Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018

Талғам – таразы

513 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бірде әр жаңа буын өзінің әдеби сынын ала келуі керек деген едім, өйткені әр ұрпақ «өнерге өз өлшем­дерімен қарайды, өз талаптарын айтып, жаңа мақсат қояды». Талғам мен сәннің өзгеретінін ға­на айтқым келген жоқ. Тіпті одан да терең сыр жатыр. 

Талғам – таразы

Өткен күннің үздік шығармасын басқаша қабыл­дап, алдыңғы толқынға қарағанда көбі­рек басқалардың ықпа­лына ұры­натынын ескеріп отырмын. Қан­дай да бір ауқымды сыни мақа­ла «әдеби сын» деген ұғымды тү­бегейлі өзгертіп, мазмұнын байытады деп те айтпаймын. ХVI ғасырдан бері «білім» сөзінің мағынасының өзгеруіне жаңа пәндерді өзіне жинақтауы ғана емес, жалпы халыққа қарата көп айтыла бастауы да ықпал етті. Осыған ұқсас өзгерісті «әдеби сын» ұғымының эволюциясына қарап та байқар едік. Джонсонның «Ақындардың ғұмыр­намасы» сияқ­ты жауһар шығармасы мен бүгін­гі күннің сыны Кольридждің «Әдебиет биографиясы» еңбегін уақы­ты мен маңыздылығына қарап салыс­тырыңызшы. Джон­­сон­ның әдебиет дәстүрін ұстанатын кезеңнің соңғы өкілі болғанымен, ал Кольридж жаңа стильдің мықты жағын мақтап, әлсіз тұсын сынауымен ғана айырмашылық бітпейді. Мұндағы басты ұқсамайтын дүние Кольридждің поэзияға терең мән, кең мағына беруінде. Ол сынды философиямен, эстетикамен, психологиямен байланыстырды, бұл ғылымдар әдеби сынға дендеп енді. Одан кейінгі буын өздерінің қорқынышы мен тәуекеліне байланысты ғылым салаларын пайдаланды һәм пайдаланбады. Бүгінгі күні Джонсонды бағалау үшін тарихи пайым керек, есесіне Кольриджбен жаңа заман сыншысының ортақ тақырыбы көп-ақ. Бүгінгі сын Кольридждің мұрагері десек те болады, һәм бүгінге жетсе, өз заманындағыдай қоғамдық білімдерге қызығып, лингвистикамен, семиотикамен де шұғылданарына сенер едім. 

Осы ғылымдардың бірінің позициясымен әдебиетті зерттеу – біздің замандағы әдеби сынның өзгеруіне әкелген екі себептің бірі. Екінші себебі: белгілі. Ағылшын, Америка әде­биетін университеттерде тереңдеп оқытуға баса назар аударылды, тіпті, Америкадағы мектептерде сыншылар сабақ беретін, ал ұстаздар сын жазатын кезең пайда болды. Мұны жаман дей алмас едім: қазіргі қызықты сынның көбін сол кезде университетте оқыған әдебиетшілер немесе өзін сыншы ретінде алғаш мектепте сынап көрген ғалымдар жазып жүр. Бірен-сараны болмаса, біздің заманымызда журналдағы сын кәсіби сыншылар үшін ұзақ өмір сүрудің жолы емес және бұл қалыпты жағдай. Қазіргі сыншылар сонда бұрынғыларға қарағанда басқа әлемде, өзге аудиторияға жазып жүр ме? Менің ойымша салмақты сын азшылық үшін жазылады. ХIХ  ғасырмен салыстырғанда сол азшылықтың саны көп болмай-ақ қойсын.

...Егер әдеби сында тек конондарға, ұғымдарға жабысып алсақ, онда ерте ме, кеш пе, сын тек түсіндірме дәрежесіне құлайды. Тіпті, сын ешқашандай ғылым саласы болмаса да (болғанда емес), ғылымиланып кету қаупі бар. Бір жағынан, импрес­сионистік, субъективтік көзқарастарды да ас­қындырып алмауымыз керек. Онда біздің сынымыздың бос әңгі­ме мен зая сөзден айырмасы болмайды. Отыз үш жыл бұрын, осы импрес­сионистік сын маған ұнамай «Сынның мақсатын» жазған ем. Енді менің пікірімше біз таза түсіндірумен айналысатын сыннан сақтануымыз қажет. Соңғы отыз жыл ағылшын, америка әдеби сынында сәтті кезең болды деп ойлаймын. Артқа қарап, тіпті, тамаша ма деймін. Кім біледі?

Томас Стернз ЭЛИОТ

«Сын шекарасы»
мақаласынан, 1956 жыл

Аударған 
Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ