. Және қызылша танаптарының үлесі біртіндеп артып отырды. Үкіметтің бұл салаға 2015 жыл­дан бастап қана шындап назар аударғанын ескерсек, оған дейін агросектор тек жеңіл­детілген жанар-жағармайға ғана арқа сүйеп келгені анық. Еңбеккерлер­дің ерлігі дегенде осыны еске­ріп отырмыз. Демек, Үкімет қолдауы ауадай қажет және ол жұмысты жандандырады.

Айтпақшы, Еуразиялық эко­­но­­­микалық одақ аумағында қант тасы­мал­дауға байланысты келіспеуші­лік күшейіп тұр. Егер жақын күндері түйінді мәселе шешімін таппаса, жаңа жылдан бастап нарықтағы қант бағасы көтеріліп, бұл кон­­дитер өндірі­сі және алко­гольсыз сусын мен шырын шыға­ру­­шылардың да шаруасын шатқаяқтатуы әбден мүмкін. Даудың басы мынада екен: қазіргі күні Қазақ­станға сыртқы нарықтан тасымалданатын қант өнімдеріне кедендік баж салығы салынбайды. Және отан­дық тұтынушылардың сұ­ранысын қанағат­тандыру үшін сырттан тасымалданатын қант негізінен еліміздің қажеттілігі үшін қол­даны­лып отырса да, ЕАЭО-дағы әріптестер тарапынан түсі­ніспеушілік туғызуда. Әсі­р­есе Ресей мен Беларусь та­ра­пы­нан Қазақстанның қант тасы­малдаушыларына тек осы мемлекеттен ғана өнім сатып алу­ға қатысты қатаң талап бар. Ода­қ­тастардың ойынша, сырт­қы на­рықтан, әсіресе Еуропа мен мұхит жағалауы елдерінен импорт­та­латын қант Қазақстан арқылы ЕАЭО елдерінің нары­ғын арзан өніммен жаулап жат­қанға ұқсай­ды. Ал осы Ресей мен Бела­русь сыртқа шы­ға­ратын өз өнім­деріне 40 па­йызға жуық баж салы­ғын салып отыр. Бірақ біздің мама­н­д­ардың бұған қарсы уәжі бар. «Қазақстан кондитерлер қауым­­дастығы­ның» президенті Әли­хан Талғатбек­тің айтуынша, одақт­ас­тардың ұстанымы орынсыз. «Егер біз қантты ЕАЭО елдерінен ғана импорттайтын болсақ, онда оған 30 пайыздан 40 пайызға дейінгі мөлшерде кедендік баж салынады. Бұл да­йын өнім бағасының сәйкесінше көлемде өсуіне әкеліп соқпақ. Және біз тек Кеден одағынан ғана қант сатып алатын болсақ, онда ресей­лік-беларусьтық олиго­полия­­ның белгілейтін бағасына тәуел­­ді болып қаламыз. Мәселен, үсті­міздегі жылдың жазында Ресей­­де өндірілген қанттың баға­сы бір апта ішінде 50 теңгеге өсті, бұл біз­дегіден 30 пайызға жоғары. Дәл осы кезде қантты тасымалдау­да да қиындықтар туындады», дейді ол.

Демек, ел Үкіметінің алдында ауыл шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алудан бөлек екінші жауапты жұмыс – әріптес елдердің сауда-саттыққа қатысты басым саясаты­нан ішкі өндірісті қорғау міндеті де тұр­ғаны анық.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу